Об утверждении Правил субсидирования развития систем управления производством и рынка сельскохозяйственной продукции Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрудi басқару жүйелерiн және оның нарығын дамытуды субсидиялау ережесiн бекiту туралы "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрудi басқару жүйелерiн және оның нарығын дамытуды субсидиялау ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрудi басқару жүйелерiн және оның нарығын дамытуды субсидиялау ережесi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 14 наурыздағы N 156 қаулысымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрудi басқару жүйелерiн және оның нарығын дамытуды субсидиялау ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрудi басқару жүйелерiн және оның нарығын дамытуды субсидиялау ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының " 2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы ", " Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңдарына сәйкес әзiрленген және агроөнеркәсiптiк кешен салалары кәсiпорындарының сапа менеджментiнiң халықаралық стандарттарын әзiрлеу, енгiзу және сертификаттау жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау тәртiбi мен шарттарын айқындайды.
Тармақ 2
2. Субсидиялау 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Агроөнеркәсiптiк кешендi дамытуды мемлекеттiк қолдау" республикалық бюджеттiк бағдарламасының (бұдан әрi - Бағдарлама) 111 "Ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрудi басқару жүйелерiн және оның нарығын дамытуды субсидиялау" кiшi бағдарламасы бойынша көзделген қаражат (бұдан әрi - Қаражат) есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады: Әкiмшi - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi; Тапсырыс берушi - халықаралық стандарттар базасындағы сапа менеджментi жүйесi әзiрлеу, енгiзу және сертификаттау сатысында болатын, ауыл шаруашылығы шикiзатын қайта өңдеудi жүзеге асыратын агроөнеркәсiптiк кешен субъектiсi болып табылатын заңды тұлға; Консультант - осы Ережеде белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн, халықаралық стандарттар базасында сапа менеджментi жүйелерiн әзiрлеу, енгiзу және одан әрi сәйкестiгiн растау жөнiндегi консалтингiлiк қызметтердi жүзеге асыратын заңды тұлға; Халықаралық стандарт - стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшiлiгi қол жеткiзе алатын стандарт; Сәйкестiктi растау жөнiндегi орган - сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн белгiленген тәртiппен аккредиттелген заңды тұлға; Сертификаттау - сәйкестiктi растау жөнiндегi орган өнiмнiң, қызметтердiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн жазбаша куәландыратын рәсiм.
Тарау 2. 2. Агроөнеркәсiптiк кешен салалары кәсiпорындарының сапа менеджментiнiң халықаралық стандарттарын әзiрлеу, енгiзу және сертификаттау жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау тәртiбi мен шарттары
2. Агроөнеркәсiптiк кешен салалары кәсiпорындарының сапа менеджментiнiң халықаралық стандарттарын әзiрлеу, енгiзу және сертификаттау жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау тәртiбi мен шарттары
Тармақ 4
4. Агроөнеркәсiптiк кешен салаларының кәсiпорындары сапа менеджментiнiң халықаралық стандарттарын әзiрлеу, енгiзу және сертификаттау жөнiндегi жұмыстардың құнын субсидиялау бойынша Қаражатты бөлу үшiн Әкiмшi Тапсырыс берушiлер арасында iрiктеудi жүргiзедi.
Тармақ 5
5. Бағдарламаны iске асыруға қатысатын Тапсырыс берушiлердi iрiктеудi жүргiзу үшiн Бағдарламаның Әкiмшiсi:
Тармақша 1
1) Бағдарламаны iске асыруға қатысатын Тапсырыс берушiлердi iрiктеу тәртiбiн әзiрлейдi және бекiтедi;
Тармақша 2
2) құрамында комиссия төрағасы, мүшелерi және хатшысы бар Комиссияны құрады. Комиссияның сандық құрамы тақ сан болуы және бес адамнан кем болмауы тиiс;
Тармақша 3
3) облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкiмдiгiнiң Ауыл шаруашылығы департаменттерi (басқармалары) ұсынған тiзiм бойынша барлық Тапсырыс берушiлерге шақыру жолдайды.
Тармақ 6
6. Iрiктеуге қатысуға ниет бiлдiрген Тапсырыс берушiлер Бағдарламаның Әкiмшiсi белгiлеген нысан бойынша, Тапсырыс берушiнiң басшысы немесе өтiнiмге қол қою құқығына тиiстi түрде ресiмделген сенiмхаты бар тұлға қол қойған, Тапсырыс берушiнiң мөрi басылған, жабық конвертке салынған өтiнiмдi Комиссияға ұсынады.
