Об утверждении Правил использования средств на поддержку развития семеноводства Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.11.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға арналған қаражатты пайдалану ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасының "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2005 жылғы 22 қарашадағы және "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған:
Тармақша 1
1) Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға арналған қаражатты пайдалану ережесi;
Тармақша 2
2) көбейту жылдары бойынша ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарының түрлерiне және жемiс дақылдарының аласа дiңдi телiтушiлер аналығын салуға 2006 жылға арналған субсидиялар нормативтерi;
Тармақша 3
3) сатылған ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң элиталық тұқымының 1 тоннасына 2006 жылға арналған субсидиялар нормативтерi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 6. Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға арналған қаражатты пайдалану ережесi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 30 наурыздағы N 214 қаулысымен бекiтiлген Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға арналған қаражатты пайдалану ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға арналған қаражатты пайдалану ережесi (бұдан әрi - Ереже) тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне (бұдан әрi - Ауылшарминi) 009 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ауыл шаруашылығын дамытуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттiк бағдарламасының 100 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер" кiшi бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттерге трансферттер түрiнде көзделген қаражат есебiнен және шегiнде бiрегей тұқым өндiрушiлердiң (бұдан әрi - оригинаторлар) және элиталық тұқым шаруашылықтарының (бұдан әрi - элиттұқымшарлар) өсiмдiк шаруашылығын дамытудың басым бағыттарын ескере отырып, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң тұқым шаруашылығын дамытуға, сондай-ақ мақта саласын дамытуды қолдауға арналған қаражатты пайдалану (бұдан әрi - субсидиялау) тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Ауылшарминi облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ағымдағы нысаналы трансферттердi аударуды төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына және бюджеттiк бағдарламаның паспортына сәйкес жүргiзедi.
Тармақ 3
3. Субсидиялар:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарын және жемiс дақылдарының көшеттерiн өндiруге жiберiлген шығындарды iшiнара өтеуге;
Тармақша 2
2) жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiн отырғызуға және жемiс дақылдарының аласа дiңдi телiтушiлерiнiң салынған аналығының аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсетуге кететiн шығындарды толық өтеуге;
Тармақша 3
3) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге сатылған элиталық тұқымның құнын iшiнара арзандатуға;
Тармақша 4
4) 2000 жылғы 1 қаңтардан кейiн аттестатталған элиталық тұқым шаруашылықтарының 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптасқан және 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өтелмеген салықтық қарыздарын (бұдан әрi - кейiнге шегерiлген салықтық қарыз) республикалық және жергiлiктi бюджеттерге өтеуге;
Тармақша 5
5) "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - "Азық-түлiк корпорациясы" АҚ) негiзiнде отандық сертификаттау орталығын құруға арналған шығындарды субсидиялауға арналады.
Тармақ 4
4. Осы Ереженiң 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген субсидиялар заңнамада белгiленген тәртiппен аттестатталған оригинаторларға Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берiлген және (немесе) перспективалық деп танылған ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi сорттарының бiрегей тұқымының және жемiс дақылдары көшеттерiнiң нақты өндiрiлген көлемi үшiн төленедi.
Тармақ 5
5. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарын және жемiс дақылдарының көшеттерiн өндiру шығындарын iшiнара өтеудi субсидиялау Ауылшарминi элиталық тұқымдар мен жемiс дақылдарының көшеттерiн алу үшiн оларды өндiрудiң ғылыми негiзделген нормаларына сәйкес бiрегей тұқымның және көбейту жылдары бойынша жемiс дақылдары көшеттерiнiң әрбiр түрiне әрбiр оригинатор үшiн белгiлеген квоталар шегiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Осы Ереженiң 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген субсидиялар заңнамада белгiленген тәртiппен аттестатталған оригинаторларға жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiн отырғызу және жемiс дақылдарының аласа дiңдi телiтушiлерiнiң салынған аналығының аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсету жөнiндегi нақты орындалған iс-шаралар үшiн төленедi.
