О Совете по делам молодежи при акимате города Қолданыста
Басқа 0
Кала әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 17-бабы 1-тармағы 31-тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі № 581 Заңының 4-бабы 5-тармағы 3-тармақшасына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕД1:
Тармақ 1
1. Қала әкімдігі жанынан жастар істері жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 2
2. Кеңес туралы ереже 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Кеңестің жеке құрамы қалалық мәслихат сессиясының бекітуіне енгізілсін.
Тармақ 4
4. Қала әкімдігінің 2002 жылғы 2 шілдедегі № 357 «Қала әкімдігі жаиындағы Жастар істері жөніндегі комиссияны құру туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Әкімдіктің осы қаулысының атқарылуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Ж.Мүсәпірбековке жүктелсін.
Басқа 6. Қала әкімлігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің жеке құрамы
Қала әкімдігінің 2006 жылғы
«06» ақпандағы№ 84 қаулысына
1-қосымша
Қала әкімлігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің жеке құрамы
Мүсәпірбеков Тұрсынғазы Жантұяқұлы
- кала әкімінің орынбасары, Кенес төрағасы
Салтабаев
Айтқазы Әубәкірұлы
- ішкі саясат бөлімінің менгерушісі, Кеңес төрағасының орынбасары
Дүйсембаев Асан Үсенұлы
- ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Кеңес хатшысы
Кеңес мүшелері:
Асқаров
Мэлс Мүбаракұлы
- сервис колледжінің директоры (келісім бойынша)
Балғынбаева Бақты Әбдікәрімқызы
- білім бөлімінің меңгерушісі
Балғозина
Раушан Орынбайқызы
- ІІІәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры (келісім бойынша)
Дерябина
Татьяна Владимирована
- «Отан» республикалық саяси партиясының «Жас Отан» жастар қанатының лидері
Игенбаева Мәдина Орашқызы
- Семей қаласындағы «Қазақстан студенттері альянсының» лидері
Құрмамбаева
Азия Айтмұхамбетқызы
- «Мүрагер» қалалық балалар мен жасөспірімдер бірлестігінің басшысы (келісім бойынша)
Никушев Жанат Нығметұлы
жұмыспен қамту және әлеуметтікбағдарламалар бөлімі меңгерушісінің орынбасары
Нұрқасым Құсмилия Жырғалұлы
мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі
Нұрмағамбетов Төлеухан Қабдешұлы
- Семей қаласы бойынша Шығыс Қазақстан
Облыстық денсаулық сақтау департаментінің бөлім бастығы (келісім бойынша)
Омарова
Гүлжанат Рахаткызы
- «Шығыс Қазақстан облысының жастар және балалар ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі Семей қалалық филиалының директоры (келісім бойынша)
Пазына Юрий Сергеевич
- дене шынықтыру және спорт бөлімінің меңгерушісі
Сәрсебаев Жасұлан Бірлікұлы
- «Қазақстанның жас заңгерлері қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі Семей филиалының директоры (келісім бойынша)
Фесенко Наталья Анатольевна
- қалалық мәслихаттың депутаты, № 11 орта мектептің директоры (келісім бойынша)
Храмцова Юлия Александровна
- «Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі» қоғамдық қоры Семей филиалының директоры
Қала әкімі аппаратының басшысы
Е. Майкенов
Басқа 7. Қала әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес туралы
Қала әкшдігінің 2006 жылғы «06» ақпандағы
№ 84 қаулысына
2-қосымша
Қала әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жастар істері жөніндегі Кеңес (бұдан әрі-Кеңес) Семей қаласы әкімдігі жанындағы, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласындағы консультатвдтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес қала аумағында мемлекетік жастар саясатын іске асыруға байланысты мәселелерді әлдеқайда дәйекті түрде шешу мақсатында құрылды.
Тармақ 3
3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және ҚР Үкіметінің жарлықтары мен қаулыларын, әкімдік қаулыларын, облыс, қала әкімінің шешімдері мен әкімдерін және жастар саясаты мәселелеріне қатысты басқа нормативтік құжаттарды, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 4
4. Кеңес төраға, төрағаның орынбасары, хатшысы және Кеңес мүшелері құрамында құрылады.
