Об утверждении Инструкции по назначению социальных выплат отдельным категориям граждан района Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес, аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бюджеттен бөлінген қаржы шеңберінде әлеуметтік төлемдердің уақытында қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. 1) Павлодар облысы әділет департаментінде 2005 жылғы 17 ақпанда № 2893 тіркелген, 2005 жылғы 3 наурыздағы № 9 (7505) «Нива» газетінде жарияланған Павлодар ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 28 қаңтардағы «Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» № 30/1 қаулысының;
Тармақша 2
2) Павлодар ауданы әділет басқармасында 2005 жылғы 19 сәуірде № 12-11-13 тіркелген, 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 16 (7512) «Нива» газетінде жарияланған Павлодар ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 28 қаңтардағы «Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» № 30/1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 118/4 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Ш. Шәмкеноваға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он календарлық күн өткеннен кейін күшін енеді.
Басқа 7. Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі Нұсқаулық
Павлодар ауданы әкімдігінің 2006 жылғы «27» ақпандағы «Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» № 65/2 қаулысымен бекітілген Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі Нұсқаулық
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы, 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің 1994 жылғы 16 қарашадағы «Кейбір санаттағы зейнеткерлердің әлеуметтік қорғалуын жақсарту материалдық қолдау туралы» № 457 өкіміне, облыс әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы «Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы» № 169/5 қаулысына, облыс әкімдігінің 2005 жылғы 1 тамыздағы «Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы «Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп мүліктеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы» № 169/5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 249/8 қаулысына, облыс әкімдігінің 2005 жылғы 12 қыркүйектегі «Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы «Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуын ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы» № 169/5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 284/9 қаулысына сәйкес аудан азаматтарының жекелеген азаматтарына әлеуметтік төлемдер беруді реттейді.
Тарау 2. 2. Жекелеген әлеуметтік төлемдерге құқығы бар азаматтардың санаттары
2. Жекелеген әлеуметтік төлемдерге құқығы бар азаматтардың санаттары
Тармақ 2
2. Жекелеген әлеуметтік төлемдер алуға құқығы барлар:
Тармақша 1
1) аудан тұратын Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен соғысқа қатысушылары – 9 Мамыр Жеңіс күнін тойлау қарсаңында;
Тармақша 2
2) аудан тұратын, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары – тұрғын үй жөндеу үшін;
Тармақша 3
3) ауданда тұратын, Ұлы Отан соғысының ардагерлері – тістерін протездеу үшін;
Тармақша 4
4) ауданда тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлері – телефонға абоненттік төлем төлеу үшін;
Тармақша 5
5) ауданда тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлері – электр энергиясы бойынша коммуналдық қызметтерді төлеу үшін;
Тармақша 6
6) ауданда тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлері – 9 Мамыр – Жеңіс күні мерекесіне сыйлықтар алу үшін;
Тармақша 7
7) ауданда тұратын, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, сегіз және одан да көп баласы бар көп балалы аналар – «Нива» газетіне жазылу үшін;
Тармақша 8
8) Павлодар қаласында тұратын Павлодар ауданы мемлекеттік мекемелерінің бұрынғы қызметкерлері – «Нива» газетіне жазылу үшін;
Тармақша 9
9) облыс денсаулық сақтау департаментімен Қазақстан Республикасы емделуге жіберілген сырқат адамдар;
Тармақша 10
10) аудандық маслихаттың шешімі бойынша «Құрметті азамат» атағына ие болған арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын зейнеткерлер.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік төлемдер тағайындау тәртібі
3. Әлеуметтік төлемдер тағайындау тәртібі
Тармақ 3
3. Нұсқаулықтың 2-тармағының көрсетілген азаматтар санаттарына әлеуметтік төлемдер мынадай жолдармен жүргізіледі:
Тармақша 1
1) әлеуметтік төлемдер 1), 2), 3), 4), 5), 6), 10) – тармақшаларда көрсетілген санаттағыларға;
Тармақша 2
2) аудандық мерзімді басылымдарына жазылу 7), 8) – тармақшаларда көрсетілген санаттағыларға;
Тармақша 3
3) жаңа жылдың сыйлықтары 6) – тармақшада көрсетілген санаттағыға.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік төлемдер мен әлеуметтік көмектің басқа түрлеріне құқығы бар тұлғалар үшін тағайындау негіздері:
Тармақша 1
1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) – тармақшаларда көрсетілген санаттағылар үшін – 6.451.007.000 бюджеттік бағдарламасы негізінде.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлері және жеңілдіктердің басқа түрлерін беру
4. Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлері және жеңілдіктердің басқа түрлерін беру
Тармақ 5
5. Нұсқаулардың 2 тармағында көрсетілген азаматтардың санаттарына әлеуметтік төлемдер мына түрлер бойынша белгіленеді:
Тармақша 1
1) 1), 6) – тармақшаларда көрсетілген санаттағылар үшін 3000 теңге мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
Тармақша 2
2) 2) – тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін 1 АЕК ай сайынғы материалдық көмек;
Тармақша 3
3) 10) – тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін 20 АЕК мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
Тармақша 4
4) 3) – тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін 6000 теңге мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
Тармақша 5
5) 4) – тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін 0,25 АЕК мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек;
Тармақша 6
6) 7) – тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін 1260 теңге мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек;
Тармақша 7
7) 5) – тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін 0,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек;
Тармақша 8
8) 8) – тармақшада көрсетілген санаттағы үшін 12 60 теңге мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
Тармақша 9
9) 9) – тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін нақты ақшалай өтемақы.