О реорганизации учреждений образования области Күшін жойған
Басқа 0
Облыстық білім мекемелерін қайта құру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облыстық Әділет
басқармасы бастығының 02.12.2003 жылғы қорытындысымен.
"1999 жылға арналған облыстық бюджет туралы" Маңғыстау облыстық м2слихаты сессиясының 1998 жылғы 29 желтоқсандағй N ХХІІ/239 шешімін және Маңғыстау облысы әкімінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.12.1998 ж. N 1335 “Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші мекемелерінің мәселелері” Қаулысын іске асыру туралы 1999 жылғы 15 қаңтардағы N 317 шешімін іске асыру мақсатында шешім етемін
Тармақ 1
1. Облыстық білім мемлекеттік мекемелерінің тізбесі облыс әкімінің 1999 жылғы 15 қаңтардағы N 317 шешімімен бекітілгені қаперге алынсын.
Тармақ 2
2. Білім мекемелері, мемлекеттік тапсырыс жағдайындағы бюджеттік қаржыландыру шеңберінде өз функцясын жүзеге асыратын мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар болып қайта құрылсын және олардың тізбесі бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 3
3. Мемлекеттік басқаратын өкілетті органы, сондай-ақ облыстық білім мемлекеттік мекемелеріне және облыстық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісі функциясын жүзеге асырушы органы болыстық білім басқармасы белгіленсін.
Тармақ 4
4. Облыстық білім басқармасына облыстың білім мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік қазынашылық кәсіпорындар бойынша үйлестіру және ұйымдастыру- әдістемелік қызметі функциясы жүктелсін.
Тармақ 5
5. Қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық білім басқармасы (Ж. Н. Сағымбаева):
білім мекемелерін заңдармен белгіленген тәртіпте мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар етіп қайта тіркетуді жүзеге асырсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің 2 тармағына сәйкес мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарға, беру актілеріне сәйкес қайта құрылған мекемелердің құқықтары мен міндеттері көшеді.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М.Бортникке жүктелсін.
Басқа 8
Маңғыстау облысы әкімінің
жылғы 21.04.1999 ж.
шешімімен бекітілді.
Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар болып қайта құрылатын облыстағы білім мекемелерінің
ТІЗБЕСІ