Қолданыстағы ред. 10.03.2006

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы от 10.03.2006 г. № 24/235 (Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы)

0

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азамматтардың жекелеген топтарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 53-бабы, 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы, 1-тармағының 15) тармақшасына және қалалық Мәслихаттың 2005 жылғы 14 желтоқсандағы ХХІІ сессиясының №22/195 «2006 жылғы қала бюджеті туралы» шешіміне сәйкес қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету келісілсін.

2

2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік ьағдарламалар бөлімі (Гармашова Н.Н.) «Жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасының әкімгері болуымен келісілсін.

3

3. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы әкімдерінің (Гармашова Н.Н.) келесі ұсыныстарымен келісілсін:

1

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 7000 теңге;

2

2) Ұлы Отан соғысы кезінде әскери қызметте және ерікті жалдама құрамаларда болғандарға – 3000 теңге;

3

3) Тыл еңбекерлеріне және кәмелетке толмаған жасында Гетто тұтқынында болғандарға – 5000 теңге;

4

4) Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңестік Социалистік Республикалар тұтқынында болғандарға – 5000 теңге;

5

5) 1941-1945 жылдарда қаза болған немесе хабарсыз кеткен әскери қызметкерлердің қайтадан некеге тұрмаған жесірлеріне – 2000 теңге;

6

6) Соғыста қайтыс болған мүгедектердің және оларға теңестірілген адамдардың әйелдеріне (күйелеріне) – 2000 теңге;

7

7) Ұлы Отан соғысы жылдары 6 айдан кем емес жұмыс істегендерге:
- 2000 теңге;

8

8) Ауған майдаңгерлеріне - 2000 теңге;

9

9) Бір айлық зейнетақысы немесе әлеуметтік жәрдемақысы 9200 теңгеден аспағандарға қала ішіндегі қоғамдық көліктерде жүруге (таксиден басқа) – 600 теңге;

10

10) «Наурыз-Мейрамы» мекемесі қарсаңында Қаражал қаласының Мәслихатының шешімі бойынша «Қаражал қаласының Құрметті азаматы» атағы берілгендерге - 2000 теңге;

11

11) Балаларды қорғау күні қарсаныңда 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға және мүмкіншіліктері шектелген балаларға - 2000 теңге;

12

12) 8 – наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаныңда «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған батыр аналарға 1000 теңге беруге.

4

4. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Гармашова Н.Н.)
«Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуеттік көмек» бағдарламсына бойынша материалдық көмекті, алушылардың қалауына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің лицензиялары бар екінші деңгейдегі банктегі немесе ұйымдарға жеке есеп шоттарына аударады.

5

5. Қаржы бөлімі (Әбдірахманова Н.Ж.) жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсетуді қала бюджетінде қарастырылған жоспарға сәйкес қаржыландырады.

6

6. Осы шешімінің орындалуын бақылау қалалық Мәслихаттың әлеуметтік сала, заңдылық пен құқық тәртібі жөніндегі тұрақты комиссиясына (Зинковский Н.И.) жүктелсін.
Келісілді:
Қаражал бөлімінің бастығы
_____________Н.Әбдірахманов
2006 жыл 10.03
Экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің бастығы
_____________А.Ереженова
2006 жыл 10.03
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы
_____________Н.Гармашова
2006 жыл 10.03