О проектном финансировании и секьюритизации Қолданыста
Басқа 0
МАЗМҰНЫ
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасы
2-тарау. Оригинатор және арнайы қаржы компаниясы
3-бап. Оригинаторға қойылатын талаптар
4-бап. Арнайы қаржы компаниясын құру және оның қызметі
4-1-бап. Арнайы қаржы компаниясы органдарын қалыптастырудың ерекшелiктерi
4-2-бап. Жобалық қаржыландыруға қатысу үшін құрылған арнайы қаржы компаниясы қызметінің ерекшеліктері
5-бап. Арнайы қаржы компаниясының аудиті
5-1-бап. Арнайы қаржы компаниясының есептілігі
6-бап. Арнайы қаржы компаниясын қайта ұйымдастыру және тарату
2-1-тарау. Бөлінген активтер
6-1-бап. Бөлінген активтердің құқықтық режимі
6-2-бап. Бөлінген активтерді басқару
6-3-бап. Бөлінген активтерді есепке алу және сақтау
2-2-тарау. Жобалық қаржыландыру
6-4-бап. Жобалық қаржыландыру бойынша қатынастардың туындауы
6-5-бап. Жобалық қаржыландыру кезінде талап ету құқықтарын беру
6-6-бап. Арнайы қаржы компаниясының қатысуымен жобалық қаржыландыру
6-7-бап. Мемлекеттің қатысуымен құрылатын объектілерге меншік құқығы
6-8-бап. Мемлекетке талап ету құқықтарын берудің ерекшеліктері
6-9-бап. Мемлекет қатысатын жобалық қаржыландыру кезінде орындаушыны ауыстырудың ерекшеліктері
6-10-бап. Арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру кезінде облигациялар шығаруының ерекшеліктері
3-тарау. Секьюритилендіру мәмілелерінің ерекшеліктері
7-бап. Секьюритилендіру объектілері
8-бап. Алып тасталды - ҚР 2012.01.12 № 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9-бап. Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру шарты
10-бап. Алып тасталды - ҚР 2012.01.12 № 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
11-бап. Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру
12-бап. Алып тасталды - ҚР 2012.01.12 № 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
13-бап. Секьюритилендіру мәмілелері бойынша есепке алу және есептілік
14-бап. Арнайы қаржы компаниясының секьюритилендіру кезінде облигацияларды шығару ерекшеліктері
3-1-тарау. Синдикатталған қаржыландыру
14-1-бап. Синдикатталған қарыз шартының ерекшеліктері
14-2-бап. Синдикатталған қаржыландыру талаптары
14-3-бап. Берешекті сотқа дейін реттеудің шарттары мен тәртібі және төлемге қабілетсіз қарыз алушыға қатысты қолданылатын шаралар
4-тарау. Қорытынды ережелер
15-бап. Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
16-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) арнайы қаржы компаниясы – жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін оның пайдасына талап ету құқығы берілетін, осы Заңға сәйкес құрылатын заңды тұлға;
Тармақша 2
2) арнайы қаржы компаниясының меншiктi қаражаты – активтер, мiндеттемелер, меншiктi капитал және жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмiлелерi аяқталғаннан кейiн алынған (келтірілген)
кірістер (шығыстар). Бөлiнген активтер, арнайы қаржы компаниясының облигациялары (оның ішінде олар бойынша есептелген купон) арнайы қаржы компаниясының меншiктi қаражатына кiрмейдi;
Тармақша 3
3) арнайы қаржы компаниясының облигациялары – эмитенттің міндеттемелерін орындау бөлінген активтермен қамтамасыз етілетін облигациялар;
Тармақша 4
4) базалық шарт – ол бойынша бір тарап мүлікті түзуге және (немесе) екінші тарапқа беруге немесе түзілген мүлікті пайдалану процесінде қызметтер көрсетуге және (немесе) тауарлар шығаруға және (немесе) жұмыстарды орындауға міндеттеме алатын жазбаша келісім;
Тармақша 4-1
4-1) банк-агент – екінші деңгейдегі банк, Қазақстанның Даму Банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің филиалы;
Тармақша 5
5) бөлiнген активтер – жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмілелерінде арнайы қаржы компаниясына берілген талап ету құқықтары, өзі берген талап ету құқықтары бойынша алынған, банк-кастодиандағы шоттардағы ақша, арнайы қаржы компаниясы көрсетілген ақшаны инвестициялау нәтижесінде сатып алған қаржы құралдары, қаржы құралдарын сату нәтижесінде алынған ақша, сондай-ақ қосымша қамтамасыз етуді түзу кезінде туындайтын мүлік пен мүліктік құқықтар;
Тармақша 6
6) дебитор – қазіргі немесе болашақ ақшалай міндеттемесі бар тұлға;
Тармақша 7
7) жобалық қаржыландыру – мүлікті түзу және (немесе) беру және (немесе) түзілген мүлікті пайдалану процесінде қызметтер көрсету және (немесе) тауарлар шығару және (немесе) жұмыстарды орындау үшін күтілетін жүйелі қаржылық төлемдер қамтамасыз етуі болып табылатын, талап ету құқығын беру арқылы ұзақ мерзімді жобаны қаржыландыруды ұйымдастыру тәсілі;
Тармақша 8
8) жобалық қаржыландыру мәмілесі – тапсырыс берушінің, орындаушының, арнайы қаржы компаниясының, кредиторлардың және өзге де тұлғалардың базалық шартты орындау шеңберінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, сондай-ақ бөлінген активтермен қамтамасыз етілген міндеттемелерді қабылдауға және орындауға бағытталған іс-қимылы;
Тармақша 9
9) инвестициялық портфельді басқарушы – инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның негізінде, бөлінген активтер бойынша арнайы қаржы компаниясына уақытша бос түсімдерді инвестициялау жөнінде арнайы қаржы компаниясына қызмет көрсететін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;
Тармақша 9-1
9-1) кепілді басқарушы – тең кепіл ұстаушылардың арасында жасалған кепілді басқару шартына байланысты солардың атынан және мүдделерінде әрекет ететін, тең кепіл ұстаушылардың атынан кепіл шартын жасайтын заңды тұлға;
Тармақша 10
10) кредитор – облигациялар ұстаушы болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлға немесе жобалық қаржыландыру кезінде кредит беруді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе синдикатталған қаржыландыру кезінде кредит беруді жүзеге асыратын тұлға;
Тармақша 10-1
10-1) кредиторлар синдикатына қатысушылар – екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, «Астана» халықаралық қаржы орталығының банктері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері, халықаралық қаржы ұйымдары;
Тармақша 10-2
10-2) қарыз алушы – синдикатталған қаржыландыру шеңберінде қарыз берілетін заңды тұлға;
Тармақша 11
11) қосымша қамтамасыз ету – арнайы қаржы компаниясының кредиторлар алдындағы міндеттемелерінің орындалуын үшінші тұлғалардың есебінен кепілдік, кепілгерлік, кепілзат түрінде, сондай-ақ шарттарда көзделген өзге де жолдармен қамтамасыз ету тәсілдері;
Тармақша 12
12) оригинатор – секьюритилендіру мәмілесін жасасу кезінде талап ету құқықтарын беруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 13
13) орындаушы – базалық шартқа сәйкес мүлікті түзетін және (немесе) беретін және (немесе) түзілген мүлікті пайдалану процесінде қызметтер көрсететін және (немесе) тауарлар шығаратын және (немесе) жұмыстарды орындайтын заңды тұлға;
Тармақша 14
14) секьюритилендіру – бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығару арқылы ақшалай талап етуді беруге орай қаржыландыру;
Тармақша 15
15) секьюритилендіру мәмілесі – арнайы қаржы компаниясының талап ету құқығын алуы және бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығару;
Тармақша 15-1
15-1) синдикатталған қаржыландыру – бір синдикатталған қарыз шарты негізінде бірнеше кредитордың қарыз алушыны қаржыландыру тәсілі;
Тармақша 15-2
15-2) синдикатталған қарызды ұйымдастырушы – синдикатталған қаржыландыруды ұйымдастыру туралы шартқа сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың құрамын қалыптастыру және қарыз алушымен синдикатталған қарыз шартын жасасу процесін ұйымдастыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын және синдикатталған қарыздың қатысушысы болып табылмайтын тұлға;
Тармақша 16
16) талап ету құқықтары – талап ету құқықтарын беру шартын жасасқан сәтте қолда бар ақшалай талап етулер (қолда бар талап ету құқықтары), сондай-ақ бар міндеттемеден немесе болашақ міндеттемеден болашақта туындайтын ақшалай талап етулер (болашақ талап ету құқықтары);
Тармақша 17
17) талап ету құқықтары бойынша түсiмдер – дебиторлардың мiндеттемелерi бойынша ақшалай нысандағы түсiмдер, сондай-ақ базалық шарт бойынша түзілген мүлікті пайдаланған немесе түзілген мүлікті пайдалану процесінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған тұлғалардан түсетiн түсiмдер;
Тармақша 18
18) талап ету құқықтарының біркелкілігі – талап ету құқықтарының облигацияларды шығару проспектісінде немесе жеке меморандумда немесе облигациялық бағдарлама проспектісінде немесе облигациялық бағдарлама шегіндегі облигацияларды шығару проспектісінде немесе жеке меморандумда айқындалған жалпы объективті өлшемшартқа сәйкестігі;
Тармақша 19
19) тапсырыс беруші – жеке немесе заңды тұлға, Үкімет немесе жергілікті атқарушы орган атынан әрекет ететін мемлекет, сондай-ақ олар уәкілеттік берген, олардың тапсырмасы бойынша базалық шарт іске асырылатын мемлекеттік органдар;
Тармақша 20
20) уәкілетті орган –
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 21
21) үлестес тұлғалар – шешімді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) бір-бірінің (тұлғалардың бірінің) қабылдайтын шешімдеріне, оның ішінде жасасқан мәміленің күшіне қарай ықпал етуге мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлғалар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда);
Тармақша 22
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасы
2-бап. Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасы, егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелеріне және арнайы қаржы компаниясының қызметіне байланысты қатынастарға қолданылады.
