Об утверждении Правил оказания социальной помощи семьям, имеющим детей - инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому Күшін жойған
Басқа 0
Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39-ІІІ Заңының 11 бабы 2 тармағы 3 тармақшасына және 29 бабы 6 тармағына, 16 бабына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ Заңының 31 бабы 1 тармағы 14 тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетудің қоса берілген Ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мамлют ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Т.Қ.Омаровқа) үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларға әлеуметтік көмекті тағайындауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ.С.Бүйрекбаевқа жүктелсін.
Басқа 4. Үйде тәрбиеленетін және оқитын балалары бар отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕЛЕРІ
Аудан әкімдігінің
2006 жылғы «21» ақпандағы № 42
қаулысымен бекітілді
Үйде тәрбиеленетін және оқитын балалары бар отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Жалпы Ережелер
1. Жалпы Ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереже үйде тәрбиеленетін және оқитын балалары бар отбасыларға (одан әрі - Ереже) әлеуметтік көмекті (одан әрі - әлеуметтік көмек) тағайындау және төлеу тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Осы Ережеде келесі түсініктер пайдаланылады:
Әлеуметтік көмекті тағайындайтын және төлейтін уәкілдік орган - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
Мүгедек-бала - он сегізге толмаған тұлға, организмының функциялары бұзылғандықтан, аурулар, жарақаттар және олардың зардаптары кемістіктерінің себебінен тіршілік әрекетін шектеуге келтіретін және оны әлеуметтік қорғауды қажет ететін тұлға.
Тармақ 3
3. Жалпы және арнайы мекемелерде және басқа оқу орындарында ата-аналары немесе заңнама өкілдерінің тілегі бойынша тәрбиелеуге және оқытуға мүмкіндік болмаса, тәрбиелеу және оқыту үйде жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Үйде тәрбиеленетін және оқитын баласы бар әлеуметтік көмек алуға ата-анасының біреуіне ғана немесе ата-анасын ауыстыратын тұлғаға құқық беріледі.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек жергілікті бюджеттің қаржысынан ақшалай төлем түрінде төленеді.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек туған, асырап алған, қамқорлықтағы балаларға тағайындалады және төленеді.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек мүгедек-балаларға баска да әлеуметтік көмек түрлергі алимент алғанына, отбасы кірістеріне қарамай тағайындалады
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек алу үшін өтіну.
2. Әлеуметтік көмек алу үшін өтіну.
Тармақ 1
1. Ереженің 4 тармағында нұсқалған тұлғалар уәкілдік органға мекен-жайы бойынша төмендегі құжаттарды тапсырады:
Тармақша а
а) үлгі бойынша өтініш (қосымша 1);
Тармақша б
б) жеке басының куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);
Тармақша в
в) тұрақты мекен-жайын растайтын, азаматтарды тіркеу кітабы (түпнұсқасы және көшірмесі);
Тармақша г
г) медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясының мүгедектікті белгілейтін анықтамасы (түпнұсқасы және көшірмесі);
Тармақша д
д) аудандық білім бөлімі жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогиқалық кеңес комиссиясымен берілген мүгедек -баланы үйде оқыту (тәрбиелеу) қажеттігі туралы қорытынды (түпнұсқасы);
Тармақша е
е) туу туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);
Тармақша ж
ж) мектептен анықтама (тоқсан сайын);
Тармақша и
и) әлеуметтіқ көмекті тағайындауға қамқоршының өтінішіне қамқоршылық органның шешімінен көшірме қоса беріледі.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмекті тағайындауға қажетті құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен салыстырылғасын өтініш берген адамға қайтарылады.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмекті тағайындайтын және төлейтін уәкілдік органның қызметкерлері құжаттардың көшірмелерін куәландырады, өтініштерді қосымша құжаттармен тіркеу журналында тіркейді, өтініш білдірген адамға қабылдағаны туралы белгісімен өтініштің үзбелі талонын береді.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі.
3. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі.
Тармақ 1
1. Әлеуметтік көмек әлеуметтік көмекке өтініш берген айынан бастап көмекті алуға құқығы райда болған кезден бастап тағайындалады. Өтініш берген күні болып қажетті құжаттар мен өтініш тапсырған күні саналады.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмек әлеуметтік көмекті тағайындайтын және төлейтін уәкілдік органмен мүгедек-баланың мекен-жайы бойынша ата-аналардың біреуінің немесе оны ауыстыратын тұлғаның өтініші бойынша тағайындалады.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек аудандық білім бөлімі жанындағы ведомствоаралық психологиялық, медициналық, педагогикалық кеңес комиссиясымен берілген, мүгедек - баланың үйде оку (тәрбиелеу) қажеттігі бар қорытындысында көрсетілген мерзімге тағайындалады.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмекті тағайындайтын және төлейтін уәкілдік орган құжаттар түскеннен кейін 10 күннің ішінде әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындалмау шешімін шығарады (2 қосымша).
