Об утверждении Инструкции о назначении и выплаты пособия семьям, воспитывающим на дому детей-инвалидов Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбастарына жәрдемақыны тағайындау және төлеу туралы Нұсқауды бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік бақару туралы» Заңының 31 бабы, 1 тармағы, 14) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбастарына жәрдемақыны тағайындау және төлеу туралы» Нұсқау бекітілсін (бұдан әрі - Нұсқау).
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.В. Ильинаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланған соң 10 күннен кейін күшіне енеді.
Басқа 4. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбастарына жәрдемақыны тағайындау және төлеу туралы Нұсқау
Успен ауданы әкімдігінің 2006 жылғы «24» ақпандағы «Мүгедек балаларды үйде тәрибелейтінжәнеоқытатын отбастарына жәрдемақыны тағайындау және төлеу туралы Нұсқауды бекіту туралы» № 91/2 қаулысымен бекітілді Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбастарына жәрдемақыны тағайындау және төлеу туралы Нұсқау
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытытын отбастарына жәрдемақыны тағайындау және төлеу (бұдан әрі - Жәрдемақы) олар 18 жасқа жеткенше жұргізіледі.
Тармақ 2
2. Жәрдемақы басқа кіріс түрлеріне қарамастан тағайындалады және төленеді.
Тармақ 3
3. Жәрдемақы тағайындау туралы өтініш қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар комиссиясында (бұдан әрі - Комиссия) түскен күнінен бастап 10 күн мерзімді қаралады.
Тармақ 4
4. Жәрдемақы тағайындау туралы өтініш ұсынылған құжаттармен, сонымен қатар Жәрдемақы тағайындау туралы хаттама шешімімен алушының жеке іс қағазында сақталады.
Тармақ 5
5. Жәрдемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда өтініш иесі себептер көрсетіліп, жазбаша хабардар болады.
Тармақ 6
6. Өтініш иесі Жәрдемақы алу құқына әсерін тигізетін өзгерістер туралы Успен ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарлауға міндетті.
Тармақ 7
7. Жәрдемақыны төдеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына және осы Нұсқауға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Жәрдемақы төлеу бойынша талас түған жағдайда мәселе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен бекітілсін тәртіпте шешіледі.
Тарау 2. 2. Жәрдемақы тағайындау
2. Жәрдемақы тағайындау
Тармақ 9
9. Жәрдемақы ата-ананың біреуінің, немесе оның орнындағы адамның өтінішті бойынша тағайындалады.
Тармақ 10
10. Жәрдемақы тағайындау туралы өтінішті ата-ананың біреуі, немесе оның орнындағы адам Успен ауданы "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мелекеттік мекемесіне беріледі.
Тармақ 11
11. Облыстық, қалалық дәрігерлік-педагогикалық кеңес ұйғарымы негізінде мүгедек баланы үйде тәлбиелеу және оқыту туралы қажеттілігі танылған сәттен бастап Жәрдемақы бір жылға тағайындалады және тоқсан сайын төленеді.
Тармақ 12
12. Жәрдемақыны тағайындау және төлеу мерзімі мүгедек баланы үйде тәрбиелеу және оқыту қажеттілігі белгіленген күннен бастап бір жыл.
Тармақ 13
13. Оқыту мерзімі ұзартылғында облыстық, қалалық дәрігерлік-педагогикалық кеңес ұйғарымы негізінде Жәрдемақыны тағайындау және төлеу құжаттары жанартылады.
Тармақ 14
14. Жәрдемақы тағайындау үшін мына құжаттар ұсынылады:
Тармақша 1
1) ата-аналарының біреунің, немесе оның орнындағы адамның есеп шоты көрсетілген өтініші;
Тармақша 2
2) салық төлеушінің тіркелу нөмірі;
Тармақша 3
3) облыстық, қалалық дәрігерлік-педагогикалық кеңестің ұйғарымы;
Тармақша 4
4) дәрігерлік-консультативтік комиссия хаттамасының көшірмесі;
Тармақша 5
5) дәрігерлік-әлеуметтік сараптама анықтамасының көшірмесі;
Тармақша 6
6) отбасы құрамын растайтын құжат (тоқсан сайын);
Тармақша 7
7) баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі.
Тармақ 15
15. Жәрдемақы бірінші рет тағайындалатын болса, өтініш түскен күннен бастап төленеді.
Тармақ 16
16. Жәрдемақыны төлеу өткен тоқсан үшін 6 айлық есептік көрсеткіш көлемінде өткізіледі.
Тармақ 17
17. Алушылар өз уақытында алмаған жәрдемақы сомасы төлемақы тоқтатылған тоқсаннан бастап төленеді.
Тармақ 18
18. Жәрдемақы алушылар мәліметтерінің дұрыс болмауы салдарынан төленген артық соманың орнын толтыру заңнамамен бекітілген тәртіпте төлеттіріп алынады.
Тарау 3. 3. Қорытынды қағида
3. Қорытынды қағида
Тармақ 19
19. Ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін жаупкершілік Успен ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктеледі.
Тармақ 20
20. Успен ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Павлодар облысының «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі департаменті» мемлекеттік мекемесіне тоқсан сайын есеп берілетін айдан кейінгі айдың 10-да төленген сома бойынша есеп береді.