О Правилах оказания социальной помощи малообеспеченным гражданам Қолданыста
Басқа 0
Азқамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережесі туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйе туралы» Заңының 12 бабының 1 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Азқамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережесі бекітілсін. (Ереже қоса тігіледі)
Тармақ 2
2. Осы шешім Аршалы аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Келісілген:
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарлама
бөлімінің бастығы Б.Ш. Сыздықова
Басқа 3
Аршалы аудандық
Мәслихат сессиясының
2006 жылғы «15» ақпан
№ 30/6 шешімімен
БЕКІТІЛДІ
Аз қамтамассыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек беру Ережелері
Осы Ережелер 2001 жылғы 23 каңтардың Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Занының 31 б. 14 т. сәйкес, Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйесі туралы» Заңының 12 бабының 1-тармағының негізінде және 2006 жылғы «Жергілікті өкілетті органдарының шешімімен азаматтардың жеке санатына әлеуметтік төлемақы туралы» бюджеттік бағдарламасына сәйкес шығылған.
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар
1. Жалпы қағидалар
Тармақ 1
1. Әлеуметтік көмек аз қамтамассыз етілген азаматтарға отын және бірінші қажеттілікті нәрселерді сатып алуға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жергілікті бюджет қаржысы есебінен көрсетеді.
Тармақ 2
2. Аз қамтамассыз етілген азаматтарға әлеуметтік беру немесе қайтару туралы шешім құрамы аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек беру бойынша комиссияның (бұдан кейін комиссия) отырысында шығарылады.
Тармақ 3
3. Аз қамтамассыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек егер отбасының өткен тоқсандағы табысы жан басына есептегенде кедейлік денгейінен төмен болған жағдайда тағайындалады және төленеді.
Тармақ 4
4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі есептеу жүргізеді, әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімін жасайды, ай сайын аудандық қаржы бөліміне қаржыландыру туралы өтінім береді.
Тармақ 5
5. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға материалдық көмек көрсету туралы комиссия шешімі арыз берушінің материалдық-тұрмыстық жағдайына зерттеу акті негізінде қабылданады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі
2. Әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар кісі әлеуметтік көмекті тағайындау туралы арызға тиісті құжаттар пакетін қоса тапсырады.
Тармақ 7
7. Аз қамтамассыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттарды қарау, құжаттар тапсырған күннен 30 күн мерзімі ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Арыз иесі арыздағы және құжаттардағы мәліметтердін толықтығына және сенімділігіне заңға сәйкес жауапты.
Тарау 3. 3. Қажетті құжаттардын тізімі.
3. Қажетті құжаттардын тізімі.
Тармақ 9
9. Аз қамтамассыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмекті тағайындау құқығын растайтын құжаттар:
Тармақша 1
1) Арыз берушінің жеке куәлігі, СТН;
Тармақша 2
2) Отбасы құрамы және тұрақтылығы туралы анықтама;
Тармақша 3
3) Материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеу акті;
Тармақша 4
4) Жұмыс істеушілерге, еңбекақысы туралы анықтама;
Тармақша 5
5) Жұмыссыздарға, жұмысыпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің анықтамасы;
Тармақша 6
6) Отбасының табыстары туралы анықтама.
Тармақ 10
10. Құжаттардың жоқ болуы әлеуметтік көмек тағайындауды қайтаруға апарады
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмектің мөлшері
4. Әлеуметтік көмектің мөлшері
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмек мөлшері комиссия шешімімен бекітіледі.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмекті төлеу
5. Әлеуметтік көмекті төлеу
Тармақ 12
12. Аз қамтамассыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмектің төленуі заңмен бекітілген тәртіппен конкурсты жеңген, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің тиісті операциялар түрлеріне лицензиясы бар пошта байланыс бөлімдері арқылы жүзеге асырылады.