Об учреждений ежегодных грантов акима Северо-Казахстанской области в сфере библиотечного дела Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кітапханалық іс саласындағы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жыл сайынғы гранттарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Казақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңы 27 бабы 1 тармағы 18) тармақшасына сәйкес, кітапханалық істі дамытуға және сақтауға елеулі үлес қосқан кітапханалық қызметкерлердің мәртебесін қолдау және көтеру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Кітапханалық іс саласындағы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жыл сайынғы гранттары белгіленсін (бұдан әрі гранттар):
Тармақ 2
2. Қоса берілген гранттар беру Ережелері бекітілсін.
Басқа 3
Облыс әкімдігінің 2006 жылғы «16» 02 № 30 қаулысымен бекітілген Кітапханалық іс саласындағы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жыл сайынғы гранттарын беру туралы Ережелер
Тармақ 1
1. Кітапханалық іс саласындағы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жыл сайынғы гранттары (бұдан әрі гранттар) кітапханалық қызметкерлердің мәртебесін қолдау және көтеру мақсатында беріледі және облыстың кітапханалық ісін дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін оларды материалдық көтермелеу нысаны болып табылады.
Тармақ 2
2. Гранттар алу үшін үміткерлер келесі кітапханалар санаттарының қызметкерлері болып табылады: - облыстық кітапханалар; - калалық кітапханалар; - аудандық кітапханалар; - ауылдық кітапханалар.
Тармақ 3
3. Грант облыстық бюджет қаражатынан төленетін бір реттік ақшалай сыйақы болып табылады.
Тармақ 4
4. Гранттардың саны және мөлшері жыл сайын өткен жылдың қорытындысы бойынша облыс әкімінің қаулысымен келген күнтізбелік (қаржылық) жылда бекітіледі.
Тармақ 5
5. Гранттар алуға үміткерлерді іріктеудегі басты белгілер мыналар болып табылады: өңірде кітапханалық істі сақтауға және дамытуға аса көрнекті үлес қосқаны; Кітапханалар қызметін жетілдіруіне бағытталған жоба бағдарламаларын әзірлеуне қатысуы; Кәсіптік және жалпы мәдени деңгейін әрдайым жетілдіруі, семинарларға және конференцияларға қатысуы; Озат және жаңашыл тәжірибені пайдалану, барлық кітапханалық істер саласында әдістемелік шеберлігі; Өзінің жаңашыл ізденістері; Акпараттық технологияларды меңгеруде мүмкіндіктер іздестіруі; Бастаманы және шығармашылықты көрсету қабілеттігі, ұйымдастырушылық және коммуникативтік белгісі;
Тармақ 6
6. Гранттар беруге үміткерлер Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасымен ұсынылады және гранттар беру жөнінде комиссия отырысында қарастырылады (бұдан әрі - комиссия).
Тармақ 7
7. Комиссия құрамы облыс әкімдігінің қаулысымен жыл сайын бекітіледі. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ сан болу тиіс. Гранттар туралы шешім комиссия отырысында ашық дауыс берумен көпшілік дауыспен қабылданады.
Тармақ 8
8. Комиссия шешімінің негізінде гранттар алған үміткерлердің тізімі облыс әкімінің шешімімен бекітіледі.