Об утверждении Правил оказания гражданам жилищной помощи на содержание жилища, услуг связи и оплату коммунальных услуг Қолданыста
Басқа 0
Азаматтарға тұрғын-жайды ұстауға, байланыс және коммуналдық қызметін төлеуге тұрғын үй көмегін беру Ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 11), 14) тармақшаларына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «Азаматтарға тұрғын-жайды ұстауға, байланыс және тұрғын үй коммуналдық қызметін төлеуге тұрғын үй көмегін беру Ережелері» бекітілсін.
Тармақ 2
2. Степногорск қалалық мәслихатының:
Тармақша 1
1) Ақмола облысының әділет баскармасында 2002 жылғы 23 тамызда № 1277 тіркелген «Табысы аз азаматтарға тұрғын-жайды ұстауға, байланыс және коммуналдық қызметін төлеуге тұрғын үй көмегін беру Ерсжелерін бекіту туралы» 2002 жылғы 9 шілдедегі № С-20/7 шешімі;
Тармақша 2
2) Ақмола облысының әділет басқармасында 2003 жылғы 24 маусымда № 1869 тіркелген «Табысы аз азаматтарға тұрғын-жайды ұстауға, байланыс және тұрғын үй коммуналдық қызметін төлеуге тұрғын үй көмегін беру Ережелерін бекіту туралы» 2002 жылғы 9 шілдедегі № 20/7 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2003 жылғы 19 маусымдағы № С-26/4 шешімі;
Тармақша 3
3) Ақмола облысының әділет баскармасында 2004 жылғы 28 қазанда № 2862 тіркелген «Табысы аз азаматтарға тұрғын-жайды ұстауға, байланыс және тұрғын үй коммуналдық қызметін төлеуге тұрғын үй көмегін беру Ережелерін бекіту туралы» 2002 жылғы 9 шілдедегі № 20/7 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 жылғы 21 қазандағы № С-10/2 шешімі;
Тармақша 4
4) Степногорск қаласының әділет басқармасында 2005 жылғы 10 қазанда № 1-2-17 тіркелген «Табысы аз азаматтарға тұрғын-жайды ұстауға, байланыс және тұрғын үй коммуналдық қызметін төлеуге тұрғын үй көмегін беру Ережелерін бекіту туралы» 2002 жылғы 9 шілдедегі № 20/7 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 3 қазандағы № ЗС-20/3 шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Степногорск қаласының әділет Басқармасында тіркелген күннен бастап өз күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланады.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің әрекеті 2006 жылдың 1 қаңтарында белгіленген құқықтық қатынастарға тарайды.
Басқа 9
Степногорск қалалық мәслихатының
2006 жылғы 08 ақпандағы № ЗС-27/5
«Азаматтарға тұрғын-жайды ұстауға,
байланыс және коммуналдық қызметін
төлеуге тұрғын үй көмегін беру
Ережелерін бекіту туралы»
шешімі бекітілген
Азаматтарға тұрғын-жайды ұстауға, байланыс және тұрғын үй коммуналдық қызметін төлеуге тұрғын үй көмегін беру
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі-азаматтарға тұрғын-жайды (жеке үйді ұстаудан басқа) ұстауға, байланыс қызметін және коммуналдық қызметті пайдаланғаны үшін жасаған төлем шығындарының орнын толтыру мақсатында берілетін өтемақы.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегі қала және кенттерде тұрақты тұратын, егер тұрғын-жайды (жеке үйді ұстаудан басқа) ұстауға, байланыс қызметін және коммуналдық қызметті пайдаланғаны үшін жасаған төлем шығындары осы мақсатта жұмсалатын жанүя бюджеті шығындарының мүмкіндік шегінен асып кететін тұрғын үйдің заңды иесі немесе жалдаушысы болып табылатын тұлғаларға беріледі.
Тұрғын-жайды (жеке үйді ұстаудан басқа) ұстауға және коммуналдық қызметті пайдаланғаны үшін жасаған төлем шығынының мүмкіндік шегінің үлесі жанұяның жиынтық табысының 15% мөлшерін құрайды.
Өтемақы алаң белгіленген нормадан астам болған жағдайда тұрғын үйді ұстауға және көрсетілген коммуналдық қызметтерге төлем жасау жалпы негізде жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Өтемақымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормалары бір адамға 18 кв. метр көлемінде белгіленеді. Жалғыз тұратын азаматтарға өтемақымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормалары 30 кв. метр, бірақ бір бөлмелі пәтердің көлемінен кем болмауы тиіс.
Коммуналдық қызметтерді (сумен жабдықтау, газ, канализация, жылу энергиясы, лифт, қоқыс) пайдалану нормативтері нақты пайдалану мөлшерімен белгіленеді және нормативтік-құқықтық құжаттарда (СНжЕ) белгіленген шегі көлемінен аспауы тиіс.
Тармақ 4
4. Жеке меншігінде бір өлшемнен астам тұрғын үйі бар немесе тұрғын- жайларды жалдауға беретін тұлғалар тұрғын-жай жәрдемін алу құқығынан айрылады.
