О Правилах оказания социальной помощи инвалидам Қолданыста
Басқа 0
Мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету Ережесі туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйе туралы» Заңының 12 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылдың 13 сәуірінде № 39-Ш Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету Ережесі бекітілсін. (Ереже қоса тігіледі).
Тармақ 2
2. Осы шешім Аршалы аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Келісілген:
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарлама
бөлімінің бастығы Б.Ш. Сыздықова
Басқа 3
Аршалы аудандық
маслихат сессиясының
2006 жылғы «15» ақпан
№ 30/7 шешімімен
БЕКІТІЛДІ
Мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсетудің Ережелері
Осы Ережелер 2005 жылғы 13 сәуірдің № 39-ІІІ, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 14 бабының 31 тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардың Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйе туралы» Заңының 12 бабы 1 тармағының және «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жеке азаматтар санаттарына әлеуметтік төлемдер» 2006 жылға бюджеттік бағдарламаның негізінде жасалды.
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар
1. Жалпы қағидалар
Тармақ 1
1. Бекітілген тәртіппен әлеуметтік қорғауда медикалық-әлеуметтік сараптама (одан әрі МӘС) куәләндірілген мүгедектің мүдделері анықталған 1,2,3 топтағы мүгедектер; 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар әлеуметтік көмекті алуға құқылы.
Тармақ 2
2. Мүгедектерге арналған әлеуметтік көмекті аудандық бюджеттің қаржы есебінен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ақшалай түрде көрсетеді.
Тармақ 3
3. Төлем туралы шешім аудандық әкімдік бекіткен әлеуметтік көмек көрсету бойынша комиссияның (одан әрі комиссия) отырыстарында шығарылады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмектің мөлшері.
2. Әлеуметтік көмектің мөлшері.
Тармақ 4
4. Мүгедектерге әлеуметтік көмек МӘС қорытындысы негізінде әлеуметтік көмек беру туралы арызды және материалдық-тұрмыстық жағдайы туралы актілерді талап етусіз төленеді.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек мөлшері комиссияның шешімімен анықталады.
Тарау 4. 4. Материалдық көмектің төлеуінің тәртібі.
4. Материалдық көмектің төлеуінің тәртібі.
Тармақ 6
6. Мүгедектерге әлеуметтік көмектің төленуі заңмен бекітілген тәртіппен конкурсты жеңген, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің тиісті операциялар түрлеріне лицензиясы бар пошта байланыс бөлімдері жүзеге асырылады