Тармақ 7
7. Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiн отырғызу және жемiс дақылдарының аласа дiңдi телiтушiлерiнiң салынған аналығының аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсету жөнiндегi iс-шараларды субсидиялау Ауылшарминi белгiлеген шығыстар сметасы шегiнде жүзеге асырылады. Әрбiр оригинатор үшiн жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiн отырғызу және жемiс дақылдарының аласа дiндi телiтушiлерiнiң салынған аналығының аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсету алаңын Ауылшарминi көп жылдық екпелер алаңына келетiн телiтушiлерге деген қажеттiлiгiнiң ғылыми негiзделген нормаларына сәйкес белгiлейдi.
Тармақ 8
8. Осы Ереженiң 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген субсидиялар заңнамада белгiленген тәртiппен аттестатталған элиттұқымшарларға Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi сорттарының элиталық тұқымының арзандатылған құны бойынша отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге Ауылшарминi тұқымның әрбiр түрi бойынша әр облыс үшiн белгiлеген квоталар шегiнде нақты сатылған көлемi үшiн төленедi. Белгiленген квоталар көлемдерiн орындау барысын және бюджет қаражатын игерудiң уақтылығын бақылау үшiн облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы саласындағы жергiлiктi атқарушы органы (бұдан әрi - облыстың жергiлiктi атқарушы органы) Ауылшарминiне тиiстi жылғы 5 шiлдеден кешiктiрмей бiрiншi жарты жылдықтың қорытындылары бойынша бюджеттiк бағдарламаны iске асыру туралы ақпарат бередi. Аттестатталған тұқым өндiрушiлер ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарын өндiру және элиталық тұқымдарын сату квоталарының белгiленген көлемдерiн орындамаған жағдайда квоталарды қайта бөлу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен бекiтiлетiн Аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектiлерi үшiн субсидиялауға жататын бiрегей тұқымдарды өндiрудiң және элиталық тұқымдарды сатудың жыл сайынғы квоталарын белгiлеу ережесiне сәйкес белгiленген талаптарға сәйкес Ауылшарминi жүзеге асырады. Әрбiр элиттұқымшар үшiн элиталық тұқымның әрбiр түрi бойынша квотаны облыстың жергiлiктi атқарушы органының бұйрығымен құрылатын тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия белгiлейдi және ол облыстың жергiлiктi атқарушы органының бұйрығымен бекiтiледi. Квоталарды бөлу дақылдың басымдылығын ескере отырып, олардың ғылыми негiзделген қажеттiлiк нормаларына сәйкес егiстiк алқабына жүргiзiледi.
Тармақ 9
9. Элиттұқымшарлар ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң элиталық тұқымын отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге Ауылшарминi белгiлеген шектi бағадан аспайтын баға бойынша сатады.
Тармақ 10
10. Осы Ереженiң 3-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген субсидиялар осы Ереженiң 5-тарауына сәйкес төленедi.
Тарау 2. 2. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарын, жемiс дақылдарының көшеттерiн өндiруге жiберiлген шығындарды iшiнара өтеуге және жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiн салуға және аласа дiңдi телiтушiлердiң салынған аналығының аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсетуге жiберiлген шығындарды толығымен өтеуге арналған субсидияларды пайдалану тәртiбi
2. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарын, жемiс дақылдарының көшеттерiн өндiруге жiберiлген шығындарды iшiнара өтеуге және жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiн салуға және аласа дiңдi телiтушiлердiң салынған аналығының аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсетуге жiберiлген шығындарды толығымен өтеуге арналған субсидияларды пайдалану тәртiбi
Тармақ 11
11. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарын және жемiс дақылдарының көшеттерiн өндiруге жiберiлген шығындарды iшiнара өтеуге субсидиялар алу үшiн:
Тармақша 1
