Об утверждении Инструкции организации и финансирования социальных рабочих мест Қолданыста
Басқа 0
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 тармағы 5-4) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1 тармағы 14) тармақшасына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін (қосымша беріледі).
Тармақ 2
2. Әкімдіктің 2005 жылғы 9 наурыздағы № 65 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулықты және халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздарды еңбекке орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» (Қостанай облысының әділет Департаментінде 2005 жылғы 30 наурызда № 3425 болып тіркелген, аудандық «Наше время» газетінің 2005 жылғы 30 сәуірдегі № 18 санында жарияланған) қаулысының күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековқа жүктелсін.
Басқа 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ
Әкімдіктің
2006 жылғы 9 ақпандағы
№ 30 қаулысымен
бекітілген
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Нұсқаулық (одан әрі - Нұсқаулық) халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерімен (меншік нысанына қарамастан) негізгі шарттар мен есеп айырысу жүйесін реттейді.
Тармақ 2
2. Осы Нұсқаулықта қолданылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) әлеуметтік жұмыс орны - жұмысқа қабылдаған қызметкерлерге еңбек ақы төлеген шығынын ішінара өтеп, нысаналы топтарына жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілерімен жергілікті атқарушы органымен келісім-шарт негізінде құрылатын жұмыс орны;
Тармақша 2
2) нысаналы топтар - Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңымен белгіленген, жұмысқа орналасуға қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды талап ететін тұлғалар топтары.
Тармақша 3
3) «жастардың тәжірибесі» - мамандығы бойынша жұмыс стажы жоқ, кәсіби бойынша курстық дайындау, бастауыш, орта және жоғары білім алған бітірушілерді практикалық тәжірибе, білім, қабілеттер алу үшін әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру;
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздарға еңбек туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнама актілері тарайды.
Тармақ 4
4. «Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыруға жәрдемдеседі.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен жұмысқа орналастыру тәртібі
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен жұмысқа орналастыру тәртібі
Тармақ 5
5. Әлеуметтік жұмыс орындар уақытша жұмыс орындарына қабылдаған жұмыссыздарға еңбек ақы шығынын жергілікті бюджет қаражаты есебінен ішінара өтеумен, өз қаражатынан қаржыландырып, жұмыс берушілермен беріледі немесе құрылады.
Тармақ 6
6. «Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілерімен әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды орналастыру бойынша қызмет көрсету жөнінде шарт жасайды.
Тармақ 7
7. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру және еңбек ақыға арналған бюджеттік қаражаттарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқару органмен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеуді жөніндегі комиссия құрылады және ол, халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілердің жазбаша өтініштері негізінде іріктеу жүргізеді.
8 .Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру «Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жолдамасы бойынша, жұмысқа орналастырудан қызмет көрсетулер жөніндегі келісімнің шарттарында көрсетілген мамандықтары мен көлеміне сәйкес, тараптардың міндеттемелерін, жұмыстың түрлері мен көлемін, еңбекақы төлеу шарттары мен ауқымын, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері мен мерзімін қамтитын келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға нысаналы топтарға жататын аз қамтылған жұмыссыздар басымдық құқыққа ие.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері мен шарттары
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері мен шарттары
Тармақ 10
10. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу жеке еңбек шартының шарттарына сәйкес және орындалған жұмыстың түрі мен көлеміне байланысты жұмыс берушімен ай сайын жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың еңбек ақысына төленген жұмыс берушілердің шығыны жергілікті бюджет қаражаты есебінен ең төменгі жалақының 50 пайыз көлемінде («жастар тәжірибесіне» орналастырылғандарға ең төменгі жалақының 100 пайыз көлемінде) алты айға дейінгі мерзімде өтеледі.
Бюджет қаражатын аудару жөніндегі есеп айырысу жұмыс берушілердің есеп шоттарына жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленген еңбек ақыға заңнамада белгіленген тәртіппен салық салынады.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік жұмыс орындарына алынған жұмыссыздардың еңбек ақысы нақты орындаған жұмыстың көлемі үшін төленеді.
Тармақ 14
14. Жұмыс берушілер жергілікті бюджеттен түскен ақшалай түсімдерді әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздарға еңбек ақыға шыққан шығындарын өтеуге пайдаланады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау
Тармақ 15
15. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Нұсқаулықты сақтауға бақылау жасауды заңдарда белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдар жүзеге асырады.