Тармақ 3
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Бап 2-1. 2-1-бап. Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
2-1-бап. Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында жобалық қаржыландыру мен секьюритилендірудің құқықтық негіздері мен шарттарын анықтау, жобалық қаржыландыру мен секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беруді жүзеге асыру мен мүліктің құқықтық режимінің ерекшеліктерін, арнаулы қаржы компаниясының құқықтық жағдайын, сондай-ақ синдикатталған қаржыландырудың құқықтық негіздері мен шарттарын айқындау жобалық қаржыландыру мен секьюритилендiру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары болып табылады.
Тармақ 2
2. Жобалық қаржыландыру мен секьюритилендiру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) арнаулы қаржы компанияларын құру, олардың қызметі, қайта ұйымдастыру және тарату тәртібін айқындау;
Тармақша 2
2) реттелуі уәкілетті органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша арнаулы қаржы компанияларының қызметін мониторингтеу;
Тармақша 3
3) кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету.
Тармақ 3
3. Жобалық қаржыландыру мен секьюритилендiру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары:
Тармақша 1
1) арнаулы қаржы компаниялары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) арнаулы қаржы компанияларының жауапкершілігі.
Бап 2-2. 2-2-бап. Уәкілетті органның құзыреті
2-2-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган осы Заңның 2-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы қаржы компанияларының қызметін реттеу саласындағы арнаулы қаржы компанияларының орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уәкілетті орган туралы ережеде айқындалады.
Тарау 2. 2-тарау. Оригинатор және арнайы қаржы компаниясы
2-тарау. Оригинатор және арнайы қаржы компаниясы
Бап 3. 3-бап. Оригинаторға қойылатын талаптар
3-бап. Оригинаторға қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Оригинатор құрылтайшылары (жалғыз құрылтайшысы) жарғылық капиталдың мөлшерін толығымен төлеген не өздері сатып алған оригинатордың акцияларын құрылтай шартына сәйкес толығымен төлеген заңды тұлға болып табылады.
Тармақ 2
2. Оригинатор бір мезгілде секьюритилендірудің бірнеше мәмілелерін жүзеге асыруға қатысуға құқылы.
Тармақ 3
3. Оригинаторда соңғы қаржы жылы үшін аудиторлық есеп болуға тиіс.
Бап 4. 4-бап. Арнайы қаржы компаниясын құру және оның қызметі
4-бап. Арнайы қаржы компаниясын құру және оның қызметі
Тармақ 1
1. Арнайы қаржы компаниясын оригинатор немесе өзге тұлға жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілесіне қатысу үшін акционерлік қоғам немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанында құра алады.
Арнайы қаржы компаниясының жарғылық капиталы тек қана ақшамен қалыптастырылады.
Оффшорлық аймақтарда тіркелген немесе оффшорлық аймақта тіркелген, тізбесін уәкілетті орган белгілейтін үлестес тұлғалары бар заңды тұлғалар арнайы қаржы компаниясының дауыс беретін акцияларын және жарғылық капиталға қатысу үлестерін тікелей немесе жанама иеленуге және (немесе) пайдалануға және (немесе) билік етуге құқылы емес.
Тармақ 2
2. Арнайы қаржы компаниясының атауында "арнайы қаржы компаниясы" деген сөздер болуға тиіс. Атауында "АҚК" аббревиатурасын пайдалану арқылы арнайы қаржы компаниясының атауын қысқартуға жол беріледі. Арнайы қаржы компаниясының атауында оригинатордың немесе арнайы қаржы компаниясы құрылтайшыларының фирмалық атауына байланысты сөздерді пайдалануға жол берілмейді.
Тармақ 3
3. Арнайы қаржы компаниясы инвестициялық портфельді басқарушымен шарт негізінде бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді тізбесін уәкілетті орган белгілейтін қаржы құралдарына ғана инвестициялауды жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Алып тасталды - ҚР 2012.01.12 N 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 4-1. 4-1-бап. Арнайы қаржы компаниясы органдарын қалыптастырудың ерекшелiктерi
4-1-бап. Арнайы қаржы компаниясы органдарын қалыптастырудың ерекшелiктерi
Арнайы қаржы компаниясы органдарының құрамына кредиторлардың талабы бойынша олардың мүдделерiн бiлдiретiн және Қазақстан Республикасының заңнамасына және арнайы қаржы компаниясының жарғысына сәйкес белгiленген өкiлеттiктерi бар тұлғалар енгiзiледi. Заңда белгіленген тәртіппен алынбаған немесе өтелмеген соттылығы бар тұлға арнайы қаржы компаниясының органдарында қызмет атқаруға құқылы емес.
Бап 4-2. 4-2-бап. Жобалық қаржыландыруға қатысу үшін құрылған арнайы қаржы компаниясы қызметінің ерекшеліктері
4-2-бап. Жобалық қаржыландыруға қатысу үшін құрылған арнайы қаржы компаниясы қызметінің ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Жобалық қаржыландыруға қатысу үшін құрылған арнайы қаржы компаниясының мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға:
Тармақша 1
1) бөлінген активтермен қамтамасыз етілген қарыз шарттарын жобалық қаржыландыру мәмілелерін іске асыру мақсатында жасасуға;
Тармақша 2
2) бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығаруға;
Тармақша 3
3) базалық шарт бойынша орындаушының ақшалай талап етулерін беру негізінде қаржыландыру шартын жасасуға;
Тармақша 4
4) бөлінген активтердің құрамына кіретін ақшаны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес кредиторлардың құқықтарын қорғау мақсатында инвестициялауды жүзеге асыруға;
Тармақша 5
5) осы баптың 2-тармағында белгіленген қызмет түрлерін қоспағанда, жобалық қаржыландыру мәмілесін іске асыру үшін қажетті, кредиторлардың мүддесіндегі өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Жобалық қаржыландыруға қатысу үшін құрылған арнайы қаржы компаниясы:
Тармақша 1
1) басқа заңды тұлғалардың құрылтайшысы (қатысушысы, акционері) болуға;
Тармақша 2
2) филиалдар және өкілдіктер құруға;
Тармақша 3
3) бөлінген активтермен қамтамасыз етілген міндеттемелер орындалғанға дейін акционерлерге дивидендтер төлеуге немесе таза пайданы серіктестік қатысушыларының арасында бөлуге;
Тармақша 4
4) кредиторлардың келісімінсіз талап ету құқықтарын кейіннен беруді жүзеге асыруға;
Тармақша 5
5) жобалық қаржыландыру мәмілелеріне қатысы жоқ қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы емес.
Тармақ 3
3. Жобалық қаржыландыру мәмілесіне қатысы жоқ қызмет түрлерін жүзеге асыру арнайы қаржы компаниясы үшін құқықтар мен міндеттердің туындауына әкеп соқпайды.
Бап 5. 5-бап. Арнайы қаржы компаниясының аудиті
5-бап. Арнайы қаржы компаниясының аудиті
Арнайы қаржы компаниясы жылдық қаржылық есептілікке аудит жүргізуге міндетті.
Бап 5-1. 5-1-бап. Арнайы қаржы компаниясының есептілігі
5-1-бап. Арнайы қаржы компаниясының есептілігі
Арнайы қаржы компаниясы есептілікті арнайы қаржы компаниясы мен кредиторлардың арасындағы қарыз шарттарында және (немесе) арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығару талаптарында көзделген тәртіппен және шарттарда, сондай-ақ осы Заңның 13-бабына сәйкес жүзеге асырады.
Бап 6
Бап 6. 6-бап. Арнайы қаржы компаниясын қайта ұйымдастыру және тарату
6-бап. Арнайы қаржы компаниясын қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 1
1. Арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе ерікті түрде тарату туралы шешімді арнайы қаржы компаниясы бөлінген активтермен қамтамасыз етілген барлық міндеттемені орындағаннан кейін ғана оның қатысушысы (қатысушылары) немесе акционері (акционерлері) қабылдауы мүмкін.
Тармақ 2
2. Арнайы қаржы компаниясының банкроттығы туралы сотқа арызды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда:
Тармақша 1
1) арнайы қаржы компаниясы;
Тармақша 2
2) арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушы (ұстаушылар);
Тармақша 3
3) арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкілі;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де тұлғалар беруі мүмкін.
Тармақ 3
3. Арнайы қаржы компаниясы банкрот болған кезде банкроттықты басқарушы бөлінген активтерді арнайы қаржы компаниясы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру үшін арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкіліне басқаруға (бөлінген активтерді өткізу және кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану құқығымен және бөлінген активтердің құрамына кіретін өзге де қамтамасыз ету) береді.
Банкроттықты басқарушының бөлінген активтерді арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкіліне басқаруға беру (бөлінген активтерді өткізу және кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану құқығымен және бөлінген активтердің құрамына кіретін өзге де қамтамасыз ету) тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Тармақ 4
4. Арнайы қаржы компаниясы банкрот болған кезде арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкілі арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың талаптарын қанағаттандырудан бөлек, бөлінген активтердің құрамына кіретін және (немесе) бөлінген активтерді өткізуден түсетін ақша есебінен мыналарды:
кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдануға байланысты мемлекеттік баждар мен шығыстарды және бөлінген активтердің құрамына кіретін өзге де қамтамасыз етуді;
жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелері бойынша арнайы қаржы компаниясына:
орталық депозитарий;
қор биржасы;
арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкілі;
кастодиан банк;
арнайы қаржы компаниясының инвестициялық портфелін басқарушы;
арнайы қаржы компаниясына берілген талап ету құқықтары бойынша дебиторлардан төлемдер жинауды жүзеге асыратын тұлға көрсететін қызметтерді төлейді.
Банкроттық кезінде арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың талаптарын қанағаттандырудың тәртібі мен кезектілігі:
арнайы қаржы компаниясының облигацияларды шығару проспектісінде немесе жеке меморандумында;
облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылған жағдайда – арнайы қаржы компаниясының облигациялық бағдарламасы шегінде облигациялық бағдарлама проспектісінде және облигацияларды шығару проспектісінде (жеке меморандумда) айқындалады.
Тарау 2-1. 2-1-тарау. Бөлінген активтер
2-1-тарау. Бөлінген активтер
Бап 6-1. 6-1-бап. Бөлінген активтердің құқықтық режимі
6-1-бап. Бөлінген активтердің құқықтық режимі
Тармақ 1
1. Бөлiнген активтерді қалыптастыру базалық шарт бойынша жобалық қаржыландыру кезінде орындаушының талап ету құқықтарын беру нәтижесінде, сондай-ақ секьюритилендiру кезінде оригинатордың талап ету құқықтарын арнайы қаржы компаниясының пайдасына беру нәтижесінде және жобалық қаржыландыру мен секьюритилендiру мәмілелерінде қосымша қамтамасыз етуді түзу бойынша өзге де шарттар жасасу нәтижесінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Бөлiнген активтер арнайы қаржы компаниясы бөлінген активтермен қамтамасыз етілген міндеттемелерді орындағанға дейін, арнайы қаржы компаниясының меншікті қаражатынан және кез келген өзге тұлғаға тиесілі не секьюритилендiрудің кез келген өзге де мәмілелеріне жататын кез келген өзге де активтерден бөлек болады.
Тармақ 3
3. Бөлiнген активтер жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру кезінде кредиторлардың құқықтарын қорғау мүддесінде пайдаланылады. Бөлінген активтерді басқа мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.
Тармақ 4
4. Бөлінген активтерге өндіріп алуды арнайы қаржы компаниясының міндеттемелерін жобалық қаржыландыру немесе секьюритилендіру мәмілелері шеңберінде орындау үшін оригинатор және (немесе) арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылар (арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкілі) ғана қолдануы мүмкін.
Бап 6-2. 6-2-бап. Бөлінген активтерді басқару
6-2-бап. Бөлінген активтерді басқару
Тармақ 1
1. Инвестициялық портфельді басқарушы инвестициялауды инвестициялық портфельді басқаруға арналған шарттың негізінде жүзеге асырады.
Инвестициялық портфельді басқаруға арналған шарт Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттарда және тәртіппен жасалады.
Тармақ 2
2. Бағалы қағаздар нарығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттардан басқа инвестициялық портфельді басқаруға арналған шарт мыналарды:
Тармақша 1
1) бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімдерінің шарттарын, тәртібі мен мерзімдерін және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін;
Тармақша 2
2) инвестициялық портфельді басқарушының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмілелерінің қатысушыларымен өзара, оның ішінде қосымша қамтамасыз етуді құру бойынша шарттар жасасу жөніндегі іс-қимыл тәртібін;
Тармақша 3
3) кредиторларға немесе олардың өкіліне және уәкілетті органға ақпаратты ашу тәртібін;
Тармақша 4
4) бөлінген активтер есебінен сатып алуға рұқсат етілген, уәкілетті орган белгілеген тізбеге сәйкес қаржы құралдарының тізбесін қамтуы тиіс.
Тармақ 3
3. Инвестициялық портфельді басқаруға арналған шарт, шарт бойынша міндеттемелерді тоқтатудың жалпы негіздерімен қатар мынадай жағдайлардың бірінде:
Тармақша 1
1) шарт тараптарының біреуінің бастамасы бойынша;
Тармақша 2
2) уәкілетті орган берген инвестициялық портфельді басқарушы лицензиясының қолданылуы тоқтатылған кезде бұзылуы мүмкін.
Инвестициялық портфельді басқаруға арналған шартты бұзудың бастамашысы бұзу күнінен күнтізбелік отыз күн бұрын шарттың тарапын жазбаша хабардар етуге міндетті.
Инвестициялық портфельді басқарушы лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған, одан айырылған жағдайларда инвестициялық портфельді басқарушы бұл туралы күнтізбелік үш күн ішінде арнайы қаржы компаниясын жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
Инвестициялық портфельді басқаруға арналған шарт жаңа инвестициялық портфель басқарушысына берілетін арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салыстыру рәсімі аяқталғаннан кейін бұзылды деп саналады.
Тармақ 4
4. Инвестициялық портфельді басқарушы өз міндеттемелері бойынша арнайы қаржы компаниясының алдында өзіне тиесілі бүкіл мүлкімен жауапты болады.
Бап 6-3. 6-3-бап. Бөлінген активтерді есепке алу және сақтау
6-3-бап. Бөлінген активтерді есепке алу және сақтау
Тармақ 1
1. Арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерi кастодиандық шартқа сәйкес кастодиан-банктің шоттарында сақталады және есепке алынады.
Тармақ 2
2. Кастодиандық шарт кастодиан-банк пен арнайы қаржы компаниясы арасында, сондай-ақ арнайы қаржы компаниясы бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялаған жағдайда инвестициялық портфельді басқарушымен жасалады.
Тармақ 3
3. Кастодиандық үлгілік шарттың нысанын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
Тармақ 4
4. Кастодиан-банк уәкiлеттi органды, арнайы қаржы компаниясын, инвестициялық портфельді басқарушыны, сондай-ақ мәміле оның сауда жүйесінде жасалса, жасалған мәміленің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтіні туралы қор биржасын дереу хабардар етуге міндетті.
Тармақ 5
5. Кастодиан-банктің арнайы қаржы компаниясы активтерінің нысаналы орналастырылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 6
6. Кастодиан-банк арнайы қаржы компаниясына оның шоттарының жай-күйі туралы ай сайын хабарлап отырады.
Тармақ 7
7. Кастодиандық шарт бір мезгілде бір кастодиан-банкпен ғана жасалуға тиіс.
Тармақ 8
8. Шарт бойынша міндеттемелердің тоқтатылуының жалпы негіздерімен қатар, кастодиандық шарт мына жағдайлардың бірінде:
Тармақша 1
1) арнайы қаржы компаниясы атқарушы органының тиісті шешімінің негізінде;
Тармақша 2
2) инвестициялық портфельді басқарушының талабы бойынша;
Тармақша 3
3) кастодиан-банктің шешімі бойынша;
Тармақша 4
4) кастодиан-банктің уәкілетті орган берген лицензиясының қолданылуы тоқтатылған жағдайда бұзылуы мүмкін.
Кастодиан-банктің лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған, ол лицензиясынан айырылған жағдайда, кастодиан-банк бұл туралы күнтізбелік үш күн ішінде арнайы қаржы компаниясына жазбаша хабарлауға міндетті.
Кастодиандық шартты бұзудың бастамашысы шарттың тараптарына шартты бұзудың белгіленген күнінен күнтізбелік отыз күн бұрын хабарлауға міндетті.
Кастодиандық шарт арнайы қаржы компаниясының активтерін жаңа кастодиан-банкке уәкілетті орган белгілеген тәртіппен беру рәсімдері аяқталғаннан кейін бұзылған болып есептеледі.
Тарау 2-2. 2-2-тарау. Жобалық қаржыландыру
2-2-тарау. Жобалық қаржыландыру
Бап 6-4. 6-4-бап. Жобалық қаржыландыру бойынша қатынастардың туындауы
6-4-бап. Жобалық қаржыландыру бойынша қатынастардың туындауы
Тармақ 1
1. Жобалық қаржыландыру бойынша мәміле кезінде тапсырыс беруші орындаушымен базалық шарт жасасады, ол бойынша орындаушы мүлікті түзу және (немесе) беру және (немесе) түзілген мүлікті пайдалану процесінде қызметтер көрсету және (немесе) тауарлар шығару және (немесе) жұмыстарды орындау нәтижесінде ұзақ мерзімді негізде жүйелі түрде ақшалай түсімдер құқығын иеленеді.
Тармақ 2
2. Орындаушы өз міндеттемелерінің орындалуын базалық шарт бойынша талап ету құқықтарын кредиторларға немесе арнайы қаржы компаниясына беру жолымен қамтамасыз ете отырып және (немесе) өзге қамтылымды ұсына отырып, кредиторлармен қарыз шарттарын жасасады және (немесе) облигациялар шығарады немесе арнайы қаржы компаниясынан қаржыландыру алады.
Тармақ 3
3. Кредиторлар өздерінің арасындағы келісімнің негізінде орындаушымен және (немесе) арнайы қаржы компаниясымен өзара қарым-қатынасындағы өздерінің құқықтары мен міндеттерінің жүзеге асырылу тәртібі мен шарттарын айқындай, оның ішінде кредиторлар міндеттемелерін қанағаттандырудың кезектілігін көздей, сондай-ақ кредиторлардың өкілін айқындай алады.
Тармақ 4
4. Егер жобалық қаржыландыру мәмілесінде тараптардың бірі мемлекет болса, жобалық қаржыландыру тек қана жобалық қаржыландыру мәмілесін орындауды іске асыру үшін орындаушы құратын арнайы қаржы компаниясының қатысуымен жүзеге асырылуы тиіс.
Тармақ 5
5. Егер кредиторлардың кем дегенде біреуі бұл туралы талап етсе, жобалық қаржыландыру арнайы қаржы компаниясының қатысуымен жүзеге асырылуға тиіс.
Тармақ 6
6. Базалық шартты бұзу және қатысушыларының шарт міндеттемелерін орындаудан бас тартуы осы Заңда мемлекеттің қатысуымен болатын жобалық қаржыландыру бойынша қарым-қатынастар үшін көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Орындаушы базалық шартта айқындалған өзінің міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, базалық шартта оны ауыстыру мүмкіндігі көзделуге тиіс.
Бап 6-5. 6-5-бап. Жобалық қаржыландыру кезінде талап ету құқықтарын беру
6-5-бап. Жобалық қаржыландыру кезінде талап ету құқықтарын беру
Тармақ 1
1. Орындаушы кредиторларға немесе арнайы қаржы компаниясына өзіне тиесілі талап ету құқығын береді. Берілетін талап етулерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынбауға тиіс. Берілетін талап ету құқықтарын беру талаптары мен көлемі шартта айқындалады.
Тармақ 2
2. Жобалық қаржыландыру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру шарты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 346-бабында белгіленген талаптар сақтала отырып, жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Талап ету құқықтарын басқаға беру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыздығына алып келеді.
Тармақ 3
3. Орындаушы болашақтағы талап етуін берген кезде осы құқықты өзге тұлғаларға беру мүмкіндігінсіз талап ету құқығын беру шартын жасасқан сәтте ол кредиторларға немесе арнайы қаржы компаниясына ауысады.
Тармақ 4
4. Орындаушы кредиторлардың немесе арнайы қаржы компаниясының алдында оларға берілген талап ету құқықтарының шынайылығы үшін жауап береді, бірақ, егер талап ету құқығын беру шартында өзгеше көзделмесе, тапсырыс берушінің және базалық шарт бойынша түзілген мүлікті пайдалануды жүзеге асыратын тұлғалардың осы талапты орындамағаны үшін жауап бермейді.
Тармақ 5
5. Егер базалық шартта өзгеше көзделмесе, базалық шарт бойынша түзілген мүлікті пайдалануға берген кезден бастап талап ету құқығы қойылуы мүмкін.
Бап 6-6. 6-6-бап. Арнайы қаржы компаниясының қатысуымен жобалық қаржыландыру
6-6-бап. Арнайы қаржы компаниясының қатысуымен жобалық қаржыландыру
Тармақ 1
1. Арнайы қаржы компаниясы өз міндеттемелерінің орындалуын бөлінген активтермен қамтамасыз ете отырып, кредиторлармен қарыз шарттарын жасасады және (немесе) облигациялар шығаруды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Арнайы қаржы компаниясы талап ету құқықтарын беру шартына сәйкес оның міндеттемелерін не мүлікті түзу және беру, сондай-ақ түзілген мүлікті базалық шартқа сәйкес пайдалану процесінде қызметтер көрсету және (немесе) тауарлар шығару және (немесе) жұмыстарды орындау нәтижесінде орындаушының шеккен шығыстарын қаржыландыру немесе қайта қаржыландыру мақсатында ақшаны орындаушыға береді.
Бап 6-7. 6-7-бап. Мемлекеттің қатысуымен құрылатын объектілерге меншік құқығы
6-7-бап. Мемлекеттің қатысуымен құрылатын объектілерге меншік құқығы
Мемлекеттің тапсырысымен базалық шарт бойынша түзілген мүлікке меншік құқығы мемлекетке тиесілі болады.
Бап 6-8. 6-8-бап. Мемлекетке талап ету құқықтарын берудің ерекшеліктері
6-8-бап. Мемлекетке талап ету құқықтарын берудің ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Мемлекет «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және шарттарда тапсырыс беруші ретінде жобалық қаржыландыруға қатысады.
Тармақ 2
2. Базалық шарт бойынша орындаушыны таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Базалық шарт бойынша орындаушы мемлекетті өзінің кредиторларға немесе арнайы қаржы компаниясына талап ету құқықтарын беруді жүргізгені туралы күнтізбелік он күн ішінде жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.
Бап 6-9. 6-9-бап. Мемлекет қатысатын жобалық қаржыландыру кезінде орындаушыны ауыстырудың ерекшеліктері
6-9-бап. Мемлекет қатысатын жобалық қаржыландыру кезінде орындаушыны ауыстырудың ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Орындаушы базалық шартта айқындалған өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес бұл жөнінде орындаушы мен кредиторларды күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей ескерте отырып, шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
Тармақ 2
2. Базалық шарт бойынша жаңа орындаушыны таңдау осы Заңның 6-8-бабының 2-тармағына сәйкес мынадай талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) оның негiзiнде базалық шарт бойынша жаңа орындаушыны таңдау мақсатында конкурс өткiзiлiп отырған конкурстық құжаттаманың ережелерi қайталама конкурс өткiзiлетін кезге шарттың iс жүзiнде орындалған талаптарын ескере отырып, өзгерген ережелердi қоспағанда, алдыңғы конкурстың конкурстық құжаттамасының ережелерiне сәйкес келуi тиiс;
Тармақша 2
2) конкурстық құжаттама жаңа орындаушының кредиторлармен келiсiлген олардың алдындағы мiндеттемелерiн орындауы жөніндегі талапты қамтуы тиіс.
Тармақ 3
3. Базалық шарт бойынша жаңа орындаушыны таңдау бойынша конкурс өткізу кезінде кредиторлармен келісім бойынша тапсырыс беруші базалық шарт бойынша талаптарды орындауды уақытша орындаушыға жүктеуі мүмкін, оны таңдаудың тәртібі мен қызметін жүзеге асыру талаптарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Бап 6-10. 6-10-бап. Арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру кезінде облигациялар шығаруының ерекшеліктері
6-10-бап. Арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру кезінде облигациялар шығаруының ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығаруы "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Арнайы қаржы компаниясы бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығаруды жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 3
3. Арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығару проспектісінде немесе жеке меморандумында немесе облигациялық бағдарлама проспектісінде немесе облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінде немесе жеке меморандумында Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында көрсетілген мәліметтерден бөлек, мыналар қамтылуға тиіс:
Тармақша 1
1) ақшалай талаптардың сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімдерінің шарттары мен болжамды мерзімдері;
Тармақша 2
2) осы Заңның талаптарына сәйкес келетін, облигацияларды орналастыру нәтижесінде арнайы қаржы компаниясы алған ақшаның нысаналы мақсаты (облигациялық бағдарлама проспектісін қоспағанда);
Тармақша 3
3) облигацияларды ұстаушыларға базалық шарт бойынша түзілген мүліктің меншік иесінің ауысуы туралы ақпарат беру тәртібі және арнайы қаржы компаниясының органдарына кредиторлардың өкілдерін енгізу және олардың өкілеттіктерін белгілеу тәртібі;
Тармақша 4
4) арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру мәмілесіне қызмет көрсетуге, бөлінген активтер есебінен жүзеге асырылатын инвестициялық басқаруға байланысты шығыстар тізбесі;
Тармақша 5
5) сыйақы төлеу және бір облигациялық бағдарлама шегінде шығарылған әртүрлі шығарылымдардың облигацияларын өтеу тәртібі мен кезектілігі (облигациялық бағдарламаның проспектісінде және облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінде немесе жеке меморандумда көрсетіледі);
Тармақша 6
6) арнайы қаржы компаниясы банкрот болған кезде арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың талаптарын қанағаттандыру тәртібі мен кезектілігі.
Тармақ 4
4. Облигациялық бағдарлама бойынша облигациялар шығаруды қоспағанда, арнайы қаржы компаниясы бір жобалық қаржыландыру мәмілесінің шеңберінде кейіннен облигациялар шығаруды жүзеге асыруға құқылы емес.
Тарау 3. 3-тарау. Секьюритилендіру мәмілелерінің ерекшеліктері
3-тарау. Секьюритилендіру мәмілелерінің ерекшеліктері
Бап 7. 7-бап. Секьюритилендіру объектілері
7-бап. Секьюритилендіру объектілері
Тармақ 1
1. Секьюритилендіру объектілері болып табылатын талап ету құқықтары біркелкі болуға тиіс.
Тармақ 2
2. Арнайы қаржы компаниясы бөлінген активтер бойынша түсімдерді өзі шығарған облигациялар бойынша міндеттемелерін орындауға және бір секьюритилендіру мәмілесі шеңберінде көрсетілген қызметтердің ақысын төлеуге, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда қаржы құралдарына инвестициялауға пайдаланады.
Бап 8. 8-бап. Бөлінген активтер
8-бап. Бөлінген активтер
Бап 9. 9-бап. Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру шарты
9-бап. Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру шарты
Тармақ 1
1. Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру шарты бойынша оригинатор өзінің дебиторлармен қатынастарынан туындайтын дебиторларға қойылатын болашақтағы немесе қазіргі талап ету құқықтарын береді немесе оны беруге міндеттенеді, ал арнайы қаржы компаниясы осы талап ету құқықтарымен қамтамасыз етілген облигацияларды орналастырудан алынған ақша қаражатын оригинаторға беру арқылы оларды сатып алуды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, оригинатор дебиторлардан басқаға берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдер жинауды жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Секьюритилендіру мәмілесі бойынша басқаға беру нысаны болып табылатын талап ету құқықтары оригинатор мен арнайы қаржы компаниясы арасындағы шартта шарт жасасу кезінде орын алған ақшалай талап, ал болашақ талап - ол туындаған кезден кешіктірмей белгілеуге мүмкіндік беретіндей болып айқындалуға тиіс.
Тармақ 4
4. Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру шарты Азаматтық кодекстің 346-бабында белгіленген талаптарды сақтай отырып, жазбаша түрде жасалуға тиіс.
Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыздығына алып келеді.
Тармақ 5
5. Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру нәтижесінде арнайы қаржы компаниясы дебиторлардан талаптарды орындау үшін алынған талап ету құқықтары бойынша барлық түсімдерді алу құқығына ие болады.
Оригинатор талап ету құқықтары бойынша түсімдердің арнайы қаржы компаниясының осы құқықтарды алу үшін оригинаторға төлеген сомасынан кем болғаны үшін арнайы қаржы компаниясының алдында жауаптылықта болмайды.
Бап 10. 10-бап. Бөлінген активтерді басқару
10-бап. Бөлінген активтерді басқару
Бап 11. 11-бап. Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру
11-бап. Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру
Тармақ 1
1. Қазіргі талап ету құқығы, облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінен бастап жасасқан шарт бар болған жағдайда, арнайы қаржы компаниясына ауысқан болып есептеледі.
Тармақ 2
2. Болашақ талап ету құқығын басқаға берген кезде осы баптың 1-тармағында көзделген талап болған жағдайда, шартта көзделген басқаға беру талабының мәні болып табылатын ақша алу құқығының өзі туындағаннан кейін арнайы қаржы компаниясына ауысқан болып есептеледі. Осы құқық туындаған кезде болашақ талап ету құқығын кейіннен басқаға беруді қосымша ресімдеу қажет етілмейді. Егер ақшалай талап етуді басқаға беру белгілі бір оқиғамен байланысты болса, онда ол осы оқиға басталғаннан кейін күшіне енеді.
Бап 12. 12-бап. Бөлінген активтерді есепке алу және сақтау
12-бап. Бөлінген активтерді есепке алу және сақтау
Бап 13. 13-бап. Секьюритилендіру мәмілелері бойынша есепке алу және есептілік
13-бап. Секьюритилендіру мәмілелері бойынша есепке алу және есептілік
Тармақ 1
1. Арнайы қаржы компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бухгалтерлік есеп жүргізеді және арнайы қаржы компаниясының өз қаражаты мен бөлінген активтері, облигациялары (оның ішінде олар бойынша есептелген купон) бойынша бөлек қаржылық есептілікті ұсынады.
Тармақ 2
2. Уәкілетті орган осы облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепті бекіткеннен кейін қалған облигациялар бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтер арнайы қаржы компаниясының
кірістеріне (шығыстарына)
жатқызылады.
Тармақ 3
Тармақ 4
4. Кастодиан-банктің арнайы қаржы компаниясының активтерін, сондай-ақ облигациялармен жасалған мәмілелерді есепке алу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.
Бап 14. 14-бап. Арнайы қаржы компаниясының секьюритилендіру кезінде облигацияларды шығару ерекшеліктері
14-бап. Арнайы қаржы компаниясының секьюритилендіру кезінде облигацияларды шығару ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының талаптарынан басқа, арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығару
проспектісі немесе жеке меморандум немесе облигациялық бағдарлама проспектісі немесе облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісі немесе жеке меморандум
мынадай мәліметтерді:
Тармақша 1
1) оригинатордың, кастодиан-банктің, инвестициялық портфельді басқарушының, арнайы қаржы компаниясының және басқаға берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдер жинауды жүзеге асыратын тұлғаның атауы мен орналасқан жерін;
Тармақша 2
2) оригинатордың қызметінің нысанасын, секьюритилендіру мәмілесіндегі құқықтары мен міндеттерін;
Тармақша 3
3) талап ету құқықтарының сипаттамасын, бөлінген активтер құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсу шарттарын, тәртібі мен мерзімдерін және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін;
Тармақша 4
4) бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау тәртібін;
Тармақша 5
Тармақша 6
Тармақша 7
Тармақша 8
Тармақша 9
9) қосымша қамтамасыз ету туралы;
Тармақша 10
Тармақша 11
11) талап ету құқықтарының біркелкілік өлшемдерін;
Тармақша 12
12) сыйақы төлеу және бір облигациялық бағдарлама шегінде шығарылған әртүрлі шығарылымдардың облигацияларын өтеу тәртібі мен кезектілігі (облигациялық бағдарлама проспектісінде және облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінде немесе жеке меморандумда көрсетіледі);
Тармақша 13
13) алып тасталды - ҚР 2012.01.12 N 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 14
14) арнайы қаржы компаниясы банкрот болған кезде арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың талаптарын қанағаттандыру тәртібі мен кезектілігін қамтуға тиіс.
Тармақ 2
2. Арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығару проспектісіне немесе жеке меморандумына оригинатордың соңғы қаржы жылы үшін аудиторлық есебі, оригинатор мен арнайы қаржы компаниясы арасында жасалған, осы секьюритилендіру мәмілесі бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру шарты қоса беріледі.
Оригинатордың соңғы қаржы жылы үшін аудиторлық есебі болмаған жағдайда, арнайы қаржы компаниясы облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берудің алдындағы оригинатордың соңғы есепті тоқсан үшін қаржылық есептілігінің көшірмесін уәкілетті органға ұсынады.
Тармақ 3
Тармақ 4
4. Арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкілі оригинатордың
үлестес
тұлғасы болмауға тиіс.
Тарау 3-1. 3-1-тарау. Синдикатталған қаржыландыру
3-1-тарау. Синдикатталған қаржыландыру
Бап 14-1. 14-1-бап. Синдикатталған қарыз шартының ерекшеліктері
14-1-бап. Синдикатталған қарыз шартының ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Синдикатталған қарыз шарты бойынша бірнеше кредитор (бұдан әрі – кредиторлар синдикаты) бір-бірімен келісе отырып, қарыз алушының меншігіне әрбір кредитор үшін шартта көзделген мөлшерде және мерзімдерде ақша беруге немесе беріп тұруға міндеттенеді, ал қарыз алушы кредиторларға олардан алған ақшаны қайтаруға, сыйақыны, сондай-ақ, егер шартта өзге де төлемдерді төлеу міндеті көзделсе, оларды төлеуге міндеттенеді.
Тармақ 1-1
1-1. Синдикатталған қарыз шарты қарыз алушы кредиторлар синдикатының бірнеше болашақ қатысушыларымен қарыз (банктік қарыз) шарттарын жасасқаннан кейін жасалуы мүмкін. Мұндай жағдайда синдикатталған қарыз шарты, егер бұрын туындаған міндеттемелерге қатысушылардың құрамы мен синдикатталған қарыз шартына қатысушылардың құрамы толығымен сәйкес келсе, аталған тұлғалардың бұрын туындаған міндеттемелерін өзгертеді, бұл ретте синдикатталған қарыз шарты кепіл шартын және (немесе) қарыз алушының міндеттемелеріне байланысты өзге де келісімді тоқтатуды немесе өзгертуді көздеуі мүмкін.
Тармақ 2
2. Қарыз алушы мен кредиторлар синдикатына қатысушылар (кредиторлар синдикатына бастапқы қатысушылар) арасында жасалған синдикатталған қарыз шартында оған кредиторлар синдикатына жаңа қатысушылардың қосылу мүмкіндігі көзделуі мүмкін, оларға қатысты синдикатталған қарыз шарты кредиторлар синдикатына жаңа қатысушылардың шартта көзделген тәртіппен оған қосылған кезінен бастап қолданылады. Егер синдикатталған қарыз шартында өзгеше көзделмесе, кредиторлар синдикатына жаңа қатысушылар шартқа қосылған кезде кредиторлар синдикатына бастапқы қатысушылардың және қарыз алушының міндеттемелері өзгермейді.
Тармақ 2-1
2-1. Егер заңды тұлға мен осы Заңға сәйкес кредиторлар синдикатының қатысушысы (бастапқы кредитор) болуға құқылы өзге тұлға арасында екіжақты қарыз (банктік қарыз) шарты жасалса, аталған тұлғалардың қатысуымен синдикатталған қарыз шарты мынадай тәсілдердің бірімен:
Тармақша 1
1) екіжақты қарыз (банктік қарыз) шарты тараптарының үшінші тұлғамен (үшінші тұлғалармен) келісім жасасуы арқылы жасалуы мүмкін, оған сәйкес үшінші тұлға (үшінші тұлғалар) бастапқы кредитормен келісе отырып, қарыз алушыға көрсетілген келісімде белгіленген мөлшерде және мерзімдерде ақша беру немесе беріп отыру міндетін қабылдайды және (немесе) кредитор тарапында бастапқы міндеттемеге кіріседі;
Тармақша 2
2) егер бұл ретте бастапқы кредитор мен жаңа кредитор немесе жаңа кредиторлар арасында қарыз беруге, оған қызмет көрсетуге және қайтаруға байланысты барлық кредиторлардың қарыз алушыға және өзге де тұлғаларға қатысты шешімдер қабылдауының және олардың міндеттерді орындауының тәртібі туралы келісім жасалса және қарыз алушы өзі қатысатын қатынастарға қатысты осы Заңның ережелерін қолдануға кез келген уақытта келісім берсе, бастапқы кредитордың екіжақты қарыз шарты бойынша талап ету құқықтарын жаңа кредиторға немесе жаңа кредиторларға беруі арқылы жасалуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Синдикатталған қарыз шартында жиынтығында қаржыландырудың жалпы көлемінің кемінде үштен екісін құрайтын қаржыландыру үлесі бар кредиторлар қабылдаған шешімдер негізінде және осындай шешімде көзделген тәртіппен:
Тармақша 1
1) кредиторлар синдикатына барлық қатысушылардың құқықтарды жүзеге асыруы немесе белгілі бір құқықтардан бас тартуы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартта көзделген жағдайларда қарыз алушыға синдикатталған қарыз шартынан бас тарту туралы хабарламаны немесе оны өзгерту не бұзу туралы талапты жіберу;
Тармақша 3
3) кредиторлар синдикатына қатысушылар немесе үшінші тұлғалар қатарынан банк-агентті және (немесе) кепілді басқарушыны таңдау, оларға белгілі бір өкілеттіктер беру және оларға осындай өкілеттіктерді жүзеге асыру мәселелері бойынша нұсқаулар жіберу;
Тармақша 4
4) синдикатталған қарыз шарты бойынша барлық кредиторлардың талап ету құқықтарын кредиторлар синдикатына басқа қатысушыға, сондай-ақ осы Заңға сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылар болуға құқылы тұлғаларға беру;
Тармақша 5
5) синдикатталған қарыз шартында айқындалған жағдайларда, қарыз нысанасының барлық немесе қалған бөлігін сыйақымен бірге мерзімінен бұрын қайтару;
Тармақша 6
6) кепілге салынған мүлікке соттан тыс тәртіппен не сот тәртібімен өндіріп алуды қолдану;
Тармақша 7
7) синдикатталған қарыз шарты бойынша борыш сомасын өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгіну;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз алушыға қатысты оңалту рәсімін қолдану не қарыз алушыны банкрот деп тану туралы арызбен сотқа жүгіну жүргізілетіні көзделуге тиіс.
Тармақ 4
4. Синдикатталған қарыз шарты жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Синдикатталған қарыз шартының жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыз болуына алып келеді.
Тармақ 5
5. Егер кредиторлардың және (немесе) қарыз алушылардың ең болмағанда біреуі шетелдік ұйым, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушысы және (немесе) халықаралық қаржы ұйымы болып табылса, тараптардың келісімі бойынша синдикатталған қарыз шарты шетелдік құқықпен реттелуі мүмкін.
Тармақ 6
6. Кредиторлар синдикатына қатысушылардың бірі синдикатталған қарыз шартын бұзу туралы талапты мәлімдеген жағдайда осындай шарт кредиторлар синдикатының басқа қатысушыларының кемінде екеуі қалған кезде соларға қатысты өз қолданысын сақтайды.
Бап 14-2. 14-2-бап. Синдикатталған қаржыландыру талаптары
14-2-бап. Синдикатталған қаржыландыру талаптары
Тармақ 1
1. Синдикатталған қаржыландыру кемінде екі кредитор қатысқан кезде жүзеге асырылады.
Тармақ 1-1
1-1. Синдикатталған қарыз шартын жасасқысы келетін тұлға осы Заңға сәйкес кредиторлар синдикатының қатысушылары болуға құқылы тұлғалардың бірімен немесе осындай бірнеше тұлғалармен синдикатталған қаржыландыруды ұйымдастыру туралы шарт жасасуға құқылы, ол бойынша синдикатталған қарызды ұйымдастырушы тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша әрекет ете отырып, оған белгілі бір талаптарда синдикатталған қарыз шартын жасасуға дайындалу жөніндегі қызметтер (синдикатталған қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер) көрсетуге міндеттенеді, ал тапсырыс беруші осы қызметтерді көрсеткені үшін сыйақы төлеуге міндеттенеді. Егер синдикатталған қаржыландыруды ұйымдастыру туралы шартта өзгеше көзделмесе, синдикатталған қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер синдикатталған қарыз шартын жасасу кезінде көрсетілген болып есептеледі.
Синдикатталған қаржыландыруды ұйымдастыру туралы шарт жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Синдикатталған қаржыландыруды ұйымдастыру туралы шарттың жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыз болуына алып келеді.
Тармақ 2
2. Әрбір кредитор қарыз алушыға беретін ақшаның мөлшері синдикатталған қарыз шартында тұрақты ақша сомасында немесе қарыз алушыға беруге жататын ақшаның белгілі бір үлесі түрінде белгіленуі мүмкін.
Әрбір кредитордың қарыз алушыға берілген ақшаның мөлшеріне пропорционалды қарыз алушыға қатысты дербес құқықтары (талаптары) болады.
Егер синдикатталған қарыз шартында өзгеше көзделмесе, кредитор өзге кредиторлардың қарыз алушыға ақша беру жөніндегі міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапты болмайды.
Қарыз алушы банк-агенттің кредиторлар синдикатына қатысушылардың құрамы туралы және олардың қарыз алушыға қоятын талаптарының мөлшері туралы ақпарат беруін талап етуге құқылы.
Егер синдикатталған қарыз шартында өзгеше көзделмесе, қарыз алушы синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауға құқылы.
Егер синдикатталған қарыз шартында өзгеше көзделмесе, кредиторлар синдикатына қатысушылар арасындағы келісімді, кепілді басқару шартын жасасу, өзгерту немесе тоқтату кредиторлар синдикатына әрбір қатысушы мен қарыз алушы арасында синдикатталған қарыз шарты бойынша туындайтын міндеттемелерді өзгертуге немесе тоқтатуға алып келмейді.
Кредиторлар синдикатына қатысушылар синдикатталған қарыз шартының талаптарын, оның ішінде синдикатталған қарыз шартын жасасу күніне белгіленген әрбір кредитор қарыз алушыға беретін ақша мөлшерін біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы емес.
Тармақ 3
3. Кредиторлар синдикатына қатысушылар арасындағы қатынастар және олардың бірлескен қызметін үйлестіру тәртібі кредиторлар синдикатына қатысушылар арасындағы келісіммен реттеледі.
Кредиторлар синдикатына қатысушылар арасындағы келісім синдикатталған қарыз шарты жасалғанға дейін де, ол жасалғаннан кейін де, оның ішінде қарыз нысанасы берілгеннен кейін кредиторлар синдикатына қатысушылар арасында жасалуы мүмкін.
Кредиторлар синдикатына қатысушылардың біреуі немесе бірнеше қатысушысы синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындаудан біржақты бас тартқан жағдайда, кредиторлар синдикатына қатысушылардың жауапкершілігі мен осы Заңның 14-1-бабы 3-тармағының талаптарын ескере отырып, синдикатталған қарыз шартын орындаумен байланысты мәселелер, оның ішінде кредиторлар синдикатына қатысушының талап ету құқықтары мен өзге де құқықтарының басқа тұлғаға ауысуы мәселесі жөнінде шешімдер қабылдау тәртібі кредиторлар синдикатына қатысушылардың арасындағы келісімде айқындалады.
Кредиторлар синдикатына қатысушылардың құқықтарын банк-агент жүзеге асырған кезде кредиторлар синдикатына өзге де қатысушылар шартта көзделген құқықтарды синдикатталған қарыз шарты тоқтатылған кезге дейін немесе синдикатталған қарыз шартында көзделген кредиторлар синдикатына қатысушылардың құқықтарын банк-агенттің жүзеге асыруы туралы талаптың күші жойылғанға дейін жүзеге асыруға құқылы емес.
Банк-агент кредиторлар тізілімін жүргізеді, кредиторлардың әрқайсысы қарыз алушыға берген барлық қарыздарды есепке алуды жүзеге асырады, қарыз алушыдан немесе үшінші тұлғалардан синдикатталған қарыз шарты бойынша орындауды, оның ішінде сыйақы мен өзге де төлемдерді алады, келіп түскен ақшаны есепке алуды жүргізеді және оларды кредиторлар арасында бөледі, кредиттік дерекнама мен құжаттама жинауды, қалыптастыруды және жүргізуді, қарыз алушының қарызды нысаналы пайдалануына және қарыз алушының синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындауына бақылауды, қарыз алушының қаржылық жағдайына мониторингті жүзеге асырады, қарыз алушыны синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімін өткізіп алғаны туралы хабардар етеді, сондай-ақ кредиторлар синдикатына қатысушылар арасындағы келісімге сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Банк-агент кредиторлар синдикатының шешімдер қабылдауы кезінде, сондай-ақ банк-агенттің кредитор ретінде өз құқықтарын жүзеге асыруы кезінде және синдикатталған қарыз шартының талаптарына сәйкес кредитор ретінде заңдық мәні бар әрекеттер жасау кезінде кредиторлар синдикатының өзге де қатысушыларымен тең әрекет етеді.
Егер осы бапта өзгеше көзделмесе немесе синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттемелердің мәнінен өзге туындамаса, банк-агенттің міндеттеріне тапсырма шарты туралы қағидалар қолданылады.
Кредиторлар синдикатына қатысушы әрбір кредитор банк-агент функцияларының тиісінше орындалмауынан туындаған шығындарды өтеу жөніндегі өз талаптарын мәлімдеуге құқылы.
Тармақ 4
4. Кредиторлар (бірлесіп кепіл ұстаушылар) кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша кепілді басқарушымен кепілді басқару шартын жасасуға құқылы.
Кепілді басқару шарты бойынша кепілді басқарушы барлық кредиторлардың (бірлесіп кепіл ұстаушылардың) атынан және мүдделерінде әрекет етеді, кепіл берушімен кепіл шартын жасасады және кепіл шарты бойынша кепіл ұстаушылардың барлық құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ кепілді басқару шартына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Кредиторлар (бірлесіп кепіл ұстаушылар) кепілді басқару шарты тоқтатылған кезге дейін өздерінің кепіл ұстаушы құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға құқылы емес.
Кредиторлар синдикатталған қарыз шарты бойынша талап ету құқықтарын кредиторлар синдикатына қатысушы басқа кредиторға, сондай-ақ осы Заңға сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылар болуға құқылы тұлғаларға беруді жүргізуге құқылы.
Синдикатталған қарыз шартында кредиторлар синдикатына қатысушының қарыз беру жөніндегі өз міндетін аударуына қарыз алушының алдын ала келісімі болуы мүмкін.
Банк-агенттің барлық құқықтары мен міндеттері осы Заңға сәйкес банк-агент болуға құқылы басқа тұлғаға берілген жағдайда, жаңа банк-агент қарыз алушыға мұндай берудің жасалғаны туралы хабарлама жіберуге міндетті. Егер қарыз алушы мұндай хабарламаны алмаса, қарыз алушы бастапқы банк-агентке ақша беру арқылы жүргізген синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттемелер тиісінше орындалды деп есептеледі.
Синдикатталған қарыз шарты бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру кезінде басқаға беруді жасаған кредитор жаңа кредиторға талап ету құқықтарының ауысқаны туралы растайтын құжаттарды ұсына отырып, банк-агентті және кепілді басқарушыны талап ету құқықтарының ауысқаны туралы хабардар етуге міндетті.
Қарыз алушыны кредиторлар синдикатына қатысушының талап ету құқықтарының басқа тұлғаға өтуі туралы хабардар етуді банк-агент және кепілді басқарушы кредитордың талап ету құқықтарының жаңа кредиторға өтуі туралы хабарламасын алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Кредиторлар синдикатына қатысушының құқықтары (талаптары) басқа тұлғаға ауысқан кезде осындай тұлғаға қатысты банк-агент пен кепілді басқарушының синдикатталған қарыз шартына немесе кепілді басқару шартына сәйкес бұрын белгіленген өкілеттіктері өз күшін сақтайды.
Синдикатталған қарыз шартының негізінде кредиторлар синдикатына қатысушыға тиесілі құқықтар (талаптар) мәміле бойынша немесе заң негізінде басқа тұлғаға осы Заңда және синдикатталған қарыз шартында көзделген құқықтар мен міндеттермен, оның ішінде кредиторлар синдикатына қатысушылардың шешімдерін қабылдауға қатысу құқығымен бірге ғана ауысады.
Бап 14-3. 14-3-бап. Берешекті сотқа дейін реттеудің шарттары мен тәртібі және төлемге қабілетсіз қарыз алушыға қатысты қолданылатын шаралар
14-3-бап. Берешекті сотқа дейін реттеудің шарттары мен тәртібі және төлемге қабілетсіз қарыз алушыға қатысты қолданылатын шаралар
Тармақ 1
1. Синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудың өткізіп алынған мерзімі болған кезде, бірақ ол басталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей банк-агент синдикатталған қарыз шартында көзделген тәсілмен және мерзімдерде қарыз алушыны:
Тармақша 1
1) синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттемені орындау бойынша мерзімді өткізіп алудың туындағаны және хабарламада көрсетілген күнге мерзімі өткен берешектің мөлшерін көрсете отырып, синдикатталған қарыз шарты бойынша төлемдер енгізу қажеттігі;
Тармақша 2
2) қарыз алушының синдикатталған қарыз шартының талаптарын өзгерту туралы өтінішпен банк-агентке өтініш жасау құқығы;
Тармақша 3
3) синдикатталған қарыз шартының төлемге қабілетсіз қарыз алушыға қатысты шараларды көздейтін тармақтарын көрсете отырып, қарыз алушының синдикатталған қарыз шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамауының салдары туралы хабардар етуге міндетті.
Тармақ 2
2. Қарыз алушы міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алу басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде банк-агентке өзінің синдикатталған қаржыландыру шартының талаптарына өзгерістер, оның ішінде:
Тармақша 1
1) синдикатталған қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгертуге;
Тармақша 2
2) негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыруға;
Тармақша 3
3) берешекті өтеу әдісін немесе берешекті өтеу кезектілігін, оның ішінде негізгі борышты басым тәртіппен өтей отырып өзгертуге;
Тармақша 4
4) синдикатталған қарыз шартының қолданылу мерзімін өзгертуге байланысты өзгерістер енгізу туралы өтінішін негіздейтін, синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алудың туындау себептері, кірістер және басқа да расталған мән-жайлар (фактілер) туралы мәліметтерді қамтитын жазбаша өтініш не синдикатталған қарыз шартында көзделген тәсілмен ұсынуға құқылы.
Тармақ 3
3. Банк-агент қарыз алушының жазбаша өтінішін алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде оны кредиторлар синдикатына қатысушыларға жібереді, олар қарыз алушының жазбаша өтінішін алған күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде синдикатталған қарыз шартының талаптарына ұсынылған өзгерістерді қарайды және жиынтығында қаржыландырудың жалпы көлемінің кемінде үштен екісін құрайтын қаржыландыру үлесі бар кредиторлар қабылдаған шешім негізінде жазбаша нысанда не синдикатталған қарыз шартында көзделген тәсілмен банк-агентке:
Тармақша 1
1) синдикатталған қарыз шартының талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісетіні;
Тармақша 2
2) синдикатталған қарыз шартының талаптарын өзгерту жөніндегі өз ұсыныстары;
Тармақша 3
3) синдикатталған қарыз шартының талаптарын өзгертуден бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін көрсете отырып, мұндай бас тарту туралы хабарлайды.
Банк-агент кредиторлар синдикатына қатысушылардың шешімін алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде оны қарыз алушыға жібереді.
Тармақ 4
4. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген талап қанағаттандырылмаған, сондай-ақ қарыз алушы осы баптың 2-тармағында көзделген құқықтарды іске асырмаған не қарыз алушы мен кредиторлар арасында синдикатталған қарыз шартының талаптарын өзгерту бойынша келісім болмаған жағдайларда, кредиторлар:
Тармақша 1
1) кепілге салынған мүлікке соттан тыс тәртіппен не сот тәртібімен өндіріп алуды қолдану;
Тармақша 2
2) синдикатталған қарыз шарты бойынша құқықты (талап етуді) басқаға беру;
Тармақша 3
3) төрелікке, сотқа синдикатталған қарыз шарты бойынша борыш сомасын өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгіну;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз алушыға қатысты оңалту рәсімін қолдану туралы не қарыз алушыны банкрот деп тану туралы арызбен сотқа жүгіну туралы шешім қабылдауға құқылы.
Осы баптың 4-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді банк-агент жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Кредиторлар осы баптың 4-тармағында көрсетілген шешімдерді қабылдағанға дейін кредиторлар осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көзделген сотқа дейінгі реттеу жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.
Тарау 4. 4-тарау. Қорытынды ережелер
4-тарау. Қорытынды ережелер
Бап 15. 15-бап. Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
15-бап. Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Тармақ 2
2. Уәкілетті орган реттелуі өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылғанын анықтаған жағдайларда, уәкілетті орган арнайы қаржы компаниясына ықпал етудің мынадай шектеулі шараларының бірін қолданады:
Тармақша 1
1) анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімдерде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша нұсқама береді;
Тармақша 2
2) міндеттеме-хат талап етеді;
Тармақша 3
3) арнайы қаржы компаниясымен жазбаша келісім жасайды.
Тармақ 3
3. Анықталған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қабылдау туралы арнайы қаржы компаниясына нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.
Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
Тармақ 4
4. Арнайы қаржы компаниясының міндеттеме-хатында орын алған кемшiлiктердi мойындау фактiсi және жоспарланған іс-шаралар тiзбесiн көрсете отырып, арнайы қаржы компаниясы басшылығының оларды қатаң белгiленген мерзiмде жою бойынша кепiлдігi болуға тиiс.
Тармақ 5
5. Анықталған кемшіліктерді дереу жою қажеттігі туралы және оған байланысты бірінші кезектегі шараларды бекіту туралы арнайы қаржы компаниясы мен уәкілетті орган арасында жазбаша келісім жасалады.
Тармақ 6
6. Арнайы қаржы компаниясы жазбаша нұсқаманы, міндеттеме-хатты немесе жазбаша келісімді оларда белгіленген мерзімдерде орындау туралы уәкiлеттi органды хабардар етуге міндетті.
Тармақ 7
7. Шектеулі ықпал ету шараларын қолдану тәртібі уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
Бап 16. 16-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
16-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.