Тармақ 5
5. Кеңес өз қызметін мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, сондай-ақ қызметі Кеңес мақсаттары мен мүдделеріне қайшы келмейтін халықаралық және басқа мемлекеттердің өзге ұйымдарымен өзара іс-қимылда жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Кеңес шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
Тармақ 2. 2. Кеңестің мақсаттары мен міндеттері
2. Кеңестің мақсаттары мен міндеттері
Тармақ 7
7. Кеңестің мақсаты жастар саясатының басымдықты бағыттарын іске асыру және қала жастарының көкейкесті мәселелерін шешу жөніндегі үсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
Тармақ 8
8. Кеңестің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) жастар проблемаларын жан-жақты және обьективті зерделеу, қорыту және талдау;
Тармақша 2
2) мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу;
Тармақша 3
3) жастардың кәсіптік, рухани және дене шынықтырып дамуы үшін жағдай жасау;
Тармақша 4
4) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелерін шешуде атқарушы органдардың өзара іс-қимылына жәрдемдесу;
Тармақша 5
5) жастар мен балалар бірлестіктерін дамытуға ықпал ету болып табылады.
Тармақ 3. 3. Кеңестің өкілеттіктері.
3. Кеңестің өкілеттіктері.
Кеңес өз құзыреті шегінде:
Тармақ 9
9. Семей қаласында жастар саясатын іске асыру мәселелерін талқылауға, жастар проблемаларын шешуге бағытталған ұсыныстарды әзірлеуге және жергілікті атқарушы және өкілді органдардың қарауына енгізуге;
Тармақ 10
10. Жас ұрпаққа қатысты мәселелерді талқылау үшін атқарушы органдар өкілдерімен өзара іс-қимылға.
Тармақ 11
11. Жас ұрпаққа қатысты проблемалар бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында сөз алуға.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық құпия болып табылатын ақпараттан басқа ақпаратты мемлекеттік органдардан және ұйымдардан алуға.
Тармақ 13
13. Кеңес мүшелеріне жекелеген мәселелерді зерделеуді және Кеңес мәжілістерінде қарау үшін ұсыныстар әзірлеуді тапсыруға құқығы бар.
Тармақ 4. 4. Кеңес жұмысын ұйымдастыру.
4. Кеңес жұмысын ұйымдастыру.
Тармақ 14
14. Төраға мәжілістерді өткізеді және Кеңестің хаттамалық шешімдеріне және басқа құжаттарына қол қояды, мәжіліс қарауына енгізілетін мәселелерді анықтайды. Кеңес төрағасы орнында болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
Тармақ 15
15. Кеңес хатшысы Кеңестің кезекті мәжілісін әзірлеуді қамтамасыз етеді, Кеңес мүшелерін хабардар етеді, іс қағаздарын жүргізеді.
Тармақ 16
16. Кеңес өз жұмысын бір жылға жоспарлайды.
Тармақ 17
17. Кеңес мәжілістері қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен сиретпей өткізіледі. Кеңес мәжілісі егер оған Кеңес мүшелерінің кемінде 2/3 қатысқан жағдайда заңды болып саналады.
Тармақ 18
18. Кеңес мәжілістеріне оның орынбасарының келісімі бойынша шақырылған кәсіпорындардың, мекемелердің, оқу орындарының басшылары, атқарушы органдардың өкілдері қатыса алады.
Тармақ 19
19. Кеңес мүшелері мәжіліске қатысу жөніндегі өкілеттіктерін басқа адамдарға беруге құқығы жоқ.
Тармақ 20
20. Кеңес мәжілістерінде талқыланағын мәселелер бойынша Кеңес мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданатын шешімдер қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 21
21. Кеңес мәжілістері хаттамалармен ресімделеді, бұларды хатшы жүргізеді және бұларға Кеңес төрағасы мен хатшы қол қояды.
Тармақ 5. 5. Кеңес қызметін тоқтату.
5. Кеңес қызметін тоқтату.
Тармақ 22
22. Кеңес қызметі қала әкімдігінің тиісті қаулысы негізінде тоқтатылады.
Ішкі саясат бөлімінің
меңгерушісі
А. Салтабаев