Об утверждении Правил оказания социальной помощи семьям, имеющим детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому Күшін жойған
Басқа 0
Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балалары бар отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 6-тармағына және 11-бабының 2-тармағының 3) тармақшасынам сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балалары бар отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету Ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балалары бар отбасыларға әлеуметтік көмек тағайындауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.С.Қалиевка жүктелсін.
Басқа 4. Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балалары бар отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету Ережелері
Аудан әкімдігінің
2006 жылғы 17 қаңтардағы
№9 каулысымен
бекітілді
Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балалары бар отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету Ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балалары бар отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету Ережелері (әрі қараи-Ережелер) үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балалары бар отбасыларға әлеуметтік көмекті (әрі қарай-әлеуметтік көмек) тағайындау және төлеу тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Ережелерде мынадай түсініктемелер қолданылады:
аудандық жұмыспен камту және әлеуметтлк бағдарламалар бөлімі - әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган;
мүгедек бала - денсаулығы бұзылган, ағзасында тұрақты ақауы, жарақаттары бар және олардың салдары мен кемістіктері әлеуметтік қорғауды қажет етуге және өмір тіршілігін шектеуге әкеліп соққан 18 жасқа дейінгі тұлға.
Тармақ 3
3. Егер ата-аналардың немесе заңды өкілдердің тілектерін есепке ала отырып, жалпы немесе арнайы мектепке дейінгі ұйымдарда және оқу орындарында мүгедек балаларды оқыту және тәрбиелеуге мүмкіншілік болмаса, мүгедек балаларды оқыту және тәрбиелеу үйде жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек баланың отбасылары әлеуметтік көмек алуға құқылы.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек аудандық бюджет қаражаты есебінен ақшалай төлемдер түрінде беріледі.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмекті туылған, асырауға алынған, сондай-ақ қорганшылыққа (қамқоршылыққа) алынган балаларға тағайындалады және төленеді.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек мүгедек балаларға басқа да әлеуметтік көмек түрлерін немесе алименттер алатынына карамастан және отбасының кірістеріне қарамартан тагайындалады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмекті алуға өтініш жасау
2. Әлеуметтік көмекті алуға өтініш жасау
Тармақ 8
8. Ереженің 4-тармағында көрсетілген тұлгалар тұрғылықты тұрып жатқан жердегі уәкілетті органға мынадай құжаттарды табыс етеді:
Тармақша 1
1) белгіленген үлгідегі өтініш (1 қосымша);
Тармақша 2
2) жеке басың куәландыратын құжат (түпнұсқасы және көшірмесі);
Тармақша 3
3) тұрғылықты жерін растайтын азаматтарды тіркеу кітабы (түпнұсқасы және көшірмесі);
Тармақша 4
4) мүгедектікті анықтау туралы медициналық-әлеуметтік сараптамалық комиссияның анықтамасы (түпнұскасы және көшірмесі);
Тармақша 5
5) аудандық білім және спорт бөлімі жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультативтік комиссиясымен берілген мүгедек баланы үйде оқыту (тәрбиелеу) қажеттілігі туралы қорытынды.
Тармақша 6
6) баланың туу туралы куәлігі ( түпнұсқасы және көшірмесі);
Тармақша 7
7) мектептен алынған анықтама (тоқсан сайын)
Әлеуметтік көмекті тағайындау туралы қорғаншысының (қамқоршысыньщ) өтінішімен бірге қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алу туралы аудан әкімдігінің қаулысынан үзінді қоса беріледі.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмекті тағайындауға қажетті құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен салыстырылғаннан кейін өтініш берушіге қайтарылады.
Тармақ 10
10. Ауданның жұмыспен қамту және әлеметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері құжаттардың көшірмелерін кәуландырып, қоса берілген құжаттарымен бірге өтініштерді тіркеу журналына тіркейді және өтініш берушіге қабылданғаны туралы белгісімен үзбелі талон береді.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
3. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 11
11. Көмек алуға құкығы туындаған соң, әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш жасаған айынан бастап әлеуметтік көмек тағайындалады.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі комиссиясының 3 қосымшага сәйкес құрамымен әлеуметтік көмекті тағайындау жүргізіледі, мүгедек балаға ата-анасының немесе оны алмастыратын тұлганың өтініші бойынша.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмек ауданның білім және спорт бөлімі жанындағы психологиялык-медициналық-педагогикалық консультативтік комиссиясының мүгедек баланы үйде оқыту (тәрбиелеу) қажеттілігі туралы берілген қорытындысында көрсетілрен кезеңге тағайындалады.
Тармақ 14
14. Ауданның білім және спорт бөлімі құжаттардың түскен күнінен бастап, 10 күндік мерзім ішінде жергілікті бюджет қаражатынан әлеуметтік көмекті тағайындау немесе оны тағайындауға бас тартылғаны туралы жазбаша түрде дәлелдер келтірілген шешім (2 қосымша) қабылдайды
Тармақ 15
15. Әлеуметтік көмекті тағайындауға бас тарту туралы шешімге сот тәртібінде шағымдануға болады.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік көмекті қайтадан тағайындауға және төлеуге немесе тоқтатуга әкеліп соққан жағдайлар (асырап алу, баланың өлімі және т.б.) туындаған болса, әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеуді тоқтату немесе қайтадан төлеу тиісті жағдайлар туындагаң айдан кейін келетін айдан басталады.
Тармақ 17
17. Әлеуметтік көмек тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 6,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тоқсанда бір рет тағайындалады
Тармақ 18
18. Егер тоқсанда өзгерістер болған жагдайда, әлеуметтік көмекті алу құқығы келесі тоқсанда қарастырылады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмекті төлеу
4. Әлеуметтік көмекті төлеу
Тармақ 19
19. Әлеуметтік көмекті төлеу Ұлттық банктің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктердін, филиалдары арқылы оны алуға құқықтары бар тұлғалардың жеке есеп шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 20
20. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ай сайын жинақтық тізімдерді құрастырып, банктердің филиалдарына жібөреді.
Тармақ 21
21. Әлеуметтік көмекті шотқа аудару өткен айға жүргізіледі.
Тармақ 22
22. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар өлімінің кінәсі бойынша әлеуметтік көмектің сомасы шотқа уақытында аударылмаған болса, оны ешбір мерзіммен шектемей бір жолғы етіп, өткен уақыт үшін шотқа аударады.
Тармақ 23. Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балалары бар отбасыларға әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім
23. Әлеуметтік көмекті төлеу бойынша есеп жүргізу және есеп беруді құрастыру тәртібі қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.
Үйде оқытылатын және
тәрбиеленетін мүгедек
балалары бар отбасыларға
әлеуметтік көмекті көрсету
Ережелеріне
1 қосымша
Айыртау ауданының жұмыспен
камту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы
Өтініш
Маған мүгедек бала __________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
әлеуметтік көмекті тағайындауыңызды сұраймын.
Тегі_______________________________________
Аты________________________________________
Әкесінің аты ______________________________
ӘЖҚ________________________________________
СТН _______________________________________
Мекен жайы__________________________
____________________________________
Жеке тұлға куәләндыратын құжаттың түрі ______________
Сериясы________нөмірі________ кіммен берілді_________
______________банкінің________филиалындағы жеке шотының
нөмірі ________ қашан берілді________
Өзгерістер болған жағдайда 10 күн ішінде олар туралы
хабарлауға міндеттемін.
Жалған ақпарат және расталмаған (жасанды) құжаттарды
ұсынғаным үшін жауапқа тартылатыным туралы
ескертілдім.
200_жылдың______________ ______________
(өтініш берушінің колы)
Өтінішті қабылданды
200_жылғы____________ ______________
____________________________________________________
(құжаттарды қабылдаған тұлғаның аты жөні, тегі және қолы)
------------------------------------
қию сызығы
Азамат (-ша) _________________ өтініші, қоса берілген
құжаттарымен сана ___дана
200_ жылғы «__»________қабылданды.
____________________________________________________
(құжаттарды қабылдаған тұлғаның аты жөні, тегі және қолы)
Үйде оқытылатын және
тәрбиеленетін мүгедек
балалары бар отбасыларға
әлеуметтік көмекті көрсету
Ережелеріне
2 қосымша
Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балалары бар отбасыларға әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім
Істің № _______ 200_ жылғы «__»_______
Тегі ______________________
Аты _____________________
Әкесінің аты ______________
азаматтың (-шаның) үйінде оқытылатын және тәрбиеленетің мүгедек бала
__________________________________
әлеуметтік көмекті тағайындау үшін ұсынылған құжаттарды қарап,
Комиссия шешті:
1. Әлеуметтік көмек ________________ бастап
________________ дейінгі кезеңге
________________________ мөлшерінде тағайындалсын.
2. Мынадай себептер бойынша әлеуметтік көмекті тағайындаудан
бас тартылсын:
__________________________________________
__________________________________________
___________________________________
Айыртау ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы ______________________ А.Ә.Т.
Комиссия мүшелері: _______________________ А.Ә.Т.
_______________________ А.Ә.Т.
_______________________ А.Ә.Т.
Үйде оқытылатын және
тәрбиеленетін мүгедек
балалары бар отбасыларға
әлеуметтік көмекті көрсету
Ережелеріне
3 қосымша
Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балалары бар отбасыларға әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі комиссияның құрамы
Күшенов Мұратбек Оралбекұлы - жұмыспен қамту және әлеумеуттік бағдарламалар бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы
Шаймергенова Гүлхан Болатханқызы - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі бөлімінің жетекші маманы, комиссия хатшысы
Жекебаева Гүлзада Амантайқызы - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары
Дорожкина Раиса Васильевна - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу болімінің бастығы
Рахмеджанова Шұға Есеңбекқызы - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу бөлімінің бас маманы