1) оригинаторлар тиiстi жылғы 10 қарашаға дейiнгi мерзiмде облыстың жергiлiктi атқарушы органына мынадай құжаттарды: ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарының және жемiс дақылдары көшеттерiнiң оригинатор нақты өндiрген көлемдерi жөнiндегi тiзiлiмдi; ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарын және жемiс дақылдарының көшеттерiн кiрiске алу актiлерiн; ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi бiрегей тұқымдарының егiстiгiн сынақтан өткiзу актiлерiн; егiстiктердi сынақтан өткiзу туралы екi данадағы есептi; заңнамада белгiленген тәртiппен аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертхананың тексерiлген тұқымның (көшеттердi қоспағанда) саны мен сапасының мемлекеттiк стандарттар талаптарына сәйкестiгi туралы анықтаманы бередi;
Тармақша 2
2) облыстың жергiлiктi атқарушы органы ұсынылған құжаттардың шынайылығын тексередi, оригинатор нақты өндiрген бiрегей тұқымдардың және жемiс дақылдары көшеттерiнiң көлемдерi жөнiндегi тiзiлiмдi бекiтедi, облыс бойынша ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң нақты өндiрiлген бiрегей тұқымдарының және жемiс дақылдары көшеттерiнiң көлемдерi жөнiнде жиынтық тiзiлiм жасайды және тиiстi жылғы 1 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде белгiленген субсидия нормативтерiнiң негiзiнде оригинаторларға төленуi тиiс қаражаттың көлемiн айқындайды. Төлемдер бойынша көрсетiлген бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарларына сәйкес тиесiлi сомаларды оригинаторлардың ағымдағы шоттарына аудару үшiн облыстың жергiлiктi атқарушы органы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндiрiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдары мен жемiс дақылдарының көшеттерi үшiн субсидиялар төлеуге арналған ведомостi және ақы төлеу шоттарын бередi;
Тармақша 3
3) оригинатор нақты өндiрген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарының және жемiс дақылдары көшеттерiнiң көлемдерi жөнiндегi тiзiлiмнiң, облыс бойынша нақты өндiрiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарының және жемiс дақылдары көшеттерiнiң көлемдерi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмнiң, республика бойынша нақты өндiрiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарының және жемiс дақылдары көшеттерiнiң көлемдерi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмнiң, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарын және жемiс дақылдарының көшеттерiн кiрiске алу актiлерiнiң, тексерiлген тұқымдардың саны мен сапасы туралы белгiленген тәртiппен аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертхана анықтамасының нысандарын Ауылшарминi белгiлейдi.
Тармақ 12
12. Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiн салуға және аласа дiңдi телiтушiлердiң салынған аналығының аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсетуге кеткен шығындарды толық өтеу үшiн:
Тармақша 1
1) оригинаторлар облыстың жергiлiктi атқарушы органына отырғызу материалын, тыңайтқыштар, өсiмдiктердi қорғау құралдарын, суармалы суды жеткiзуге қызметтердi сатып алуға арналған шарттардың, сондай-ақ жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiн салу және жемiс дақылдарының аласа дiңдi телiтушiлерiнiң салынған аналығының аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсету жөнiндегi шығындарды растайтын құжаттардың бiр данасын бередi;
Тармақша 2
2) облыстың жергiлiктi атқарушы органы он күн iшiнде жасалған шарттардың және жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiн салу және жемiс дақылдарының аласа дiңдi телiтушiлерiнiң салынған аналығының аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсету жөнiндегi шығындарды растайтын құжаттардың шынайылығын тексередi және төлемдер бойынша көрсетiлген бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарларына сәйкес тиесiлi сомаларды оригинаторлардың ағымдағы шоттарына аудару үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына субсидиялар төлеуге арналған ведомостi және ақы төлеу шоттарын бередi. Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiн салу және жемiс дақылдарының аласа дiңдi телiтушiлер аналығын салудың аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсету жөнiнде келтiрiлген шығындар нәтижелерi бойынша оригинатор келесi ай iшiнде облыстың жергiлiктi атқарушы органына келтiрiлген шығындар бойынша төлем фактiсiн растайтын барлық құжаттардың, сондай-ақ кiрiске алу актiлерiнiң көшiрмелерiн бередi.
