Об оказании материальной помощи участникам и инвалидам Великой Отечественной войны для оплаты за эксплуатационные услуги и газоснабжение Күшін жойған
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне пайдалану қызметі мен газбен қамтамасыз етуге төлеу үшін материалдық көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31- бабының, 1 –тармағы 14) тармақшасы, Қазақстан РЕспубликасының «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20-бабын басшылыққа ала отырып және Теміртау қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 25/5 25 сессиясының «2006 жылға арналған қалалық бюджет туралы шешімін (нормативтік – құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізбесінде № 8-3-12) орындау үшін, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
Тармақша 1
1) 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, отбасы мүшелерін есепке алмағанда, пайдалану қызметі мен газбен қамтамасыз етуге төлеу үшін материалдық көмекті төлеуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) материалдық көмекті төлеуді алушылардың есеп шотына аудару арқылы жүргізсін.
Тармақ 2
2. Пайдалану қызметі мен газбен қамтамасыз ету үшін көрсетілетін материалдық көмектің көлемі бір адамға айына сегіз жүз теңге сомасында белгіленсін.
Тармақ 3
3. «Теміртау қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 007 «Жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасында қарастырылған қаражат есебінде материалдық көмек көрсетуге арналған төлемдерді уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы Теміртау қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап күшіне енеді.
КЕНІСІЛДІ
«Теміртау қаласының жұмыспен қамту
Және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
Мемлекеттік мекемесінің бастығы
__________________ Ю. Ким
31 қаңтар 2006ж.
КЕЛІСІЛДІ
«Теміртау қаласының қаржы бөлімі»
Мемлекеттік мекемесінің бастығы
______________ Н.Кроут
1 ақпан 2006ж.
КЕЛІСІЛДІ
«Теміртау каласының экономика және
Бюджетті жоспарлау бөлімі»
Мемлекеттік мекемесінің бастығы
____________ Б. Қонақаева
1 ақпан 2006ж.