О создании рынка электрической энергии в городе Алматы Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласында электр энергиясы рыногын құру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық Мәслихатының 11.02.2005 № 123 шешімімен. Қазақстан Республикасындағы "Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабының 1 тармағына және 1 бабының 14 тармағына, Алматы қаласы Әкiмiнiң ұсынысына сәйкес және Алматы қаласында электр энергиясы рыногын құру, онда бәсекелестiктi дамыту және электр энергиясын тұтынушылар - тұрғындарды әлеуметтiк қорғау мақсатында I сайланған Алматы қалалық Мәслихаты шешім қабылдады :
Тармақ 1
1. Алматы қаласы Әкiмiнiң Алматы қаласында электр энергиясы рыногын құру туралы ұсынысы қабылдансын. "Алматы қаласындағы электр энергиясы рыногының Тәртiбi", Алматы қаласында электр энергиясының сауда-саттығы жөнiнде тендер өткiзу туралы Ереже" бекiтiлсiн, № 1, 2 қосымшалар.
Тармақ 2
2. Осы шешiмiнiң орындалуын қадағалау экономикалық реформалар және нарықтық қатынастар мәселелерi жөнiндегi тұрақты депутаттық комиссияға жүктелсiн. (Ю.В. Костин).
Басқа 3. Ережесі
Алматы қалалық Мәслихатының 1998 жылғы 25 желтоқсандағы ХХIII сессиясының шешiмiне № 1 қосымша Алматы қаласындағы электр энергетикасы нарығының Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының " Алматы қаласының айрықша мәртебесi туралы", " Энергияны үнемдеу туралы", " Табиғи монополиялар туралы", " Әдiлетсiз бәсекелестiк туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң " Электроэнергетика туралы" және " Лицензиялар беру туралы" Заң күшi бар Жарлықтарына, сондай-ақ, электр энергиясын пайдаланудың Ережесiне, Қазақстан Республикасының электро қуатының және электр энергиясының көтерме нарығы туралы Уақытша ережесiне Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi бекiткен аймақтық және/немесе жергiлiктi деңгейлердегi электр желiлерi бойынша электр энергиясын берудiң Ережесiне сәйкес әзiрлендi және Алматы қаласындағы электр энергиясы нарығының субъектiлерi арасындағы өзара қатынастардың тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 1.2
1.2. Электр энергиясының нарығы - бұл электр энергиясын өндiрушi ұйымдардың, электр энергиясын берудiң Ұлттық жүйесi (КЕGОС), "Алматы Пауэр Консолидейтед" (АПК) ЖАҚ таратушы электр желiлерi, сатып алушылар және тұтынушылар, сондай-ақ, орталықтандырылған жеделдиспетчерлiк басқарудағы басқа да ұйымдар арасында шарттық негiзде электр энергиясын сатып алу-сатудың және берудiң жүйесi болып табылады.
Тармақ 1.3
1.3. Ереже Алматы қаласында электр энергиясын қалыптастырудың және жұмыс iстеуiнiң жайының тәртiбiн белгiлейдi, бұның барлық субъектiлерiнiң құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн анықтайды.
Тармақ 1.4
1.4. Ереже Алматы қаласының аумағындағы меншiк түрiне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан осы нарықтың барлық субъектiлерi үшiн орын алу мiндеттi.
Тарау 2. 2. Мақсаты және негiзгi мiндеттерi
2. Мақсаты және негiзгi мiндеттерi
Тармақ 2.1
2.1. Осы Ереженiң мақсаты - Алматы қаласында электр энергиясының нарығын ұйымдастыру.
Тармақ 2.2
2.2. Осы Ереженiң негiзгi мiндеттерi мыналар:
Тармақ 2.2.1
2.2.1. Оған электр энергиясын өндiрушi ұйымдар мен тұтынушылардың еркiн қол жеткiзуiн қамтамасыз ету.
Тармақ 2.2.2
2.2.2. Электр энергиясын сатып алу-сату бойынша тендерлiк саудалаулар өткiзу арқылы электр энергиясын өндiрушi ұйымдар арасында бәсекелесу ортасын қалыптастыру.
Тармақ 2.2.3
2.2.3. Серiктестiктердiң еркiн таңдауы арқылы тұтынушылардың пайдаға қол жеткiзуi.
Тармақ 2.2.4
2.2.4. Өндiрiстiк шығындарының орнын толтыратын және нарық субъектiлерiн дамытуды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн тарифтердi қалыптастыру шарттарының икемдiлiгiн қамтамасыз ету.
Тармақ 2.2.5
2.2.5. Нарық субъектiлерiнiң төлем тәртiбiнiң деңгейiн көтеру.
Тармақ 2.2.6
2.2.6. Нарық субъектiлерiнiң өзара жауапкершiлiгi негiзiнде тұтынушылардың энергияны сенiмдi түрде жинақтауын қамтамасыз ету.
Тарау 3. 3. Нарық субъектiлерi. Негiзгi түсiнiктер және анықтамалар
3. Нарық субъектiлерi. Негiзгi түсiнiктер және анықтамалар
Тармақ 3.1
3.1. Электр энергиясын өндiретiн ұйымдар - электр энергиясын сататын және тендерлiк саудалауға қатысуға өтiнiм берген электр энергиясы нарығының субъектiлерi.
Тармақ 3.2
3.2. Электр энергиясын тұтынушылар - электр энергиясын тұтынатын, таратқыш электр желiлерiне iс жүзiнде қол жеткiзе алатын, сондай-ақ, тендерлiк саудалауға қатысуға өтiнiм берген нарық субъектiлерi, заңды және жеке тұлғалар.
Тармақ 3.3
3.3. Бөлшек сауда нарығының операторы - тұтынушыларға оны алдағы уақытта сату мақсатында электр энергиясын өндiрушi ұйымдардан электр энергиясын көптеп сатып алуды ұйымдастырушы және Алматы қаласында электр энергиясы нарығының қызмет етуiн қамтамасыз ететiн, Алматы қаласы әкiмiнiң шешiмi бойынша тағайындалған нарық субъектiсi.
Тармақ 3.4
3.4. Көлiк электр желiлерi компаниялары - энергияны берудiң Ұлттық жүйесi және АПК-ның Таратқыш электр желiлерi - электр энергиясын өндiрушi ұйымдардан алып, электр энергиясын тұтынушыға тасымалдап жеткiзудi жүзеге асыратын нарық субъектiлерi.
Тармақ 3.4.1
3.4.1. Энергияны берудiң Ұлттық жүйесi (КЕGОС) - көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндiрушi ұйымдардан алып АПК-ның Таратқыш электр желiлерiне дейiн жеткiзiп берудi жүзеге асырушы ұйымдар.
Тармақ 3.4.2
3.4.2. АПК-ның Таратқыш электр желiлерi - КЕGОС желілерінен электр энергиясын алуды және өздерi электр энергиясын өндiрушi ұйымдардан электр энергиясын алуды және оны нарық тұтынушыларына тасымалдап жеткiзудi жүзеге асыратын ұйымдар.
Тармақ 3.5
3.5. ОДБ - КЕGОС ААҚ-ның орталық диспетчерлік басқармасы, бұл басқарма электр энергиясының көтерме сауда нарығына техникалық басшылықты жүзеге асырады және электр энергиясын өндiрушi ұйымдар және Алматы қаласындағы нарық Операторы арасындағы тура шарттардың орындалуын қамтамасыз етедi.
Тармақ 3.6
3.6. АДО - АПК ЖАҚ-ның аймақтық диспетчерлiк орталығы, бұл орталық Алматы қаласындағы электр энергиясы нарығына техникалық басшылықты жүзеге асырады және АПК ЖАҚ, нарық Операторы және тұтынушылар арасындағы тура шарттардың орындалуын қамтамасыз етедi.
Тарау 4. 4. Электр энергиясы нарығының жұмысын ұйымдастыру
4. Электр энергиясы нарығының жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 4.1
4.1. Электр энергиясын өндiрушi ұйымдар және электр энергиясын тұтынушылар нарық Операторына электр энергиясын сатып алу-сату жөнiндегi тендерге қатысатыны туралы өтiнiм бередi. Өтiнiмде энергияның көлемi, тәулiктiк тұтыну графигi, сенiмдiлiк шарттары, жеткiзiп беретiн сапасының көрсеткiштерi көрсетiледi.
Тармақ 4.2
4.2. Нарық Операторы берген барлық өтiнiмдердi тiркейдi және тендерлiк саудалауға қатысушылардың оған еркiн қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi. Тендерлiк саудалауға меншiк түрлерiне қарамастан заңды және жеке тұлғалар қатысуға жiберiледi.
Тармақ 4.3
4.3. Электр энергиясын тендерлiк саудалаулар "Алматы қаласындағы электр энергиясының нарығында электр энергиясын сатып алу жөнiндегi тендердi ұйымдастыру және өткiзудiң Ережесiне" сәйкес тоқсан сайын жүзеге асырылады.
Тармақ 4.4
4.4. Нарық Операторы электр энергиясын тендерлiк саудалаудың нәтижелерi бойынша "Қазақстан Республикасында электр энергиясының электро қуатының және электр энергиясының көтерме нарығы туралы Уақытша ережесiнiң" 4-5 бөлiмдерiне сәйкес электр энергиясын өндiрушi ұйымдармен, көлiк электр желiлерi компанияларымен және тұтынушылармен электр энергиясын сатып алудың және жеткiзiп берудiң көлемдерi бойынша шарттар жасасады және оларға хабарлайды.
Тармақ 4.5
4.5. Оператор түнгi уақыттарда (жергiлiктi уақыт бойынша сағат 23.00-ден 6.00-ге дейiн) электр энергиясын жеңiлдiк тариф бойынша жеткiзiп берудi ұйымдастырады.
Тармақ 4.6
4.6. АПК электр станциялары өндiретiн электр энергиялары белгiленген квоталар көлемiнде басымдыққа ие тәртiппен сатып алынады.
Тармақ 4.7
4.7. Көлiк электр желiлерi компанияларының электр желiлерi бойынша электр энергиясын тасымалдағаны үшiн тарифтер бойынша ақы төленедi, олардың шектi деңгейiн ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау Комитетi белгiлейдi.
Тармақ 4.8
4.8. Таратқыш желiлердi пайдаланбай-ақ АПК көтерме станцияларының жабдықтары арқылы тасылатын электр энергиясын өткiзгенi үшiн нарық Операторы, АПК және тұтынушы арасындағы жекелеген келiсiмде белгiленген тариф бойынша оларға ақы төленедi.
Тарау 5. 5. Нарық субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi
5. Нарық субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 5.1
5.1. Нарық субъектiлерiнiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерi:
Тармақ 5.1.1
5.1.1. Субъектiлер электр энергиясын жеткiзiп беру, тасымалдау және тұтыну жөнiнде жасалған шарттар шеңберiнде нарыққа қатысады.
Тармақ 5.1.2
5.1.2. Нарықтың барлық субъектiлерi өз қызметiнде осы Ереженi басшылыққа алуға мiндеттi.
Тармақ 5.2
5.2. Электр энергиясын өндiрушi ұйым.
Тармақ 5.2.1
5.2.1. Нарыққа электр энергиясын сатуға шығарады.
Тармақ 5.2.2
5.2.2. Оператор мен электр энергиясын жеткiзiп беру жөнiнде шарттар жасасады.
Тармақ 5.2.3
5.2.3. Электр энергиясын пайдалану Ережесiне сәйкес тасымалдау электр желiлерi компаниясына электр энергиясын босатады.
Тармақ 5.2.4
5.2.4. Шарттар бойынша тәулiктiк графикке сәйкес электр энергиясының босатылуын қамтамасыз етедi.
Тармақ 5.2.5
5.2.5. ОДБ-ның барлық нұсқау-ережелерiн диспетчерлендiру арқылы орындайды.
Тармақ 5.2.6
5.2.6. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес тасымалдау электр желiлерi компаниясына жеткiзiлiп берiлетiн электр энергиясының сапасы, көлемi және мерзiмi бойынша шарттық мiндеттемелердiң орындалуы үшiн оған жауапкершiлiк жүктеледi.
Тармақ 5.3
5.3. Тасымалдау электр желiлерi компаниясы.
Тармақ 5.3.1
5.3.1. Оператормен электр энергиясын тасымалдау жөнiнде шарттар жасасады.
Тармақ 5.3.2
5.3.2. Нарықтық барлық субъектiлерiне өзiнiң желiлерi арқылы электр энергиясын тасымалдау құқығын бередi.
Тармақ 5.3.3
5.3.3. Электр энергиясын тасымалдау жөнiнде жасалған шарттар шеңберiнде ОДБ-ның және АДО-ның диспетчерлендiру жөнiндегi барлық нұсқау-ережелерiн, Оператордың талаптарын орындайды.
Тармақ 5.3.4
5.3.4. Тиiстi ОБД-ға, АДО-ға және Операторға электр энергиясын берудiң резервтiк линиясы болмаған жағдайда электр желiлiк жабдықтарды жоспарлы жөндеуге шығарудың графиктерiн тапсырады.
Тармақ 5.3.5
5.3.5. Шарттық мiндеттемелерге сәйкес электр энергиясын өндiрушi ұйымдардан тұтынушыға электр энергиясын сенiмдi түрде тасымалдап жеткiзудi қамтамасыз етедi.
Тармақ 5.3.6
5.3.6. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес тасымалданатын энергияның сенiмдiлiгi, сапасы және көлемi бойынша шарттық мiндеттемелердiң орындалуы үшiн оған жауапкершiлiк жүктеледi.
Тармақ 5.3.7
5.3.7. АДО Оператордың талап етуiмен өз мiндетiне жауапсыз қарайтын тұтынушыны (борышкердi) электр желiсiнен ажыратады. Оператордың командасы орындалмаған жағдайда тасымалдау электр желiлiк компаниясы жеткiзiлiп берiлетiн электр энергиясы үшiн жауапкершiлiктi өзiне алады.
Тармақ 5.4
5.4. Электр энергиясын тұтынушы.
Тармақ 5.4.1
5.4.1. Тұтынушы электр энергиясы нарығының Операторы мен электр энергиясын тұтыну жөнiнде шарт жасасады.
Тармақ 5.4.2
5.4.2. Электр энергиясын тұтынудың Ережесiне сәйкес тұтынуды бақылауға мүмкiндiк беретiн электр энергиясының коммерциялық есебiн белгiлейдi. Мәлiмделген қуаты 750 Кв және одан да жоғары қуаты бар тұтынушы кемiнде үш айлық мерзiмге есептiк ақпаратты сақтай отырып немесе осы ақпаратты техникалық операторға автоматтық тәсiлмен берудi қамтамасыз ете отырып тәулiктiң тиiстi бөлiктерi бойынша (жеткiзiп берудiң графигiне сәйкес) тұтынудың қуатын бақылауға мүмкiндiк беретiн электр энергиясының коммерциялық есебiн жүргiзетiн приборларды өзiнде ұстауға мiндеттi. Мәлiмделген қуаты 750 Кв дейiнгi қуаты бар тұтынушы белгiленген индукциялық үлгiдегi коммерциялық есептеу приборларымен жабдықталуы тиiс.
