Об учреждении премий акима Северо-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Мектепке дейінгі білім беру саласында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің сыйлықақыларын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27 бабы, 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 Заңының 25-2 бабы, 4 тармағына, «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығына, «2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы білім саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы 3 тармағына сәйкес мектепке дейінгі білім саласында мемлекеттік және орыс тілдерін дамытуда жоғары нәтижелерге қол жеткізген қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері мемлекеттік қолдау және әлеуметтік мәртебесін арттыру мақсаттарында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мектепке дейінгі білім беру саласында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің сыйлықақылары тағайындалсын (ілгеріде - сыйлықақылар).
Тармақ 2
2. Қоса берілген сыйлықақыларды тағайындау Ережесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. 2006 жылға қоса берілген шығыстар сметасына сәйкес жалпы сомасы 1000,0 мың теңгеге мектепке дейінгі білім беру саласында он сыйлықакы қазақ мұғалімдеріне және он сыйлықақы орыс тілі мұғалімдеріне бекітілсін.
Тармақ 4
4. Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті сыйлыақы төлеуге саттар бөлуді көздесін.
Тармақ 5
5. Білім департаменті бөлінген қаражаттарды мақсатты пайдалануды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Е.Нұрақаевқа жүктелсін.
Басқа 7
Солтүстік Қазақстан облыс әкімдігінің
2006 жылғы «25» қаңтардағы № 25
қаулысымен бекітілген
Мектепке дейінгі білім беру саласында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің сыйлықақыларын тағайындау ЕРЕЖЕСІ
Тармақ 1
1. Мектепке дейінгі білім беру саласында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жыл сайынғы сыйлықақылары (ілгеріде-сыйлыкақы) мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік және орыс тілдерін оқытуда жоғары нәтижелерге қол жеткізген қазақ және орыс тілі мұғалімдерін мемлекеттік қолдау және әлеуметтік мәртебесін арттыру мақсаттарында тапсырылады.
Тармақ 2
2. Сыйлықақы алуға үміткерлер, облыстың мектепке дейінгі білім беру саласының қазақ және орыс тілдерінің мұгалімдері болып табылады.
Тармақ 3
3. Сыйлықақы әр жартыжылдықтың қорытындылары бойынша облыстық бюджет қаражаттарынан төленетін біржолғы ақшалай сыйлық болып табылады
Тармақ 4
4. Сыйлықақының саны және мөлшері жыл сайын облыс әкімдігінің каулысымен бекітіледі.
Тармақ 5
5. Үміткерлерге Сыйлықақылар облыстық білім департаментінің, ұсынысы бойынша конкурстық негізде тағайындалады.
Тармақ 6
6. Сыйлық алуға үміткерлерді іріктеу кезінде негізгі критериилер мыналар болып табылады :
мемлекеттік тілдік саясатты іске асыруда, өңірдің қоғамдық өміріне белсенді қатысу;
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерінің қазақ және орыс тілдерін мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына сәйкес игеру деңгейінің жоғарылығы;
педагогикалық шеберлікті жетілдіру, оқу-тәрбие процесінде оқытудың заманауи технологияларын пайдалану;
қазақ және орыс тілдерін оқыту бойынша авторлық бағдарламаларды, кіріктірілген жұмыстың тиімді әдістерін әзірлеу;
кәсіби борышты мүлтіксіз орындау.
Тармақ 7
7. Сыйлықақы алуға үміткерлер сыйлықақы тапсыру бойынша облыстық жұмыс тобының (ілгеріде-жұмыс тобы) отырысында қарастырылады.
Тармақ 8
8. Жұмыс тобының құрамы облыс әкімдігінің қаулысымен жыл сайын бекітіледі. Жұмыс тобы мүшелерінің жалпы саны так санды құрауы тиісті.
Тармақ 9
9. Сыйлыкақыларды тапсыру туралы шешім жұмыс тобының отырысында көпшілік дауыспен ашық дауыс беру арқылы кабылданады.
Тармақ 10
10. Жұмыс тобының шешімі негізінде облыс әкімдігінің каулысымен сыйлықақы тапсырылатын үміткерлердің тізімі бекітіледі.
Басқа 18
Солтүстік Қазақстан облыс
әкімдігінің 2006 жылғы «25» қаңтардағы № 25
қаулысына қосымша
Мектепке дейінгі білім беру саласында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің сыйлықақыларын төлеуге шығыстар сметасы
Сыйлықақының атауы
Сыйлықақының мөлшері (мың. теңге)
Сыйлықақының саны
Жалпы сомасы (мың. теңге)
Бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша :
Қазақ тілінің мұғалімдеріне
50,0
5
250,0
Орыс тілінің мұғалімдеріне
50,0
5
250,0
Барлығы
500,0
Екінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша :
Қазақ тілінің мұғалімдеріне
50,0
5
250,0
Орыс тілінің мұғалімдеріне
50,0
5
250,0
Барлығы
500,0
Жылына барлығы: 1000,0 мың теңге