Об утверждении Правил оказания социальной помощи семьям, имеющим детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалардың отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабы 2 тармағының 3 тармақшасына және 29 бабының 6 тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 14 тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген, үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалардың отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету Ережесі (әрі қарай - Ереже) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалардың отбасыларына әлеуметтік көмек тағайындауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. 2002 жылғы 30 сәуірдегі №107 аудан әкімдігі «Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалардың отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы» қаулының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.Ж.Молдағанаповқа жүктелсін.
Басқа 5. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалардың отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕСІ
БЕКІТІЛГЕН 2006 жылғы 22 ақпандағы № 51 аудан әкімдігінің қаулысымен Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалардың отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережесі үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртібін белгілейді (әрі қарай - әлеуметтік көмек).
Тармақ 2
2. Осы Ережеде төменгі түсініктер қолданылады: әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі. мүгедек бала - он сегіз жасқа толмаған, ауруына, жарақат зардабына, ауқауына байланысты өмір сүру әрекеті шектеліп және әлеуметтік корғау қажеттілігіне әкелетін дене функцияларының тұрақты бұзылуымен денсаулығы бұзылған тұлға.
Тармақ 3
3. Заңды өкілдердің немесе ата-аналардың өтінішін ескере отырып, мүгедек балаларды тәрбиелеу және оқытуды жалпы және арнаулы мектепке дейінгі ұйымдарда және баска оку орындарында іске асырудың мүмкіндігі жок жағдайда тәрбиелеу және оқыту үйде жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек алуға үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек баланың ата-аналарының біреуі немесе оны алмастыратын тұлға ғана құқылы.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек аудандық жергілікті бюджеттен ақшалай төлем түрінде беріледі.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек туған, асырап алынған, сондай-ақ қамқорлыққа алынған (асырушысынан айрылған) балаларға тағайындалады және төленеді.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек мүгедек балалардың басқа әлеуметтік көмек түрлерін немесе алимент алғанына және отбасының табысына байланыссыз тағайындалады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек алуға өтініш
2. Әлеуметтік көмек алуға өтініш
Тармақ 8
8. Ережесінің 4 тармағында айтылған тұлғалар тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға төмендегі құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) белгіленген нысан бойынша өтініш (1 қосымша);
Тармақша 2
2) жеке тұлғаны куәландыратын куәлік (түпнұсқа және көшірме);
Тармақша 3
3) тұрғылықты жерін растайтын, азаматтарды тіркеу кітабы (түпнұсқа және көшірме);
Тармақша 4
4) әлеуметтік-дәрігерлік сараптама комиссиясының мүгедектікті бекіту туралы анықтамасы (түпнұсқа және көшірме);
Тармақша 5
5) аудандык (калалык) білім беру бөлімі (басқармасы) жанындағы психолог-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беруші комиссиясының берген жүгедек баланы үйде оқыту (тәрбиелеу) кажеттілігі туралы қорытындысы түпнұсқа);
Тармақша 6
6) баланың тууы туралы куәлігі (түпнұсқа және көшірме);
Тармақша 7
7) мектептен анықтама (тоқсан сайын); Қамқоршының (асыраушы) әлеуметтік көмек тағайындау жөнінде өтінішіне қамқорлық бекіту туралы қамқорлық (асыраушы) органның шешімінен үзінді қоса беріледі.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажет құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен тексерілген кейін өтініш иесіне қайтарып беріледі.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу жөнінде уәкілетті органның жұмыскерлері құжат көшірмесін куәландырады, құжаттармен қоса өтініштерді тіркеу журналына тіркеп өтініш иесіне өтінішті қабылдағаны туралы белгімен үзбелі талон береді.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
3. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
Тармақ 11
11. Көмек құқығы туындағаннан кейін әлеуметтік көмек барған айынан бастап тағайындалады. Қажетті барлық құжаттармен қоса арыз берілген ай барған айы болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмекті тағайындауды ата-аналарының біреуі немесе оны алмастыратын тұлғаның өтініші бойынша мүгедек баланың тұрғылықты жері бойынша әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу жөнінде уәкілетті орган жүргізеді.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмек, аудандық білім беру бөлімі жанындағы психолог-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беруші комиссиясы берген мүгедек баланы үйде оқыту (тәрбиелеу) қажеттілігі туралы қорытындысына керсетілген мерзімге тағайындалады.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу жөнінде уәкілетті орган құжаттар түскен күннен бастап 10 күн ішінде аудандық бюджет қорынан әлеуметтік көмек тағайындау немесе оған жазбаша дәлелдеген қарсылық (2 қосымша) туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 15
15. Әлеуметтік көмек тағайындауға сәйкес комиссияның (3 қосымша) қарсылық туралы шешіміне сот тәртібімен шағымдануға болады.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеуді тоқтату немесе қайта төлеу салдарынан шыққан жағдайлар туындағанда әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу сәйкес жағдайлар туындаған айдан кейінгі айда тоқтатылады немесе қайта төленеді.
