Об утверждении Инструкции по организации и финансированию социальных рабочих мест по городу Лисаковску Күшін жойған
Басқа 0
Лисаков қаласы бойынша әлеуметтік орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Казақстан Республикасының Бюджет кодексінің 64 бабы 3)- тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, “Халықты жұмыспен туралы” Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 2-тармағына, 18-1-бабына сәйкес, халықтың нысаналы топтарына кіретін тұлғаларды әлеуметтік қорғау мақсатында, Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Лисаков қаласы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «2005 жылға арналған Лисаков қаласы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулықты және халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздарды еңбекке орналастыру әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Лисаков каласы әкімиятының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 664, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылдың 28 қаңтарында № 3303 болып тіркелген қаулысы;
Тармақша 2
2) «2005 жылға арналған Лисаков қаласы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулықты және халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздарды еңбекке орналастыру әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Лисаков каласы әкімиятының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 664 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 19 сәуірдегі № 266, нормативтік құқықтык актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылдың 17 мамырында № 9-4-13 болып тіркелген қаулысы;
Тармақша 3
3) «2005 жылға арналған Лисаков қаласы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулықты және нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздарды еңбекке орналастыру әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Лисаков қаласы әкімиятының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 664 қаулысына толықтыру енгізу туралы” 2005 жылғы 18 қазандағы № 633, нормативтік құқықтык актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылдың 20 қазанында № 9-4-25 болып тіркелген қаулысы.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары В.В.Абоимоваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2006 жылдың 1 ақпанынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөнінде нұсқаулық
«Лисаков қаласы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 17 қаңтардағы
№ 40 қаулысымен
бекітілген
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөнінде нұсқаулық
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі осы нұскаулық (одан әрі - Нұсқаулық) халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландырудың тәртібін айкындайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілермен (меншік нысандарына қарамастан) негізгі шарттар мен есеп айырысу жүйесін реттейді.
Тармақ 2
2. Нұскаулықта қолданылатын негізгі ұғымдар:
әлеуметтік жұмыс орны - халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмыска орналастыру үшін олардың еңбегін төлеуге жұмыс берушілердің шығындарын ішінара өтеп, жергілікті атқарушы органмен келісім-шарт негізінде жұмыс берушімен жасалатын жұмыс орны;
нысаналы топтар - Қазақстан Республикасының «Халықты жүмыспен қамту туралы» Заңымен белгіленген, жұмысқа орналасуға қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды талап ететін тұлғалардың топтары;
«жастар практикасы» - олардың практикалық тәжірибе, білім, ептілік пен дағдылар алу мақсатымен және мамандық бойынша жүмыс өтілі жоқ, курстық даярлау, бастауыш, орта және жоғарғы кәсіби білімі бар түлектерді әлеуметтік жұмыс орынға жұмысқа орналастыру;
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заңнама актілері таратылады.
Тармақ 4
4. «Лисаков қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруда жәрдем береді.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру тәртібі
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру тәртібі
Тармақ 5
5. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушілермен жұмыссыздарды меншікті қаражаты есебінен еңбек ақы төлеу арқылы уақытша жұмыс орындарына қабылдау жолымен жергілікті бюджет қаражатының есебінен еңбек ақыға шығындарды ішінара өтеумен ұсынылады немесе құрылады.
Тармақ 6
6. «Лисаков қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыска орналастыру жөнінде қызмет көрсетуге шарттарды жұмыс берушілермен жасайды.
Тармақ 7
7. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету және олардың еңбек ақыларына арналған бюджеттік қаражаттарды тиімді пайдалану мақсатында Лисаков каласында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу жөнінде комиссия жазбаша өтініштердің негізінде халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктейді.
Тармақ 8
8. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа -орналастыру «Лисаков қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жолдамасы бойынша тараптардың міндеті, жұмыстардың түрлері, көлемдері, еңбек акының
мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мерзімі мен көздерін ұстайтын әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру жөнінде қызметтерді көрсетуте шарттың негізінде саны мен мамандықтарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырудың басым құқығына халықтың нысаналы топтарына кіретін аз камтылған жұмыссыздар ие.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері мен шарттары
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері мен шарттары
Тармақ 10
10. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбек ақысы жұмыс берушімен ай сайын жеке еңбек келісім шарттарымен сәйкес және орындалатын жұмыс түрі мен көлеміне қарай жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың еңбек ақысын төлеуге жіберілген жұмыс берушілердің шығыстары жергілікті бюджеттің қаражатынан алты айдан аспайтын мерзімге жалақының ең томенгі 50 пайыз мөлшерінде («жастар
практикасына» жұмысқа орналасқандарға жалақының ең төменгі 100 пайыз мөлшерінде) өтеледі.
Бюджеттік қаражаттарды аудару бойынша есеп айырысулар жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға жергілікті бюджет қаражатынан төленетін жалақы заңнамамен белгіленген тәртіпте салықтар салынады.
Тармақ 13
13.Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың еңбек ақысын төлеуге өзінің жұмсалған шығынын отеуге жергілікті бюджеттен ақшалай түсімдерді пайдаланады.
Тармақ 14
14. Жұмыс берушілердің еңбек ақыға, әлеуметтік салыққа мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарға, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға жеке шоттарына жалақыны аудару бойынша банктік қызметтерге шығыстар орындалған жұмыстардың актісі негізінде жергілікті бюджеттің қаражатынан өтеледі.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібіне бақылау
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібіне бақылау
Тармақ 15
15. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулықты сақтауға бақылау заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады.