Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан на проезд в городском общественном транспорте (кроме такси, трамвая) Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.02.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (такси, трамвайдан басқа) жүрулеріне әлеуметтік көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1 тармағы 14) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Теміртау қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 15 желтоқсандағы 25 сессиясының № 25/5 «2006 жылға арналған қалалық бюджет туралы» шешімін (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізбесінде № 8-3-12) орындау үшін, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1.«Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік зейнетақы мен жәрдемақы алатын азаматтардың келесі санаттарына такси мен трамвайдан басқа қалалық қоғамдық көліктерде жүрулеріне 2006 жылы әлеуметтік көмек көрсетуді қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) бірінші, екінші және үшінші топ табысына байланыссыз мүгедектеріне;
Тармақша 2
2) фашистік легерьлердің бұрынғы тұтқындарына;
Тармақша 3
3) қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұжымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен әрі «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған азаматтарға;
Тармақша 4
4) мүгедектік топқа қарамастан соғыс қимылдары кезінде жараланған жауынгер-интернационалист қатарындағы мүгедектерге;
Тармақша 5
5) қаза тапқан жауынгер-интернационалистің отбасына (арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатын);
Тармақша 6
6) Ұлы Отан соғысы кезінде хабарсыз кеткен, қаза тапқан (қайтыс болған) жауынгердің қайталап некеге отырмаған жесіріне;
Тармақша 7
7) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар (оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқып жүрген балалар – олар оқу орындарын бітірген уақытқа дейін) көп балалы аналарға;
Тармақша 8
8) «Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Ардақты ана» атағын алған көп балалы аналарға;
Тармақша 9
9) он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға немесе он алты жасқа дейінгі мүгедек баласына мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындарға (егер бала жас болса немесе қозғала алмайтын болса);
Тармақша 10
10) 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша зейнетақысының көлемі айына тоғыз мыңнан кем зейнеткерлерге;
Тармақша 11
11) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақы алатын зейнеткерлік жастағы тұлғаларға;
Тармақша 12
12) жасына байланысты мемлекеттік жәрдемақы алатын зейнеткерлік жастағы тұлғаларға.
Тармақ 2
2. Қалалық қоғамдық көлікте жүруге әлеуметтік көмек жеңілдік жол билеттері түрінде көрсетіледі және жол билеттерін пайдаланбаған азаматтарға орнына ақшалай төлеу қарастырылмаған.
Тармақ 3
3. Қалалық көлікте жүруге 2006 жылы әлеуметтік көмек көрсету көлемі айына бір адамға жеті жүз елу теңге сомасында белгіленсін.
Тармақ 4
4. «Теміртау қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 007 «Жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасы бойынша қарастырылған қаражат есебінде әлеуметтік көмек көрсету үшін төлемдерді уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулының 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға жеңілдік жол билеттерін уақытылы беруді және Теміртау қаласы әкімдігінің «Жолаушылар көлігін басқару қызметі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына әлеуметтік көмек алатындардың жеке шоты (190 форма) арқылы ақшалай қаражатты аударды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы Теміртау қаласы әділет басқармасында тіркеуден өткен кезден бастап күшіне енеді. КЕЛІСІЛДІ «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы ___________________________Ю. Ким «31» қаңтар 2006 ж. КЕЛІСІЛДІ «Теміртау қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы _________________________Н. Кроут «1» ақпан 2006 ж. КЕЛІСІЛДІ «Теміртау қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы _______________________Б. Қонақаева «1» ақпан 2006 ж.