Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің ережесін бекіту туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13-сәуірдегі Заңының 16- бабына сәйкес мүгедек балалары бар ата- аналарға оларды тәрбиелеуде және оқытуда көмек көрсету мақсатында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 148-II Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-тармақшасы негізінде Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ: 1.Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің қоса беріліп отырған ережесі бекітілсін (№1-қосымша).
Тармақ 2
2. 2006 жылғы 1 қаңтардан материалдық қамсыздандырудың мөлшері 7581теңге сомасында белгіленсін. /ай сайын/.
Тармақ 3
3. Ауыл және қоныс әкімдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Н.Махамбетов) қоса берілген Ережеге сәйкес үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға қамсыздандыру тағайындау мен төлеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Көшкімбаевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы аудандық әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткізілсін.
Басқа 5. Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің ережесі
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 124 қаулысына (№ 1 қосымша) Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің ережесі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1-тармағының 14- тармақшасына сәйкес үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек баланың тұрғылықты жерінде ата-анасының біреуінің немесе оны алмастырушы тұлғаның өтініші бойынша уәкілетті органдармен (аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен) жүргізіледі. Өтінішке облыстың білім департаментінің жанындағы Ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педогогикалық комиссия беретін мүгедек баланы үйде тәрбиелеу және оқытудың қажеттілігі жөніндегі анықтамасы тіркеледі. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмек осы көмекті тағайындау жөніндегі өтініш берілген айдан бастап және Ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педогогикалық комиссияның анықтамасында белгіленген мерзімге тағайындалады. Материалдық көмектің тағайындалуының және төлемінің доғарылуына немесе қайта жаңартылуына әкелетін жағдайлар түскенде (бала өлімі, үй-интернатына жіберу, тұрғылықты жерді ауыстыру және т.б), көмектің тағайындалуы және төлемі осы жағдайлар түскеннен кейінгі айдан бастап доғарылады немесе қайта жаңартылады. Материалдық көмек алушылар тиісті уәкілетті органдарға көмек алу құқығына әсер ететін барлық өзгерістер жөнінде хабарлауға міндетті. Болған өзгерістер жөнінде хабарламаған жағдайда, артық алынған сомалар заңнамада белгіленген тәртіппен қайтарылады. Материалдық көмекті тағайындау туралы барлық қажетті құжаттармен түскен өтініш тиісті уәкілетті органмен түскен күннен бастап 10 күн ішінде қарастырылады. Тиісті уәкілетті орган материалдық көмек тағайындалмаған жағдайда қабыл алынбаған себептер мен шағым арыз беру тәртібі көрсетілген шешім шығарғаннан кейін өтініш берушіге барлық құжаттарды қайтарып береді. Уәкілетті органның шешімі заңнамаға сәйкес шағымданылуы мүмкін. Материалдық көмек тағайындау жөнінде өтініш берушіге барлық қажетті құжаттармен бірге, сондай-ақ уәкілетті органның мүгедек балаларға материалдық көмек тағайындау жөніндегі шешімі, алушының жеке ісінде сақталады. Материалдық көмек көлемі тиісті жылға бекітілген мүгедек балаларды үй-интернаттарында ұстау құнының көлемінде белгіленеді. Мүгедек балаларға материалдық көмектің төлемі қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен аудандар бюджетінің қаржысы есебінен Қазақстан Республикасының аудандық пошта бөлімшесі арқылы жүзеге асырылады. Материалдық көмек өткен айдың есебіне төленеді. Тарбағатай аудандық әкімінің аппарат басшысы: Н.Қараталов