Вопросы Государственной противопожарной службы Комитета Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 Жарлығын iске асыру мәселелерi туралы" 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1551 және "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi" туралы 1997 жылғы 17 қарашадағы N 1593 қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Тармақ күшiн жойды - ҚР Үкiметiнiң 27.04.1999 № 481 қаулысымен .
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
"Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының жүйесiн одан әрi реформалау жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 22 сәуiрдегi N 3465 Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 шiлдедегi N 1143 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 33, 305-құжат):
1-тармақтың екiншi абзацындағы, 2-тармақтағы, 3-тармақтың төртiншi абзацындағы, 4, 5-тармақтардағы "мемлекеттiк комитетiне", "мемлекеттiк комитетiнiң", "мемлекеттiк комитетi" деген сөздер "комитетiне", "комитетiнiң", "комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың екiншi абзацы "филиалын" деген сөзбен аяқталып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң жұмысын қамтамасыз ететiн мүлiк пен iстердi басқару жөнiндегi өкiлеттiктердi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiне берсiн";
2-тармақтағы "өрттен қорғау және авариялық-құтқару жұмыстары жоғары училищесi" деген сөздер "жоғары техникалық училищесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет департаментi (ТЖМК Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет департаментi) туралы ережеге:
атауындағы "мемлекеттiк комитетiнiң" деген сөздер "комитетiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын, "ТЖМК" деген сөз алынып тасталсын;
мәтiндегi "мемлекеттiк комитетiнiң" деген сөздер "комитетiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "қазақ және орыс тiлдерiнде" деген сөздер "мемлекеттiк тiлде" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға қосымшаға:
атауындағы "мемлекеттiк комитетiнiң" деген сөздер "комитетiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi бiрiншi жолдағы "ТЖМК" деген сөз алынып тасталсын, "42", "41" деген сандар "40", "39" деген сандармен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 2-жолдағы "23", "20" деген сандар "27", "21" деген сандармен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 3-жолдағы "22", "18" деген сандар "24" деген санмен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 4-жолдағы "Көкшетау өрттен қорғау және авариялық-құтқару жұмыстары жоғары училищесi" деген сөздер "Көкшетау техникалық жоғары училищесi" деген сөздермен ауыстырылсын, "80", "65" деген сандар "87", "72" деген сандармен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 5-жол алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 6 және 7-жолдар тиiсiнше реттiк нөмiрi 5 және 6-жолдар болып есептелсiн;
"жалпы" деген жолдағы "189", "9691" деген сандар "178", "9690" деген сандармен ауыстырылсын.
📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкiметiнiң 2005.06.30 N 662, 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң Мемлекеттiк өртке қарсы қызметi департаментiнiң ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 18 желтоқсандағы
N 1788 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң Мемлекеттiк өртке қарсы қызметi департаментiнiң ҚҰРЫЛЫМЫ
Мемлекеттiк өрт қадағалау басқармасы
Өрт сөндiру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасы
Кадр және оқу орындары басқармасы
Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлiмi