Об оказании социальной помощи молодежи из числа студентов для частичного возмещения расходов, связанных с получением образования Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмек көрсету туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11 -бабына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 5-тармағына сәйкес, Қостанай облыстық мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 267 «Қостанай облысының 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік жастар саясаты бағдарламасын бекіту туралы» шешімімен бекітілген Қостанай облысының 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік жастар саясаты бағдарламасын орындау үшін Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер катарындағы жастарға әлеуметтік көмек көрсетілсін: 2006 жылдың ақпан айынан 2006 жылдың шілде айы аралығында жоғары оқу орындарының күндізгі оқу бөліміндегі студенттер ішінен, окытудың 2 курсынан бастап, оқу озаттары, облыстың қоғамдық өміріне белсене қатысып жүрген, тұрмысы нашар отбасылардан шыққан 20 студентке 10000 теңге көлемінде; 2006 жылдың ақпан айынан 2006 жылдың шілде айы аралығында орта кәсіптік оқу орындарының күндізгі оқу бөліміндегі студенттер ішінен, оқытудың 1 курсынан бастап, оқу озаттары, облыстың қоғамдық өміріне белсене қатысып жүрген, түрмысы нашар отбасылардан шыққан 18 студентке айына 5800 теңге көлемінде.
Тармақ 2
2. «Қостанай облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі (Т.С. Жақыпова) білім алу кезеңінде шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмек көрсету жағынан Қостанай облысының 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік жастар саясаты бағдарламасының іс-шараларын орындауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыс әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Қостанай облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесіне әлеуметтік көмекті алуға үміткерлерді анықтау жөнінде ұсыныстар әзірлесін және енгізсін.
Тармақ 4
4. «Білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 45, (2006 жылғы 8 ақпандағы № 17 «Костанайские новости» газетінде, 2006 жылғы 7 ақпандағы № 16 «Қостанай таңы» газетінде жарияланған, 2006 жылғы 2 ақпандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 3537) Қостанай облысы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасарлары С.Ш. Бектұрғанов, А.П. Рауға жүктелсін.