Об утверждении "О внесении изменений и дополнений в Инструкцию "О порядке исчисления и внесения специальных платежей и налогов недропользователей" Қолданыста
Басқа 0
Қаржы министрлiгi 30.06.1995 ж. N 41 бекiткен "Әлеуметтiк төлемдер мен жер қойнауын пайдаланушылардың салықтарын есептеу мен енгiзудiң тәртiбi туралы" Нұсқаулыққа өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясы "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтарына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 21.12.1995 ж. Заң күшi бар N 2703 Жарлығын орындау мақсатында жоғарыда аталған нұсқаулыққа мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзедi:
Тармақ 1
1. II тарау. Әлеуметтік төлемдер мен жер қойнауын
пайдаланушылар салықтарының мазмұны
мен қолданылу аясы
мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
"6. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi барлық контрактылар Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе өкiлеттiгi бар мемлекеттiк органдар жер қойнауын пайдаланушылармен жасасқанға дейiн Бас салық инспекциясында мiндеттi түрде алдын ала салық сараптауынан өтуi тиiс.
Мiндеттi түрдегi алдын ала салық сараптауын өткiзу тәртiбiн Бас салық
инспекциясы бекiтедi.
7. Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе өкiлеттiгi бар
мемлекеттiк басқару органдары мен отандық немесе шетелдiк жер қойнауын
пайдаланушылар арасында 1995 жылғы 1 шiлдеге дейiн жасасқан жер қойнауын
пайдалану жөнiндегi контрактыларда айқындалған салық салу шарттары олардың
қолданылу мерзiмiне сақталады.".