Қолданыстағы ред. 20.12.2005

Жангелдин ауданы елді-мекендерінде иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасын бекіту туралы от 20.12.2005 г. № 114 (Жангелдин ауданы елді-мекендерінде иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасын бекіту туралы)

0

Жангелдин ауданы елді-мекендерінде иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардагы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы, 1-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 311-бабына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихатының кезекті оныншы сессиясы ШЕШТІ:

1

1. "Жангелдин ауданы елді-мекендерінде иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасы" бекітілсін (қоса тіркелді).

2

2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары Қ. Ахметжанға жүктелсін.

3. Жангелдин ауданы елді-мекендерінде иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау туралы ҚАҒИДА

Жангелдин аудандық мәслихатының
кезекті оныншы сессиясының
2005 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 114 шешімімен
бекітілді
Жангелдин ауданы елді-мекендерінде иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау туралы ҚАҒИДА

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қағида Жангелдин ауданы елді - мекендерінде өз қызметін жүзеге асыратын немесе тұратын меншік нысанына қатыссыз барлык жеке және заңды тұлғаларға таралады.

2

2. Иттер мен мысықтар иелерінің меншігі болып табылады, сондықтан кез-келген меншік сияқты заңмен қорғалады.

3

3. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1

1) иттердің және мысықтардың иелері - заңға сәйкес пайдаланылатын және күтіп ұстайтын немесе меншік құқында иттер мен мысықтары бар жеке және заңды тұлғалар;

2

2) иттер мен мысықтарды күтіп ұстау - Қағида және биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес иелерінің иттер мен мысықтардың тұруын, өмір сүруін және күтіп ұстау жағдайын қамтамасыз етуі;

3

3) қаңғыбас иттер мен мысықтар - коғамдық орындарда иесіз жүретін иттер мен мысықтар;

4

4) қаңғыбас иттерді және мысықтарды аулау - иттер мен мысықтарды пайдалану, оқшаулау, аулауға тиісті лицензиясы бар, техника және арнайы жабдықталған мекемелер қызметі;

5

5) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің «Жангелдин аудандық аумақтық басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қостанай облысы (келісім бойынша).

2. 2. Иттердің және мысықтардың иелерінің міндеттері

2. Иттердің және мысықтардың иелерінің міндеттері

4

4. Иелері міндетті:

1

1) осы Қағиданың талаптарын сақтауға және маңындағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті шаралар қабылдауға;

2

2) хайуанаттардың адамға және басқа хайуанаттарға зиян келтіруінін алдын алу. Азаматқа немесе оның мүлкіне келтірілген зиянның, сондай-ақ хайуанаттың заңды тұлғалардың мүлкіне келтірілген зиянның орнын осы хайуанаттың иесі қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте толық көлемде толтырады;

3

3) профилактикалық және инфекцияға қарсы іс-шараларды жүргізу және есепке алу мақсатында тұрғылықты мекен-жайы бойынша ветеринарлық емдеу мекемелерінде немесе ветеринарлық емдеу мекемелерінде иттерді уақытылы тіркеуге және қайта тіркеуге;

4

4) иттер мен мысықтарды олардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұстау, жануарларға жақсы қарап, тамақсыз, сусыз және қараусыз қалдырмау, ұрмау, жануарлардың ауырған жағдайында ветеринар көмегіне дер кезінде апаруға;

5

5) хайуанат шұғыл өлген немесе жұқпалы ауруға шалдыққанына күдіктенген жағдайда ветеринарлық қызметке шұғыл хабарлауға және ветеринар мамандар келгенге дейін хайуанатты (немесе хайуанаттын өлексесін) оқшаулауға;

6

6) иттер мен мысықтарды ветеринар мамандарының талаптары бойынша диагностикалық зерттеуге және егуге; 7) тұрғын үйлердің маңында иттерді қыдыртқан жағдайда тыныштықты қамтамасыз етуге;

5

5) иттердің жер учаскесі бар иелері, иттерді байлап ұстауға немесе хайуанаттың көшеге шығуына кедергі келтіретін коршауда ұстауға тиіс. Иттің бар екендігі туралы учаскіге кіре берісте ескерту жазба болуы тиіс.

3. 3. Иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау

3. Иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау

5

5. Көршілерінің келісімдері мен медициналық қарама-қайшылығы болмаса, туыс емес екі және одан да көп отбасылары тұратын тұрғын жайларда, оның ішінде пәтерлерде иттер мен мысықтарды ұстауға рұқсат етіледі:

6

6. Тыйым салынады:

1

1) иттер және мысықтарды балалардың аула алаңдарында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, мектептер мен оқу орындарының, денсаулық сақтау объектілерінің аумағында, спорт алаңдарында, бақтар мен жағажайда қыдыртуға;

2

2) мас адамдарға және 14 жасқа толмаған тұлғаларға иттерді қыдыртуға;

3

3) жалпы пайдаланылатын орындарда: асханаларда, подвалдарда иттер мен мысықтарды ұстауға;

4

4) сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына итпен кіруге;

5

5) жалпы пайдаланыстағы ауыз су көздерінде иттер мен мысықтарды суаруға, шомылдыруға;

6

6) иттерді және мысықтарды олардың еті мен терілерін пайдалану үшін асырауға;

7

7) өлген иттер мен мысықтардың өлексесін лақтыруға;

8

8) белгіленбеген орындарда, сондай-ақ хайуанатқа берілген ветеринарлық анықтамалары мен паспорттары жок иттер мен мысықтарды сатуға; .

9

9) Жангелдин ауданыныңаудағында иттердін төбелесін өткізуге.

4. 4. Осы Қағиданы бұзғаны үшін жауапкершілік

4. Осы Қағиданы бұзғаны үшін жауапкершілік

7

7. Осы Қағиданы бұзғаны үшін иттер мен мысықтардың иелері Қазақстан Републикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 311 бабы бойынша жауапкершілікте болады.