Үш жасқа дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын немесе мүгедектерді күтуді жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда отбасында еңбекке қабілетті, бірақ жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген, оқымайтын, әскери қызметте жоқ жұмыс істемейтін тұлғасы бар жанұялар тұрғын-жай жәрдемін алуға құқығы жоқ.
Тармақ 5
5. Телекоммуникация желілерінің абоненттеріне (бұдан әрі - абонент) телефонға абоненттік ақы тарифтерінің өтемақысы телефон үшін абоненттік өсуінің айырымын тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындарының қосындысына енгізу жолымен жүзеге асырылады.
Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты өтемақысын алу үшін абонент тұрғын үй жәрдемін тағайындау үшін қажетті құжаттарымен бірге қалалық өкілетті органға - Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш тапсырады.
Тұрғын үй жәрдемінің мөлшері абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуі бойынша телефон үшін абоненттік ақының ұлғаю қосындысынан артық болмауы тиіс.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй жәрдемін тағайындау
2. Тұрғын үй жәрдемін тағайындау
Тармақ 6
6. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғын үй жәрдемақысын өтініш берген айдан бастап сол тоқсанның соңына дейін тағайындайды. Тұрғын үй көмегін беру туралы өтініш отбасының тек бір мүшесінен ғана қабылдануы мүмкін. Тұрғын үй жәрдемінің көлемін анықтау үшін отбасының өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы орташа айлық табысы есептеледі.
Тұрғын үй иесінің (жалдаушының) өтініші және оған томенде қоса берілген құжаттардың негізінде тұрғын үй жәрдемі тағайындалады:
Тармақша 1
1) отбасының тұрақты тұрғын-жайын растайтын құжатының көшірмесі;
Тармақша 2
2) пәтерге құқығын растайтын құжаттар (техникалық төлқұжат, ордер, жекешелендіру, айырбастау, сатып алу, сыйға тарту, жалдау шарттары және т.б.);
Тармақша 3
3) отбасының барлық мүшелерінің табыстары туралы мәліметтер (еңбек ақы, стипендия мөлшері туралы, алименттер туралы, мемлекеттік зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мемлекеттік арнайы жәрдемақылар);
Тармақша 4
4) жеке қосалқы шаруашылығы туралы анықтама;
Тармақша 5
5) Ақмола облысының жылжымайтын мүлікті тіркеу және бағалауы жөніндегі орталығы филиалынан тіркелген меншік туралы анықтама (өтінішті алғаш рет тапсырғандары үшін);
Тармақша 6
6) телекоммуникация қызметтері үшін шот-түбіртегі немесе келісімі;
Тармақша 7
7) тұрғын үй мен коммуналдық қызметтердің төлемі туралы түбіртек;
Тармақша 8
8) жеке куәлігі, СТН, Халық банкінің бөлімшесіндегі шоты.
Тармақ 7
7. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өтініш берілген күннен бастап 10 күннің ішінде құжаттарды қарастырып, тұрғын үй көмегін тағайындау немесе бас тарту туралы шешімін шығарады.
Тұрғын үй көмегін алушыда тұрғын үй мен коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша қарыздары болған жағдайда оған тағайындалған тұрғын үй жәрдемі оның жазбаша өтініші бойынша қызмет көрсетушінің шотына аударылады.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй жәрдемін алушылар 10 күннің ішінде отбасы құрамының немесе оның жиынтық табысының өзгеруі туралы қалалық өкілеттік органды хабардар етеді.
Тұрғын үй жардемінің ұлғаюы немесе заңсыз жәрдемақы тағайындауға әкеліп соғатын жалған мәліметтерді тапсырған жалдаушы (үй иесі) бір жыл ішінде тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқығын жоғалтады. Артық төленген ақша ерікті негізде қайтаруға жатады, ал бас тартқан жағдайда - сот тәртібінде қайтарылады.
Тармақ 9
9. Егер тапсырылған ақпарат күмән тудыратын болса жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімі қажетті ақпаратты сұрауға кұқығы бар. Ал заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй көмегіне мұқтаж азаматтардың табысы туралы ақпаратты беруге міндетті.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй жәрдемін қаржыландыру көздері
3. Тұрғын үй жәрдемін қаржыландыру көздері
Тармақ 10
10. Тұрғын үй жәрдемін төлеу тағайындалған соманы алушының дербес шотына ай сайын аудару арқылы немесе коммуналдық қызмет көрсетушілерге ақшасыз жолмен ай сайын төленеді.
Тармақ 11
11. Тұрғын үйдің барлық меншік түрлерінде тұратын тұлғаларға көрсетілетін тұрғын үй жәрдемін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен, телефон үшін өтемақы Республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттер есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғын үй жәрдеміне бөлінген қаражаттарды тұрғын үй көмегіне мұқтаж тұлғаның жеке өтінішіне сәйкес коммуналдық қызмет көрсетушілеріне аударады.
Тармақ 13
13. Осы бағдарлама бойынша қаржыландыруды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бағдарлама әкімішісі арқылы Қалалық қаржы бөлімі жүргізеді.
Тармақ 14
14. Құжаттардың бұрыс рәсімделуінен заңсыз төленген тұрғын үй жәрдеміне кінәлі лауазымды тұлғалар заң бойынша белгіленген тәртіпте жауапқа тартылады.