О Правилах оказания социальной помощи к государственным праздникам социально-уязвимым слоям населения Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.02.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына мемлекеттік мерекелерге әлеуметтік көмек көрсету Ережесі туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйе туралы» Заңының 12 бабының 1 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына мемлекеттік мерекелерге әлеуметтік көмек көрсету Ережесі бекітілсін. (Ереже қоса тігіледі).
Тармақ 2
2. Осы шешім Аршалы аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді. Келісілген: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімінің бастығы Б.Ш. Сыздыкова
Басқа 3
Аршалы аудандық мәслихат сессиясының 2006 жылғы «15» ақпан № 30/5 шешімімен БЕКІТІЛДІ Халықтың әлеуметтік әлсіз санаттарына мемлекеттік мейрамдарға әлеуметтік көмек көрсету бойынша Ережелері Осы Ережелер 2001 жылғы 23 қаңтардың Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Занының 31 б. 14 т. сәйкес, Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйесі туралы» Заңының 12 бабының 1- тармағының негізінде және 2006 жылғы «Жергілікті өкілетті органдарының шешімімен азаматтардың жеке санатына әлеуметтік төлемақы туралы» бюджеттік бағдарламасына сәйкес шығылған.
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар
1. Жалпы қағидалар
Тармақ 1
1. Мемлекеттік мерекелерге материалдық көмек алуға құқығы бар кісілер: І, II топтағы мүгедектер; 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар; жойылған кәсіпорындардың және өзге елді мекендерден көшіп келген зейнеткерлер; Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; Ұлы Отан соғысы жылдары көрсеткен қажырлы еңбектері үшін, бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған иегерлері; Ауғанстандағы және басқа мемлекеттердегі жауынгерлік іс-қимылға қатысушы интернационалист-жауынгерлер; көп балалы аналар; жалғызбасты қарт және жалғыз тұратын азаматтар.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мерекелерге көмек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы аудандық бюджет қаржысы есебінен ақшалай төленеді.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік мейрамдар қарсаңында материалдық көмек төлеу туралы шешім материалдық көмек беру бойынша комиссияның отырысында, аудандық әкімдіктің қаулысың бекітуімен шығарылады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмектің мөлшері
2. Әлеуметтік көмектің мөлшері
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек мөлшері әр категория бойынша комиссияның шешімімен тағайыдалады.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі
3. Әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмектің төленуі заңмен бекітілген тәртіппен конкурсты жеңген, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің тиісті операциялар түрлеріне лицензиясы бар пошта байланыс бөлімдері арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек аудан әкімінің шешімі негізінде көмек көрсету туралы арызды және материалдық-тұрмыстық жағдайды зерттеу акті талап етілмей, зейнетақылар және жәрдемақылар төлеу бойынша Мемлекеттік отралықтың мәліметтер базасына сәйкес төленеді.