Тармақ 5.4.3
5.4.3. Шартқа сәйкес АДО-ға және Операторға электр энергиясын тәулiктiк тұтынудың режимi туралы мәлiметтi бередi.
Тармақ 5.4.4
5.4.4. Тәулiктiк тұтыну графигiне сәйкес электр энергиясын тұтынудың режимiн сақтайды.
Тармақ 5.4.5
5.4.5. Жеткiзiп беру жөнiндегi шарттарда көрсетiлген мерзiмде электр энергиясы үшiн ақы төлейдi.
Тармақ 5.4.6
5.4.6. Электр энергиясының жеткiзiп берiлмеуiне әкелiп соққан авариялардың жайының анық-қанығына жетуге қатысады.
Тармақ 5.4.7
5.4.7. Оператормен келiсе отырып, электр энергиясын тұтыну көлемiне түзету енгiзуге құқылы.
Тармақ 5.5
5.5. Электр энергиясы нарығының Операторы.
Тармақ 5.5.1
5.5.1. ОДБ-ға және АДО-ға алдағы тәулiктiк тұтыну режимi туралы мәлiметтер бередi.
Тармақ 5.5.2
5.5.2. Электр энергиясын тұтынудың режимiне бақылау жасайды.
Тармақ 5.5.3
5.5.3. Электр энергиясын сатып алу-сату жөнiндегi тендердi ұйымдастырады.
Тармақ 5.5.4
5.5.4. Жасалған шарттарға сәйкес электр энергиясын жеткiзiп берiлмеуiне әкелiп соққан электр энергиясын өндiрушi ұйымдардың және тасымалдау электр желiлерi компанияларының нысандарындағы авариялардың мән-жайын анықтауға қатысады.
Тармақ 5.5.5
5.5.5. Тасымалдау электр желiлерi компаниясының АДО-на өз мiндетiне жауапсыз қарайтын тұтынушыны (борышкердi) желiден ажырату туралы нұсқау бередi.
Тармақ 5.5.6
5.5.6. Өз қызметтерi үшiн комиссиялық сыйақы алуға құқылы.
Тармақ 5.5.7
5.5.7. Түнгi уақытта жеңiлдiгi бар тарифтер бойынша электр энергиясының жеткiзiлiп берiлуiн ұйымдастырады.
Тарау 6. 6. Қорытынды ережелер
6. Қорытынды ережелер
Тармақ 6.1
6.1. Осы Ереже Алматы қаласындағы электр энергиясы нарығының субъектiлерi болып табылатын барлық заңды және жеке тұлғалар үшiн орындалуы мiндеттi.
Тармақ 6.2
6.2. Осы Ережеге өзгерiстер мен толықтырулар электр энергиясы нарығының субъектiлерiнiң ұсынысы бойынша енгiзiледi және заңдарда көрсетiлген тәртiпке сәйкес бекiтiледi.
Басқа 74. Ережесі
Алматы қалалық Мәслихатының 1998 жылғы 25 желтоқсандағы ХХIII сессиясының шешiмiне № 2 қосымша Алматы қаласындағы электр энергиясын сатып алу-сату жөнiндегi тендердi ұйымдастырудың және өткiзудiң Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы", "Әдiлетсiз бәсекелестiк туралы", "Энергияны үнемдеу туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Лицензия беру туралы", "Электроэнергетика туралы" Заң күшi бар Жарлықтарына және Алматы қаласы Әкiмiнiң шешiмiмен бекiтiлген Алматы қаласындағы электр энергиясының нарығының Ережесiне сәйкес, Алматы қаласында электр энергиясының нарығын ұйымдастыру мақсатында әзiрлендi.
Тармақ 1.2
1.2. Ереже электр энергиясының нарығында электр энергиясын сатып алу-сатудың тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.
Тармақ 1.3
1.3. Нарық субъектiлерiнiң электр энергиясын квотасы белгiленбеген көлемде сатып алу-сатуы ашық тендерде жүзеге асырылады.
