О проведении учебно-полевых (лагерных) сборов с юношами-выпускниками средних учебных заведений Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.01.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Орта оқу орындарының бітіруші-жасөспірімдерімен оқу-дала (лагерлік) жиындарын өткізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы 1340 "Бастапқы әскери дайындық туралы" қаулысын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"» Заңына сәйкес ШЕШЕМІН :
Тармақ 1
1. Жалпы білім беретін мектептердің 11 сыныптары, кәсіптік-техникалық мектептердің (лицейлердің) және арнаулы орта оқу орындарының (колледждердің) үшінші курстары оқушы-ер балалармен бастапқы әскери дайындық бойынша оқу жоспарына сәйкес 2006 жылдың мамыр-маусым айларында оқу-дала (лагерлік) жиындары өткізілсін.
Тармақ 2
2. Атырау облысы Білім беру департаменті Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментімен (келісім бойынша) бірлесіп, бес күндік оқу-дала (лагерлік) жиындарын өткізу жөніндегі іс-шаралар бағдарламасы мен жоспарын әзірлесін.
Тармақ 3
3. Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті оқу дала (лагерлік) жиындарының табысты өткізілуіне көмек көрсету мақсатында әскери білімдер командирлерімен (келісім бойынша) байланыс жасауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Аудандар мен Атырау қаласының әкімдері мүдделі ұйымдар мен мекемелер басшыларының қатысуымен кеңейтілген кеңестер өткізсін, жиындардың өтетін орындарын, уақытша штабтарын, көрсетілген іс-шаралардың өтуіне жауапты адамдарды белгілесін. Оқу-дала (лагерлік) жиындарын ұйымдастыру және өткізу шығыстары облыстық білім беру, денсаулық сақтау департаментінің және басқа да мемлекеттік органдарының ведомстволық бағынысындағы ұйымдарын ұстауға бөлінетін қаржы шегінде жүргізсін.
Тармақ 5
5. Бес күндік оқу-дала (лагерлік) жиындарын өткізу кезінде жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныптары, кәсіптік-техникалық мектептердің (лицейлердің) және арнаулы орта оқу орындарының (колледждердің) үшінші курстары қыз балаларының практикасы медициналық емдеу мекемелерінде өткізілсін. Денсаулық сақтау, білім беру департаменттері және Атырау облысы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті (келісім бойынша) практикадан өту орны мен тәртібін белгілесін.
Тармақ 6
6. Атырау облысы Денсаулық сақтау департаменті жиындар өткізілетін орындарда оқушылардың көп жиналуына байланысты жұқпалы және басқа да аурулардың таралуын болдырмайтын медициналық іс-шараларды және медицина қызметкерлерінің тұрақты кезекшілігін қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Атырау облысы Ішкі істер департаменті (келісім бойынша) оқу-дала (лагерлік) жиындары өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Қ.Мүрсәлиеваға жүктелсін.