Тармақ 7
7. Бағдарламаның әкiмшiсi Бағдарламаны iске асыруға қатысатын Тапсырыс берушiлердi iрiктеудi мынадай өлшемдер бойынша жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының резидентi (жарғы капиталының 51 пайызы және одан жоғары қазақстандық заңды және жеке тұлғаларға тиесiлi болуы);
Тармақша 2
2) салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешегiнiң болмауы (салық заңнамасында белгiленген нысан бойынша тиiстi салық органы анықтамасының түпнұсқасымен расталады);
Тармақша 3
3) осы Ереженiң талаптарына сәйкес келетiн Консультантпен халықаралық сапа стандарттарының базасында менеджмент жүйелерiн әзiрлеу, енгiзу және сәйкестiгiн одан әрi растауға дайындау жөнiндегi консалтингiлiк қызметтер көрсетуге арналған шарттың болуы;
Тармақша 4
4) Консультантпен бiрлесiп әзiрленген техникалық тапсырманың болуы.
Тармақ 8
8. Халықаралық стандарттар базасында сапа менеджментi жүйелерiн әзiрлеу, енгiзу және сертификаттау жөнiндегi жұмыс 2006 жылғы 1 желтоқсанға дейiн аяқталуы тиiс.
Тармақ 9
9. Техникалық тапсырма мынадай мәлiметтердi қамтуы тиiс: жобаның, Тапсырыс берушiнiң, Консультанттың атауы; Консультант шешуi тиiс проблеманың қысқаша сипаттамасы; проблеманы шешуге бағытталған жобаның сипаттамасы; жұмыстардың кезеңдерi мен түрлерiнiң атауы; жобаның жалпы құны; төлем шарттары; жоба бойынша жұмыстардың басталу және аяқталу күнi.
Тармақ 10
10. Консультанттарға қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) Тапсырыс берушiмен Шарт жасасқан күнге халықаралық стандарттар базасында сапа менеджментi жүйелерiн әзiрлеу, енгiзу бойынша кемiнде 2 жыл жұмыс тәжiрибесi;
Тармақша 2
2) кемiнде екi аяқталған жобаға қатысуы;
Тармақша 3
3) штатында тиiстi дипломдары, халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн сапа менеджментi жүйелерi бойынша семинарларды, курстарды бiтiргенi туралы сертификаттары бар және сапа менеджментi жүйелерiн әзiрлеу және енгiзу бойынша жұмыс тәжiрибесi бар халықаралық стандарттар базасында сапа менеджментi жүйелерiн әзiрлеу, енгiзу және сәйкестiгiн одан әрi растау саласындағы бiлiктi мамандардың болуы;
Тармақша 4
4) Консультанттың соңғы жылдағы шығынсыз қызметi.
Тармақ 11
11. Iрiктеудi жүргiзу қорытындылары бойынша Бағдарламаның әкiмшiсi Бағдарламаны iске асыруға қатысатын Тапсырыс берушiлердiң тiзбесiн бекiтедi.
Тармақ 12
12. Әкiмшi мен Тапсырыс берушi Қаражат аудару тәртiбi мен шарттарын, тараптардың жауапкершiлiгiн және өзге де шарттарды көздейтiн халықаралық стандарттар базасында сапа менеджментi жүйелерiн әзiрлеу, енгiзу және сертификаттау жөнiндегi шығындардың өтемақысын төлеу туралы шарт жасасады.
Тармақ 13
13. Республикалық бюджеттен төленетiн Қаражат сомасы халықаралық сапа стандарттарын әзiрлеу, енгiзу және сертификаттау жөнiндегi жобаның барлық құнынан Тапсырыс берушi шығыны құнының 50%-ынан, бiрақ бiр Тапсырыс берушiге 2000000 (екi миллион) теңгеден аспайды.