Тармақ 1.4
1.4. Электр энергиясы нарығының Операторы (әрi қарай - Оператор) осы Ережеде белгiленген тәртiпке сәйкес тендердi ұйымдастыруды және өткiзудi жүзеге асырады.
Тармақ 1.5
1.5. Тендерлер тоқсан сайын алдағы тоқсан басталардан 20 күн бұрын өткiзiледi.
Тарау 2. 2. Тендердi ұйымдастыру және өткiзу
2. Тендердi ұйымдастыру және өткiзу
Тармақ 2.1
2.1. Оператор тендердi ұйымдастыру үшiн тендерлiк комиссияны (әрi қарай - Комиссия) құрады. Комиссия мүшелерiнiң саны тақ болуы және құрамында кемiнде 3 адам болуы тиiс. Комиссия мүшелерi төрағаны сайлайды. Комиссия оның мүшелерiнiң көпшiлiгiнiң қолдап дауыс беру арқылы шешiм қабылдайды. Қолдаушылар мен қарсы дауыс берушiлердiң саны тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
Тармақ 2.2
2.2. Комиссияның құрамына Алматы қаласы әкiмi аппаратының және ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi Алматы қаласы бойынша Комитетiнiң өкiлдерi, Оператор енедi.
Тармақ 2.3
2.3. Комиссия Алматы қаласының мұқтажы үшiн электр энергиясын сатып алу туралы ниетi жөнiнде хабарлайды; электр энергиясын жеткiзiп берудiң және тұтынудың талаптары мен шарттарын әзiрлейдi, бұлар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялану арқылы электр энергиясын жеткiзiп берушiлер мен тұтынушылардың назарына жеткiзiлiп, ұсыныстар тендердiң қуатты қатысушыларына жiберiледi; тендерге қатысушылардың түпкiлiктi құрамын белгiлейдi; тендерде жеңiп шыққан жеңiмпаздарды хабарлайды, өткiзiлген тендердiң нәтижелерi бойынша хаттама дайындайды.
Тармақ 2.4
2.4. Оператор тендерге дайындалуды жүзеге асырады, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы тендердiң өткiзiлетiнi туралы хабарлайды; Комиссия мүшелерiне хабарлайды; электр энергиясын жеткiзiп берудiң және тұтынудың талаптарын, шарттарын белгiлейдi; тендерге қатысушылардың өтiнiмдерiн қабылдап, тiркейдi; тендерлiк құжаттарды әзiрлейдi және Комиссияның қарауына тапсырады.
Тармақ 2.5
2.5. Оператор тендер басталардан 15 күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тендердiң өткiзiлетiнi туралы хабар жариялайды. Хабарда мыналар болуы тиiс: тендер өткiзiлетiн күн орны және уақыты; тендерге қатысуға арналған мiндеттi шарттар; өтiнiмдердi қабылдайтын орын және мерзiмi.
Тармақ 2.6
2.6. Тендерге меншiк түрiне қарамастан кез келген заңды және жеке тұлғалар қатыса алады.
Тармақ 2.7
2.7. Тендерге қатысудың мiндеттi шарты - үмiткерлердiң құжаттар пакетiн тапсыруы. Оның құрамында мыналар болуы тиiс: тендерге қатысу туралы өтiнiм; банкiлiк, почталық және басқа да реквизиттер; заңды тұлғалар үшiн әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлгенi туралы куәлiктiң көшiрмесi; қызметтiң тиiстi түрiмен айналысуға құқық берiлгенi туралы лицензияның көшiрмесi; ұсынылып отырған электр энергиясын жеткiзiп берудiң және тұтынудың бағасы, шарттары және көлемдерi туралы ақпарат; өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын құжат. Осы тармақта көрсетiлген құжаттар пакетiн тапсырмаған адамдар тендерге қатысуға жiберiлмейдi.
Тармақ 2.8
2.8. Тендерге қатысушыларды тiркеу арнаулы журналда жүргiзiледi және тендер өткiзiлерден 24 сағат бұрын аяқталады. Комиссия арқылы тендерге қатысушыларды тiркеу хаттамасы қаралады және бекiтiледi. Хаттамада келесi мәлiметтер болуы тиiс: комиссияның құрамы; өтiнiмдердi қабылдайтын күн және орны; тендер өткiзiлетiн күн және орны; тендерге қатысуға жiберiлген қатысушылар туралы мәлiметтер, тендерге қатысуға жiберiлмеген қатысушылар туралы мәлiметтер және мұндай шешiмнiң қабылдануына негiздеме.
Тармақ 2.9
2.9. Тендерге қатысуға қажеттi құжаттар пакеттерi тендер өткiзу басталарға дейiн конверттерге салынып, арнаулы сейфтерде сақталады, ол конверттер Комиссия мүшелерiнiң көзiнше ашылады.
Тармақ 2.10
2.10. Тендер Комиссия арқылы тендерге қатысушылардың қатысуымен өткiзiледi. Тендер өткiзу тәртiптерiнiң жиынтығын Комиссия белгiлейдi.
Тармақ 2.11
2.11. Тендер өткiзерде конверттер ашылып, қатысушылардың тендерлiк ұсыныстары оқылады. Комиссия қатысушылардың тендерлiк ұсыныстарын талдап, бағалаған соң тендердiң жеңiмпазын (жеңiмпаздарын) анықтайды, бұл орайда басқа қатысушылармен салыстырғанда электр энергиясын жеткiзiп берудiң үздiк шарттарын және аз ақы төленуiн (көлiк шығындарын ескере отырып) ұсынған қатысушылар жеңiмпаз болуы ықтимал.
Тармақ 2.12
2.12. Комиссия тендердiң жеңiмпазын анықтау кезiнде тендердiң өткiзiлу барысында қатысушылар ұсынған жеткiзiп беру және ақы төлеудiң қосымша шарттарын ескередi.
Тармақ 2.13
2.13. Қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда Комиссия тендердiң жеңiмпазын анықтау жөнiндегi түпкiлiктi шешiм қабылдауды 3 күндiк мерзiмге кейiнге қалдыра алады, бұл жөнiнде Комиссияның жеке шешiмiнде тұжырымдалады.
Тармақ 2.14
2.14. Басқа да тең шарттар болған жағдайда отандық жеткiзiп берушiлерге басымдық берiледi.
Тармақ 2.15
2.15. Комиссияның түпкiлiктi шешiмi тендердiң қорытындылары туралы хаттамада жазылады, оған Комиссияның барлық мүшелерi қол қойып, тендердiң жеңiмпазы жарияланады. Тендерлiк комиссияның шешiмiнде электр энергиясын жеткiзiп берудiң және оған ақы төлеудiң шарттары бағасы мiндеттi түрде көрсетiлуi тиiс. Тендердiң қорытындылары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жария етiледi.
Тармақ 2.16
2.16. Тендердiң қорытындылары туралы хаттама сол күнi тендердiң жеңiмпазына берiледi. Хаттама Оператор және Сатушы арасындағы электр энергиясын жеткiзiп беру туралы шарт жасасуға негiз болады.
Тармақ 2.17
2.17. Тендерде жеңiске жеткен Сатушының кiнәсiнен тендердiң қорытындылары шығарылғаннан кейiнгi 3 күн iшiнде шарттар жасалмаған жағдайда Комиссияның шешiмi бойынша: Сатушы мәлiмделген электр энергиясын жеткiзiп берудiң көлемiнiң құнының 10 процентi мөлшерiнде өсiм төлейдi; тендердiң басқа қатысушыларының iшiндегi электр энергиясын жеткiзiп берудiң үздiк жағдайларын және арзан бағасын ұсынған қатысушы жеңiмпаз деп танылады немесе тендер өткiзiлмедi деп жарияланады да қайтадан өткiзiледi.