Күндізгі оқу нысанында оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Күндізгі оқу нысанында оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы қөлік туралы» Заңына сәйкес Қарағанды калалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды қаласы окушыларының келесі санаттарына қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру 2006 жылға белгіленсін:
Тармақша 1
1) Қарағанды қаласы жалпы білім беретін оқу орындарының бірінші сыныптан сегізінші сыныпқа дейінгі (қосып алғанда) оқушыларына – тегін жүру (2006 жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейінгі жаз мезгілін алып тастағанда);
Тармақша 2
2) жалпы білім беретін оқу орындары, лицейлер мен қәсіптік мектептердің тоғызыншы сыныптан он бірінші сыныпқа дейінгі окушыларына , училище, колледж оқушыларына – құны 300 теңге тұратын оқушының жол жүру билетін сатып алғанда немесе қазіргі тарифтің 50 пайызын төлеген жағдайда (2006 жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейінгі жаз мезгілін алып тастағанда);
Тармақша 3
3) барлық меншік түріндегі жоғарғы оқү орындарының күндізгі оқу нысанында оқитын тұлғаларға кұны 1000 теңге тұратын жол жүру билетін сатып алғанда немесе қазіргі тарифтің 50 пайызын төлеген жағдайда (2006 жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейінгі жаз мезгілін алып тастағанда);
Тармақ 2
2. Барлық меншік түріндегі Қарағанды қаласы жоғарғы оқу орындарының күндізгі оқу нысанында оқитын студенттеріне, жалпы білім беретін оқу орындарында, лицейлер мен кәсіптік мектептерде, колледждерде оқитындардың келесі санаттарына қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру 2006 жылдың жаз мезгілінде (2006 жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейін) сақталсын:
Тармақша 1
1) жетім балаларға,
Тармақша 2
2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға,
Тармақша 3
3) дамуында мүмкіндігі шектелген балаларға,
Тармақша 4
4) бала кезінен мүгедек және мүгедек балаларға,
Тармақша 5
5) қөп балалы отбасы балаларына,
Тармақша 6
6) ата-анасының бірінен айрылған балаларға,
Тармақша 7
7) жалғыз басты аналардың балаларына.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының «Қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру» 06.2.464.008.100 бағдарлама бөлімі,бағдарламасы бойынша 300000 мың теңге сомасында Қарағанды қаласының 2006 жылға арналған бюджетінде қаржы бөлу қамтамасыз етілсін.
Тармақ 4
4. III шақырылған Қарағанды қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 7 қаңтардағы XV сессиясының «Күндізгі бөлімде оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық қөліктерде (таксиден басқа) жол жүруіне жеңілдік туралы» №22 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі – 1712, «Взгляд на события» газетінің 2005 жылдың 30 наурызындағы №12 (077) жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін (Майра Мәжікенқызы Оспанова).