Жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес, әлеуметтік – қорғаусыз санатынан шыққан елді – мекендердегі жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтуға көмектесу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Елді – мекендердегі мақсатты топтың құрамына кіретін тұлғалардың тізімі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ауданның кәсіпорындар мен ұйымдарымен елді – мекендердегі мақсатты топтың құрамынан 60 әлеуметтік жұмыс орнын жұмыссыздарға келісім – шарт жасау арқылы ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мен ұйымдастыру бойынша қоса беріліп отырған Нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 4
4. Ауданның қаржы бөлімі бекітілген қаражат шеңберінде аудандық бюджеттен әлеуметтік жұмыс орындарын уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.О, Сағандыковқа жүктелсін.