Тармақ 17
17. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек-балалардың отбасыларына әлеуметтік көмек заңмен бекітілген тәртібі бойынша тоқсанына бір рет тағайындалады.
Тармақ 18
18. Тоқсанда өзгеріс болған жағдайда әлеуметтік көмек алу құқығы келесі тоқсанда қайта қарастырылады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмекті төлеу
4. Әлеуметтік көмекті төлеу
Тармақ 10
10. Әлеуметтік көмекті төлеу Ұлттық банкінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктердің филиалдары арқылы алуға құқығы бар тұлғалардың жеке есепшотына аудару көмегімен жүзеге асырылады.
Тармақ 20
20. Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу жөнінде уәкілетті орган жиынтық айлық тізімдер құрып, оны екінші деңгейдегі банктердің филиалдарына жібереді.
Тармақ 21
21. Әлеуметтік көмек өткен айының қорытындысы бойынша аударылады.
Тармақ 22
22. Әлеуметтік көмек тағайындайтын және төлейтін уәкілетті орган кінәсі бойынша уақытында есептелмеген әлеуметтік көмек сомасы бір уақытта басқа мерзіммен шектелмей өткен уақыт үшін есептеледі.
Тармақ 23. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалардың отбасыларына әлеуметтік көмек тағайындау жөнінде комиссия құрамы
23. Әлеуметтік көмек төлеу жөнінде есеп жүргізу тәртібі мен есеп беруді құру қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес анықталады. Үйде тәрбиеленетін және окытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету Ережесіне № 1 қосымша Ақжар ауданының жұмыспен камту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы ____________________________ Өтініш ____________________________мүгедек балаға аты-жөні әлеуметтік көмек тағайындауыңызды және төлеуіңізді өтінемін Тегі____________________________ Аты____________________________ Әкесінің аты _____________________ әдк____________________________ СтТН ____________________________ Мекен жайы____________________________ Үй телефоны _______________Жұмыс телефоны_________ Жеке тұлға куәләндыратын құжат түрі ______________ Сериясы________нөмері________куәлік берген орган________ Берілген күні_______________ ______________банкінің________филиалында жеке шотының №________ Өзгертулер шықса 10 күн мерзімде хабарлауға міндеттеме аламын. Жалған ақпараттар және күмәнді (жалған) құжаттар беруге байланысты жауапкершілігі туралы ескертілген. 200_жылғы______________ ______________ өтініш иесінің колы Өтінішті қабылдаған 200_жылғы____________ ______________ (құжаттары қабылдаған кісінің аты жөні, қолы) ------------------------------------ жыртып алынатын жер 200_ жылғы «__»________қоса берілетін құжаттар ___данада __________________азамат(шаның)тың өтініші қабылданды. (кұжаттар қабылдаған тұлғаның аты жөні, лауазымы және қолы) Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалардың отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету Ережесіне 2 қосымша Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалардың отбасыларына әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім Істің № _______ 200_ жылғы «__»_______ Тегі ______________________ Аты _____________________ Әкесінің аты ______________ азамат(шаның)тың үйінде тәрбиеленетің және оқытылатын мүгедек балаға әлеуметтік көмек тағайындау үшін берілген құжаттарды қарап, комиссия шешім қабылдады; 1. ________айынан бастап ________ айына дейін________ сомасында әлеуметтік көмек тағайындалсын. 2. ___________________________________ __________________________________________ __________________________________________ себепті әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартылсын. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы ______________________ (Аты-жөні, колы) Комиссия мүшелері: _______________________(Аты-жөні, қолы) ________________________(Аты-жөні, қолы) ________________________(Аты-жөні, қолы) м.о. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалардың отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету Ережесіне 3 қосымша Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалардың отбасыларына әлеуметтік көмек тағайындау жөнінде комиссия құрамы Сәуле Сайлаубайқызы Мұқалықова - Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының м.а.- комиссия төрағасы Ақтаева Шәмшінұр Халелқызы - Атаулы әлеуметтік жәрдем тағайындау жөніндегі жетекші маман, комиссия хатшысы Сәбира Кұрманқызы Мұхамедғалиева - Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары Гүлнар Кеңесқызы Салықова - Мүгедектер мен ардагерлер сұрактары жөніндегі бөлімнің бас маманы.