Тұрғын үй комиссиясын құру туралы Қолданыста
Басқа 0
Тұрғын үй комиссиясын құру туралы
Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы № 148-II санды «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, 16 сәуір 1997 жылғы № 94-I «Тұрғын үй қағынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2 қыркүйек 1999 жылғы № 1292 «Мемлекттік тұрғын үй қорынан үй жай беру, жалдау және пайдалану тәртібі туралы" Қаулысын басшылыққа ала отырып, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 18 қазандағы № 13/183-III-санды шешіміне байланысты аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Абай ауданы әкімдігі жанынан аудандық тұрғын үй комиссиясы құрылсын және оның құрамы № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық тұрғын үй комиссиясының құрамы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Абай ауданы әкімдігі жанынан құрылған аудандық тұрғын үй комиссиясының қағидасы бекітілсін ( қосымша № 2 ).
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына
бақылау жасау аудан әкімінің Е.Сүлейменге жүктелсін.
Келісілді
Абай аудандық
мәслихатының депутаты:
Ғ.А.Қуанышбай
05 ақпан 2006 жыл
Басқа 5. Абай ауданы әкімдігі жанынан құрылған аудандық тұрғын үй
комиссиясының
Абай ауданы әкімдігінің
« 06 » 02 ақпандағы
2006 жылғы № 943 қаулысының
№ 2 қосымшасы
Абай ауданы әкімдігі жанынан құрылған аудандық тұрғын үй
комиссиясының
ҚАҒИДАСЫ
Тармақ 1. 1. Жалпы қағидалар
1. Жалпы қағидалар
Тармақ 1
1. Абай ауданы әкімдігі жанынан құрылған аудандық тұрғын үй комиссиясы (әрі қарай - Комиссия) тұрақты жұмыс жасайтын орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметінде Қазакстан Республикасының Конститутциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы № 148-II санды «Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын, 16 сәуір 1997 жылғы № 94-1 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі № 1292 «Мемлекттік тұрғын үй қорынан үй жай беру, жалдау және пайдалану тәртібі туралы» қаулысын, осы қағиданы және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Комиссия аудандық тұрғын үй қорын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік тұрғын үйді бөлу және иесіз қалған тұрғын үйді анықтау және оған уақытша адам кіргізу үшін құрылды.
Тармақ 4. 2. Комиссияның мақсаты мен негізгі міндеттері.
2. Комиссияның мақсаты мен негізгі міндеттері.
Тармақ 4
4. Комиссияның негізгі мақсаты Абай ауданы азаматтарының әлеуметтік- тұрғын үй мәселелерін шешу және ауданда тұрғын үйді бөлу кезінде кезек тәртібін сақтау жөніндегі мониторинги жүргізу.
Тармақ 5
5. Абай ауданында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрғын үй бөлуге, тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың және тұрғындардың аз қамтылган бөлігіне жататын азаматтардың, сондай-ак бюджеттік ұйымдардың тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметшілерінің, әскери қызметшілердің және мемлекеттік сайлану лауазымымен айналысатын тұлғалардың мәселелерін қарау - Комиссияның негізгі міндеті болып табылады.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік тұрғын үйді болу Комиссия шешімінің негізінде жергілікті атқарушы органының қаулысымен ресімделеді.
Тармақ 7. 3. Комиссияның негізгі функциялары
3. Комиссияның негізгі функциялары
Тармақ 7
7. Комиссия белгіленген заңнама тәртібінде мынандай функцияларды
жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) тұрғын үй алуға мұқтаж азаматтардың және тұрғындардың аз
қамтылған топтарына жататын азаматтардың үсынылган есепке қою туралы
өтініштерін қарайды және тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлу туралы оларға ұсыныс мазмұндағы қорытынды шығарады.
Тармақша 2
2) мемлекеттік тұрғын үй қорынан (қайта пайдалануға кіргізілген, не тұрушылардан босатылған), немесе иесіз пәтерлер санына «Қазакстан Республикасы Әділет Министірлігнің тіркеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» Абай аудандық өндірістік бөлімінде есепке тұрғызылған, тұрғын үйді беру мәселелеріне ұсыныс кіргізеді.
Тармақ 4. 4. Комиссияның құқығы мен жауапкершілігі
4. Комиссияның құқығы мен жауапкершілігі
Тармақ 8
8. Белгіленген заңнама тәртібінде жүктелген басты міндетін және атқаратын қызметін жүзеге асыру үшін Комиссия төмендегіге:
Тармақша 1
1) Комиссияның құзырына кіретін мөселелер бойынша ауданның мемлекеттік мекемелерінен, ұйымдарынан қажетті ақпарды сұрауға;
Тармақша 2
2) қызмет барысында мамандарды, сарапшыларды, және басқа тұлғаларды осы және басқа мәселелерді шешу үшін тартуға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес баска да билікті жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 9
9. Комиссия өз қызметі барысында ауданның жергілікті атқарушы органының алдында жауапты.
