Балқаш ауданында "Иттерді және мысықтарды күтіп ұстау жөніндегі" ережесін бекіту туралы Күшін жойған
Басқа 0
Балқаш ауданында "Иттерді және мысықтарды күтіп ұстау жөніндегі" ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республиқасының «Ветеринария туралы» Заңынынң 10-бабының 9-тармағы және Қазақстан Республиқасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3, 311 баптарына сәйкес Балқаш аудандық Мәслихат ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Балқаш ауданында «Иттерді және мысықтарды күтіп ұстау жөніндегі» Ережесі бекітілсін. (қосымша беріліп отыр)
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау заңдылықты: сақтау, құқық қорғау және депутат өкілеттігі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін 10-тізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Басқа 4
Балқаш аудандық Мәслихаттың XXXY-сессиясының 2006 жылғы 25 қаңтардағы Балқаш ауданында «Иттерді және мысықтарды күтіп ұстау жөніндегі» Ережесін бекіту туралы № 35-150 шешіміне қосымша
Балқаш ауданы және елді мекендерде иттерді және мысықтарды күтіп ұстау
ЕРЕЖЕСІ
Тармақ 1
1. Иттерді және мысықтарды күтіп ұстайтын ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар және азаматтар міндетті:
Тармақша 1
1)елді мекендерде иттерді жекелеген оңаша қораларда (қаланған аулада, учаскеде, торлы қорада) ұстау және байлап ұстауға;
Тармақша 2
2)иттерді пәтерден, жекелеген оңаша қорадан көшеге шығару үшін қарғы бау, тұмсық тор пайдалану. Иттерді қарғы баусыз, тұмсық торсыз тек отарларда, табундарда ұстауға рұқсат беріледі;
Тармақша 3
3)иттер, мысықтар ауырып қалған жағдайларда дереу ветеринариялық аудандық бөлімге қабарлау, ал адамды, малды ит қапқан, мысық тырнаған жағдайда медициналық және ветеринариялық бөлімге қабарлау;
Тармақша 4
4)ветеринариялық инспекторларының талап етуі бойынша иттерді, мысықтарды қарауға, құтыру және басқа ауыруларға қарсы сақтық егу жұмыстарын жүргізуге;
Тармақша 5
5)иттерді селолық округтерінің ветеринариялық инспекторларының тізіміне тіркеу және тіркеу куәлігін (паспорт) алу;
Тармақша 6
6)ит, мысық сатып алған және басқа ауылға орын ауыстыратын азаматтар 5-кун ішінде жергілікті ветеринариялық инспекторларға өзгерістерді қабарлауы міндетті.
Тармақ 2
2. Иттерді сату, сатып алу, басқа аудандарға, облыстарға, мемлекеттерге аппаратын жағдайда ветеринариялық құжат болу керек, құжатта ит құтыру ауруына 30 күн бұрын «егілген» деген белгі болу керек.
Тармақ 3
3. Ауылдың ішінде, алаңдарда, базарларда кездесетін иесіз иттер, мысықтар «қарғы бауы,тұмсық торы болсада» қанғыбас деп саналып, аулау және ату шаралары қолданылады.
Тармақ 4
4. Адамды, малды қапқан иттерді иелері жедел ветеринариялық аудандық бөлімшелеріне алып келіп тексеріпn, 10 күнге дейін оқшау ұстауға міндетті. Ал Ережені сақтамай иттерді бос жіберіп соның салдарынан адамды, малды екінші рет қапқан жағдайда ит иесін ветеринариялық инспекторлар ветеринария саласындағы заң талаптарын бұзды деп сотқа талап коюға құқығы бар.