Біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 373 бабының 2 тармағына сәйкес Нұра аудандық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Салық комитеті жүргізген орташа күндік хронометраждық бақылаулар және талдаулар негізінде, эпизотиялық сипаттағы, сондай-ақ нарықта жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметтің 4 түрі бойынша біржолғы талондардың құны 1 және 2 қосымшаларға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық Мәслихаттың экономикалық реформа және бюджет жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Біржолғы талондардың құнын бекіту жөніндегі Нұра аудандық Мәсхитаттының ХІІІ сессиясының 2005 жылғы 10 қаңтардағы №119 шешімнің күші жойылған (2005 жылға 11 ақпандағы тіркелген №1724) деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім 2006 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді.
Басқа 1
2006 жылғы 6 қаңтардағы 21 сессиясының Нұра аудандық Мәслихатының № 219 шешімімен белгіленген 1 қосымша № Бір жолғы талоны негізіндегі кәсіпкерлік әрекеттің түрлері Біржолғы талондардың құны (айлық есеп көрсеткішіне % бойынша) 1. Өткізу (стационарлық орындарда өткізуден басқа): 1. Газеттер мен журналдарды 7 2. Тұқымдар және басқадай отырғызылатын дәнектерді (бұталар, көшеттер) 10 3. Бақша дақылдықтар 13 4. Саяжай мен үй маңында өсірілген гүлдерді 10 5. Қосалқы шаруашылықта, бау-бақшада, саябақта өсірілетін азық-түлікті өткізу 4 2. Автокөліктерді екінші жерге айдап әкелу қызметі 2.1. Таяу шетелдерден 129 2.2. Алыс шетелдерден 129 3. Жеке тракторлар иелерінің жер участкелерін жырту қызметтері: 24 4. Жеңіл және жүк автокөлік иелерінің жолаушыларды және жүктерді тасымалдау қызметтері (лицензиялық тасымалдан басқасы) 23
Басқа 2
2006 жылғы 6 қаңтардағы 21 сессиясының Нұра аудандық Мәслихатының № 219 шешімімен белгіленген 2 қосымша Базардың аты Мамандар-дырылуы Сауда орының түрі Сауда орнының көлемі Жинақ мөлшері айлық есеп көрсеткіші % бойынша Нұра ауданының базары Азық-түлік Сөре 3 2 Етке арнайы 3 2 Сүт 2 2 Өндірістік Сөре 2,8 2 Қолдан 1,5 2