Тармақ 5. 5. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
5. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 10
10. Комиссия құрамы төраға (аудан әкімнің орынбасары), төрағаның
орынбасары, комиссия мүшелері және комиссия хатшысынан құрылады.
Тармақ 11
11. Комиссия құрамындағы өзгерістер аудан әкімдігінің қаулысымен
бекітіледі.
Тармақ 12
12. Комиссия жұмысын ұйымдастыратын және басшылық жасайтын,
Комиссияға жүктелген міндеттерге жеке жауапты болатын және өзіне
жүктелген функцияларды жүзеге асыратын, өз құзыры аясында Комиссияның
барлық мүшелеріне қатысты тапсырмалар мен нұсқаұлар беретін, Комиссия
мәжілісін жүргізетін, Комиссия хаттамасына қол қоятын Төраға басқарады.
Комиссия төрағасы болмаған жағдайда істі орынбасары жүргізуі мүмкін.
Тармақ 13
13. Комиссия хатшысы:
Тармақша 1
1) Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады;
Тармақша 2
2) Комиссия мүшелері мен шақырылғандардың келуін және шешімінің
орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) Комиссия мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың
және басқа мүдделі тұлғалардың жұмысын үйлестіреді;
Тармақша 4
4) Комиссия мәжілісінің хаттамасын жүргізеді және жасайды.
Тармақ 14
14. Комиссия мүшелері комиссия жұмысына қатысады,
жүктелген міндеттерді атқарады.
Тармақ 15
15. Комиссия мәжілісі жұмыс жоспарына сөйкес өткізіледі.
Егер де мәжіліске Комиссия құрамының 2/3 қатысса,
Комиссия
қорытындысы құқықты деп есептелінеді.
Тармақ 16
16. Мәжіліске қатысқан мүшелерінің жалпы саны есебінің нәтижесімен Комиссия қорытынды шығарады.
Тең дауыста төраға дауысы шешуші дауыс болып табылады.
Тармақ 17
17. Комиссия мәжілісі хаттамалармен ресімделеді.
Тармақ 18
18. Комиссия мүшелері өзгеше пікірде болуға құқықты, егер де ол айтылған жағдайда, хаттамаға кіргізілуі керек, жазбаша түрде баяндалып және Комиссия мәжілісінің хаттамасына косатіркелуі қажет.
Тармақ 19
19. Егер де шүғыл шешім (отырыс) қабылдау қажет болса, Комиссия төрағасының ұсынысымен кезектен тыс Комиссия мәжілісі өткізілуі мүмкін.
Тармақ 6. 6. Комиссия қызметінің тоқтатылу тәртібі
6. Комиссия қызметінің тоқтатылу тәртібі
Тармақ 20
20. Комиссия қызметінің тоқтатылу негізі:
Тармақша 1
1) Комиссияға жүктелген міндеттерді орындамау;
Тармақша 2
2) бұрын Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік органның құрылуы;
Тармақша 3
3) Комиссияның міндеттерін орындауға мүмкіндік бермейтін және оның орындалуын мақсатсыз ететін басқа да жағдайлар;
Тармақша 4
4) Осы Комиссияның қызметін тоқтату туралы Абай ауданы әкімдігінің қаулысы.
Аудан әкімі
аппаратынын басшысы:
М.БЕЛІБАЕВ
Басқа 45. Абай ауданы әкімдігі жанынан құрылған аудандык тургын уй
комиссиясының
Абай ауданы әкімдігінің
« 06 »ақпандағы
2006 жылғы № 943 қаулысының
№ 1 қосымшасы
Абай ауданы әкімдігі жанынан құрылған аудандык тургын уй
комиссиясының
ҚҮРАМЫ
Сүлеймен Ержан Әшімүлы - Аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Қуанышбаев Үлан Ғалымүлы - Кадр және мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары.
Комиссия хатшысы:
Рахимов Базар Баянүлы - Абай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы.
Комиссия мүшелері:
Татиева Сағдат Әбікенқызы - Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар болімінің бастығы.
Аскатов Айдар Аскатүлы - Абай ауданының қаржы бөлімінің бастығы.
Дүрмекбай Қайырғазы Нүрлыбекүлы - Абай ауданының білім бөлімінің бастығы.
Қуанышбай Ғалым Айдарханүлы - Абай аудандық маслихатының депутаты (өз келісімі бойынша).
Аудан әкімі аппаратының басшысы
М.БЕЛІБАЕВ