Тармақ 14
14. Әкiмшi Тапсырыс берушiнiң есеп шотына шығынды өтеу сомасын Тапсырыс берушi халықаралық сапа стандарттарын әзiрлеу, енгiзу және сертификаттау туралы растайтын мынадай құжаттарды ұсынған кезде аударады:
Тармақша 1
1) халықаралық сапа стандарттарын әзiрлеуге, енгiзуге және сертификаттауға кеткен шығындарды субсидиялауға Тапсырыс берушiнiң өтiнiмi ;
Тармақша 2
2) Тапсырыс берушi мен Сәйкестiктi растау жөнiндегi орган арасындағы сертификаттауды жүргiзу туралы шарттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
Тармақша 3
3) осы Ереженiң талаптарына сәйкес келетiн Консультантпен халықаралық стандарттар базасында менеджмент жүйелерiн әзiрлеу, енгiзу және сәйкестiгiн одан әрi растауға дайындау жөнiнде консалтингiлiк қызметтер көрсетуге арналған шарттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
Тармақша 4
4) Консультант пен Тапсырыс берушi қол қойған орындалған жұмыстардың актiсi (консалтингiлiк қызметтердi қабылдау актiсi);
Тармақша 5
5) Сәйкестiктi растау жөнiндегi орган мен Тапсырыс берушi қол қойған сертификаттау жөнiндегi орындалған жұмыстардың актiсi;
Тармақша 6
6) Консультант пен Сәйкестiктi растау жөнiндегi органның қызметтерiне Тапсырыс берушiнiң ақы төлегенi туралы төлем тапсырмалары мен шот-фактуралардың Тапсырыс берушiнiң мөрi мен қолы қойылған көшiрмесi;
Тармақша 7
7) сапа сертификатының нотариалды куәландырылған көшiрмесi.
Тармақ 15
15. Бағдарламаның әкiмшiсiне кейiннен оларды Тапсырыс берушiнiң есеп шотына аудару үшiн Қаражат бөлу Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110 қаулысымен бекiтiлген Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесiне сәйкес жүзеге асырылады. Субсидиялар Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тапсырыс берушiнiң есеп шотына республикалық бюджеттен Қаражат аударуға өтiнiмдi Тапсырыс берушi Бағдарламаның әкiмшiсiне ұсынған кезде төленедi. Тапсырыс берушiлерге субсидияларды төлеу үшiн Бағдарламаның әкiмшiсi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдарына Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ведомостi және төлеуге шотты ұсынады.
Тармақ 16
16. Тапсырыс берушiлер Қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес жауаптылықта болады.
Тармақ 17
17. Бағдарлама әкiмшiсi өз құзыретiнiң шегiнде Қаражаттың тиiмдi, нәтижелi және мақсатты пайдаланылуы үшiн жауаптылықта болады.
Басқа 41. Тапсырыс берушiнiң есеп шотына республикалық бюджеттен Қаражат аударуға ӨТIНIМ
Ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрудi басқару жүйелерiн және оның нарығын дамытуды субсидиялау ережесiне 1-қосымша Тапсырыс берушiнiң есеп шотына республикалық бюджеттен Қаражат аударуға ӨТIНIМ Күнi 200_ ж._____ _________ Осымен Тапсырыс берушi ______________, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнен 006 "Агроөнеркәсiптiк кешендi дамытуды мемлекеттiк қолдау" республикалық бюджеттiк бағдарламасының 111 "Ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрудi басқару жүйелерiн және оның нарығын дамытуды субсидиялау" кiшi бағдарламасы бойынша ашылған Тапсырыс берушiнiң N________ шотына 200___ жылғы N __ халықаралық стандарттар базасында өнiмнiң сапасы мен қауiпсiздiгi менеджментi жүйелерiн әзiрлеу, енгiзу және сертификаттау бойынша шығындардың өтемақысын төлеу туралы Шартқа сәйкес___________мерзiмге республикалық бюджеттен ____________теңге сомасында қаражат аударуды cұрайды. Тапсырыс берушi басшысы            ___________________ Ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрудi басқару жүйелерiн және оның нарығын дамытуды субсидиялау ережесiне 2-қосымша "Бекiтемiн" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрi 200___жылғы "__"______ N___ 006 "Агроөнеркәсiптiк кешендi дамытуды мемлекеттiк қолдау" бағдарламасының 111 "Ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрудi басқару жүйелерiн және оның нарығын дамытуды субсидиялау" кiшi бағдарламасы бойынша субсидияларды аударуға арналған ведомость Тап­сы­рыс бе­ру­шiнiң ата­уы Суб­си­ди­я­ла­у­ға ар­нал­ған шар­ттар­дың нө­мiрi мен жа­сал­ған күнi Са­па ме­недж­мен­тi жүй­е­лерiн әзiр­леу, ен­гi­зу және сер­ти­фи­кат­тау бой­ын­ша шы­ғы­стар­дың жал­пы со­ма­сы Оның iшiн­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лi­гiнiң суб­си­ди­я­лау жыл­дық со­ма­сы Ауда­ру­ға жа­та­ды 1 2 3 4 5 Департамент директоры             _____________________