О Правилах оказания социальной помощи малообеспеченным и отдельным категориям граждан на лечение Қолданыста
Басқа 0
Емделуге аз қамтамасыз етілген және жекеленген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережесі туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйе туралы» Заңының 12 бабының 1 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Емделуге қамтамасыз етілген және жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережесі бекітілсін. (Ереже қоса тігіледі).
Тармақ 2
2. Осы шешім Аршалы аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Келісілген:
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарлама
бөлімінің бастығы Б.Ш. Сыздықова
Басқа 3
Аршалы аудандық
мәслихат сессиясының
2006 жылғы «15» ақпан
№ 30/4 шешімімен
БЕКІТІЛДІ
Аз қамтамассыз етілген жекеленген санаттағы азаматтарға емделуге әлеуметтік көмек көрсету Ережелері.
Осы Ережелер 2001 жылғы 23 каңтардың Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Занының 31 б. 14 т. сәйкес, Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйесі туралы» Заңының 12 бабының 1-тармағының негізінде және 2006 жылғы «Жергілікті өкілетті органдарының шешімімен азаматтардың жеке санатына әлеуметтік төлемақы туралы» бюджеттік бағдарламасына сәйкес шығылған.
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар.
1. Жалпы қағидалар.
Тармақ 1
1. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға стационарда емделуге және медициналық мекемелерде тексеруден өтуге әлеуметтік көмек (бұдан әрі әлеуметтік көмек) аудандық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі арқылы аудандық бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмекті беру немесе қайтару туралы шешім құрамы аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек беру бойынша комиссияның (бұдан кейін комиссия) отырысында шығарылады.
Комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және қабылданды деп есептелді оған комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс бергенде. Комиссия отырысы құқылы болып есептеледі құрамының 2/3 қатысқанда.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек келесі санаттарға: медициналық мекемелер мен медициналық мекемелерде стационарлық емделуге және тексерілуге мұқтаж болғандарға отбасы табысына қарамастан тағайындалып төленеді.
Тармақ 4
4. Науқас кісіні алып жүргендерге әлеуметтік көмек дәрігерлік-кеңестік комиссияның анықтамасында алып жүрушінің қажеттілігі туралы қорытынды болған жағдайда төленеді. Әлеуметтік көмек ауру балаға, сонымен бірге оны алып жүретін ата-анасының біреуіне, асырап алушысына, қамқоршысына және басқа жақын туысына төленеді. Басқа жақын туысы түсінігі Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» Занына сәйкес анықталады.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім тапсырылған құжаттардың негізінде шығарылады.
Тармақ 6
6. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі есептеу жүргізеді, әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімін жасайды, ай сайын аудандық қаржы бөліміне қаржыландыру туралы өтінім береді.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі
2. Әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар кісі әлеуметтік көмекті тағайындау туралы арызға тиісті құжаттар пакетін қоса тапсырады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін құжаттарды қарау, құжаттар тапсырған күннен 30 күн мерзімі ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмекті тағайындамаған жағдайда, комиссия ол туралы арыз иесіне 3 күндік мерзімде хабарлайды.
Тармақ 10
10. Арыз иесі арыздағы және құжаттардағы мәліметтердің толықтығына және сенімділігіне заңға сәйкес жауапты.
Тарау 3. 3. Қажетті құжаттардың тізімі.
3. Қажетті құжаттардың тізімі.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмекті тағайындау құқығын растайтын құжаттар:
Тармақша 1
1) стационарда емделу немесе медициналық мекемелерде тексеруден өту қажет деген медициналық мекеменің жолдамасы, ДКК анықтамасы;
2) материалдық тұрмыс жағдайын зерттеу туралы акт;
Тармақша 3
3) жеке куәлік; СТН;
Тармақша 4
4) отбасы кұрамы туралы анықтама;
Тармақ 11
11. алып жүрушінің жеке куәлігі кұжаттарының көшірмесі (ата-анасының, асырап алушының, қамқоршысының және басқа жақын туысының).
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмектің мөлшері.
4. Әлеуметтік көмектің мөлшері.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмек мөлшері 50 айлық есептік көрсеткіштен көп емес қылып комиссия шешімімен бекітіледі.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмекті төлеу.
5. Әлеуметтік көмекті төлеу.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмектің төленуі жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі, бірақ арыз берушінің емделуден келгеннен кейін 3 айдан кеш емес.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік көмектің төленуі заңмен бекітілген тәртіппен конкурсты жеңген, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің тиісті операциялар түрлеріне лицензиясы бар пошта байланыс бөлімдері арқылы жүзеге асырылады.