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмекті тағайындамау туралы шешім сот тәртібі бойынша қарастырылуы мүмкін.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмекті төлеуді қысқарту міндеттемелері пайда болса (баланың өлімі және басқа анықталса) көмекті келесі айдан бастап төлеу тоқтатылады және жалғастырылады.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек Республикалық бюджет туралы заңымен белгілеген тәртіпке сәйкес жылға, тоқсанына бір рет айлық есеп көрсеткішінің мөлшерінде тағайындалады.
Тармақ 8
8. Тоқсанда өзгерістер болған кезде әлеуметтік көмек алу құқығы келесі тоқсанда қарастырылады.
Тарау 4. 4. Жәрдемақыны төлеу.
4. Жәрдемақыны төлеу.
Тармақ 1
1. Әлеуметтік қөмекті төлеу көмек алуға құқығы бар тұлғалардың есепшоттары Ұлттық банк лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктердің филиалдары арқылы ақшаны аудару арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмекті тағайындайтын және төлейтін уәкілдік орган ай сайын жиынтық тізім құрады және оны банктердің филиалдарына жібереді.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек өткен айға есептеледі.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмектің сомалары әлеуметтік көмекті тағайындайтың және төлейтін уәкілдік органның кінәсі бойынша уақытында есептелмесе, өткен уақытқа шектеусіз есептеледі.
Тармақ 5. Үйде тәрбиеленетін және оқитын балалары бар отбасыларға әлеуметтік көмек беруге құжаттарды тағайындау (тағайындамау ) туралы шешімі
5. Есеп жүргізу тәртібі және әлеуметтік көмекті төлеу бойынша есеп беру қолданыстағы заңға сәйкес белгіленеді.
Үйде тәрбиеленетін және оқитын
балалары бар отбасыларға әлеуметтік
көмек көрсету Ережелеріне 1 қосымша.
Мамлют ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығына
Өтініш
Менің мүгедек-балама әлеуметтік көмекті тағайыңдауыңызды және
төлеуіңізді өтінемін
_________________________________________________
(Тегі, есімі, әкесінің аты)
Тегі ______________________________________
Есімі ______________________________________
Әкесінің аты ______________________________________
ӘЖК ______________________________________
СТН ______________________________________
Мекен жайы ______________________________________
Үй тел. ________________ жұмыс тел ______________________
Жеке күәлігінің түрі ______________________________________
(Құжатгың түрін көрсетіңіз)
Сериясы_____________ номірі кіммен берілген _________________________
Қашан берілген ______________________________________
Жеке шотының №______________филиалда_____________банкте ___________
Өзгерістер болса 10 күннің ішінде хабарлауға міндеттірілемін.
Дұрыс мәлімет бермеген және дұрыс емес құжаттарды тапсырғаны үшін
жауапкершілік туралы ескертілгенмін.
«__»_______________2006 жыл ______________________________________
(өтініш бергеннің қолы)
Өтініш қабылданды
«__»_______________2006 жыл ______________________________________
құжаттарды қабылдаған тұлғаның қолы және Т.А.Ә)
______________________________________
үзбе сызығы
Азамат өтініші_______________________қосымша құжаттармен
санында ____________ данасы қабылданды «__»_______________2006 жыл
______________________________________
(құжаттарды кабыдаған тұлғаның қолы және тегі, есімі, әкесінің есімі)
Үйде тәрбиеленетін және оқитын
балалары бар отбасыларға әлеуметтік
көмек көрсету Ережелеріне 1 қосымша.
Үйде тәрбиеленетін және оқитын балалары бар отбасыларға әлеуметтік көмек беруге құжаттарды тағайындау (тағайындамау ) туралы шешімі
«__»_______________2006 жыл
Істің №__________
Мүгедек балаға әлеуметтік көмекті тағайындау үшін тапсырылған
құжаттарды қарастыра отырып ____________________________
Үйде тәрбиеленетін және оқитын азаматтың:
Тегі ______________________________________
Есімі ______________________________________
Әкесінің есімі ______________________________________
Комиссия шешім шығарды:
1. Әлеуметтік көмек тағайындауды шешті
бастап ______________________________________
деиін ______________________________________
Мөлшерде ______________________________________
2. Әлеуметтік көмек тағайындамау себебі:
______________________________________
Жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы: ______________ Т.К.Омаров
Комиссия мүшелері: ______________ Т. А. Ә.
______________ Т. А. Ә.
_____________ Т. А. Ә.