О Правилах оказания единовременной социальной помощи отдельным категориям населения в Акжарском районе Күшін жойған
Басқа 0
Ақжар ауданының жекеленген санаттағы тұрғындарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсетудің Ережесі туралы
2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 14 тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақжар ауданының жекеленген санаттағы тұрғындарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсетудің қоса берілген Ережесі (әрі қарай - Ереже) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарлары А.А.Тастеміровке және З.Ж.Молдағанаповқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 239 аудан әкімдігі қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Басқа 4. Ақжар ауданының жекеленген санаттағы тұрғындарына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы Ереже
2006 жылғы 27 ақпандағы № 57
аудан әкімдігінің
қаулысымен БЕКІТІЛГЕН
Ақжар ауданының жекеленген санаттағы тұрғындарына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Ереже 451-007000-332 «Жергілікті өкілетті органның шешімі бойынша жекеленген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер» шығын функционалды біліктеу коды бойынша, бағдарлама әкімшісі – «Ақжар аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы» арқылы аудандық бюджет қаражатынан жергілікті өкілетті органның шешімі бойынша жекеленген санаттағы тұрғындарға әлеуметтік төлемдерді беру және төлеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмекті тағайындауды Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырылған құжаттар бойынша және зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Ақжар аудандық филиалы ұсынған зейнетақы мен жәрдемақы алушылар туралы мәлімет базасы негізінде, көмектің басқа түрлеріне қарамастан жергілікті бюджетте көзделген сомалар шегінде жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Біржолғы әлеуметтік көмек бір тұлғаға жылына бір реттен артық емес көрсетіледі және ақшамен беріледі.
Тарау 2. 2. Бір жолғы әлеуметтік көмекке құқығы бар халықтың санаты
2. Бір жолғы әлеуметтік көмекке құқығы бар халықтың санаты
Тармақ 4
4. Бір жолғы әлеуметтік көмек тұрғындардың мына санаттарына беріледі: мүгедек балаларға, және күнкөріс минимумынан төмен тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына және табиғи апаттардан зардап шеккен азаматтарға, жоғары оқу орындарын бітіріп, ауылдық жерлерге жұмыс істеуге келген жас мамандарға, Ұлы Отан Соғысының (әрі қарай – ҰОС) қатысушылары мен мүгедектеріне телефон орнату үшін.
Тарау 3. 3. Бір жолғы әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі
3. Бір жолғы әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі
Тармақ 5
5. Осы Ереженің 4 тармағында көрсетілген жекеленген санаттағы тұрғындарға әлеуметтік төлемдерді тағайындауды жүзеге асыру үшін мынадай құжаттар қажет: ата-анасының, баланы асырап алушының, қамқоршысының (қорғаушысының), жас маманның, ҰОС-ның қатысушылары мен мүгедектерінің, күнкөріс минимумынан төмен тұратын отбасы мүшелерінің біреуінің, табиғи апаттардан зардап шеккен азаматтардың өтініштері (әрі қарай - өтініш беруші), өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі, арызданушының салық төлеуші ретінде тіркелу номері, өтініш берушінің жинақтық банктегі есеп-шоты, қосымша ретінде жетім балалар мен мүгедек балалар, үшін тууы туралы куәлігінің көшірмесі, баланың мүгедектігін растайтын медико-әлеуметтік сараптау комиссиясының анықтамасы, тиісті органның асырап алу және камкоршы белгілеу туралы шешімі, жас мамандар үшін - жас маман жұмыс істейтін ұйым немесе мекеме басшысының ұсынысы, еңбек келісім-шартының көшірмесі, білімі туралы құжаттың нотариалды бекітілген көшірмесі, ҰОС-ның қатысушылары мен мүгедектері үшін - өтініш берушінің статусын растайтын құжатының көшірмесі, аз қамтамасыз етілген отбасыларының тұрмыстық-материалды жағдайын зерттеу актісі, отбасы құрамы туралы анықтама, табиғи апаттардан зардап шеккен азаматтар үшін төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің табиғи апаттан келтірілген зиян туралы анықтамасы.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмекті төлеу
4. Әлеуметтік көмекті төлеу
Тармақ 6
6. Әлеуметтік төлемдерді төлеу аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасымен жасалған алушылардың тізіміне сәййкес жеке есеп шотқа аудару жолымен Халық банкі филиалы арқылы жасалады.
Тармақ 7
7. Жекеленген санаттагы тұрғындарға әлеуметтік төлемдер үшін бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар қамтамасыз етеді.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тарту негіздері
5. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тарту негіздері
Тармақ 8
8. Бір жолғы әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тарту үшін мыналар негіз болады:
Тармақша 1
1) осы Ереженің 5 тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін толық тапсырмауы;
Тармақша 2
2) жалған құжаттарды тапсыру.