Тарау 3. 3. Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге сатылған элиталық тұқымның құнын iшiнара арзандатуға арналған субсидияларды пайдалану тәртiбi
3. Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге сатылған элиталық тұқымның құнын iшiнара арзандатуға арналған субсидияларды пайдалану тәртiбi
Тармақ 13
13. Арзандатылған құн бойынша сатылған ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң элиталық тұқымына субсидиялар алу үшiн:
Тармақша 1
1) элиттұқымшарлар ай сайын айдың 1-күнiне ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы саласындағы жергiлiктi атқарушы органына (бұдан әрi - ауданның жергiлiктi атқарушы органы) сатылған элиталық тұқымның саны мен сапасы туралы ақпарат бередi;
Тармақша 2
2) элиттұқымшарлар элиталық тұқымдарды сату фактiсiн растау үшiн мынадай мерзiмде: жаздық дақылдар бойынша - тиiстi жылғы 20 маусымға дейiн, ал күздiк дақылдар бойынша - тиiстi жылғы 10 қарашаға дейiн ауданның жергiлiктi атқарушы органына: элиттұқымшар нақты сатқан элиталық тұқымдардың көлемi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмдi; элиталық тұқымдарды өндiруге арналған бастапқы материалдың шығу тегiн растайтын құжаттарды (көбейту питомниктерi, суперэлита және элита егiстерiн сынақтан өткiзу актiлерi мен сынақтан өткiзу туралы есептi, ал көбейту питомниктерiнiң тұқымы мен суперэлитаны сатып алған жағдайда - тұқымға арналған аттестаттың көшiрмесiн); тексерiлген тұқымның саны мен сапасының мемлекеттiк стандарттар талаптарына сәйкестiгi туралы заңнамада белгiленген тәртiппен аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертхананың анықтамасын ; сатылған элиталық тұқымның бастапқы төлем құжаттарының, сондай-ақ тұқымды тиеп жөнелтуге арналған жүкқұжаттың және шот-фактуралардың көшiрмелерiн; сатылған және сатып алынған элиталық тұқымның саны туралы элиттұқымшар мен сатып алушының арасындағы элиталық тұқымды сатып алу-сату шартын ұсынады. Элиталық тұқымды сатып алу-сату шарты төрт данада жасалады: бiрiншiсi - элиттұқымшар үшiн, екiншiсi - сатып алушы үшiн, үшiншiсi - ауданның жергiлiктi атқарушы органы үшiн, төртiншiсi - облыстың жергiлiктi атқарушы органы үшiн;
Тармақша 3
3) ауданның жергiлiктi атқарушы органы ұсынылған бастапқы төлем құжаттарының көшiрмелерiн түпнұсқаларымен салыстырады және өзiнiң мөрiмен куәландырады. Куәландырылған бастапқы төлем құжаттарының көшiрмелерi, элиталық тұқымның нақты сатылған көлемдерi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмнiң бiр данасы және сатып алу-сату шартының бiр данасы ауданның жергiлiктi атқарушы органында сақтауға қалдырылады;
Тармақша 4
4) ауданның жергiлiктi атқарушы органы мынадай мерзiмде: жаздық дақылдар бойынша - тиiстi жылғы 1 шiлдеге дейiн, ал күздiк дақылдар бойынша - тиiстi жылғы 20 қарашаға дейiн облыстың жергiлiктi атқарушы органына мынадай құжаттарды: элиттұқымшар нақты сатқан элиталық тұқым көлемдерi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмдi; сатылған және сатып алынған элиталық тұқымның саны туралы элиттұқымшар мен сатып алушы арасындағы элиталық тұқымды сатып алу-сату шартын; элиталық тұқымды мақсатты пайдалану туралы актіні; тексерiлген тұқымның саны мен сапасының мемлекеттiк стандарттар талаптарына сәйкестiгi туралы белгiленген тәртiппен аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертхананың анықтамасын бередi;
Тармақша 5
5) облыстың жергiлiктi атқарушы органы: он бес жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттарды тексередi, облыс бойынша элиталық тұқымның нақты сатылған көлемi жөнiндегi жиынтық актiнi жасайды және бекiтедi; облыс бойынша элиталық тұқымның нақты сатылған көлемi жөнiнде бекiтiлген жиынтық актiлер бойынша, онда көрсетiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi элиталық тұқымының көлемi мен белгiленген субсидиялар нормативтерi негiзiнде тиесiлi бюджеттiк ақшаның көлемiн анықтайды; әрбiр элиттұқымшарға белгiленген квоталар шегiнде осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқым шаруашылығының дамуына субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомостi жасайды. Төлемдер бойынша көрсетiлген бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарларына сәйкес облыстың жергiлiктi атқарушы органы тиесiлi субсидияларды элиттұқымшарлардың есепшоттарына аударады. Ай сайын 25-күнiне қарай, бiрақ тиiстi жылғы 25 желтоқсаннан кешiктiрмей облыстың жергiлiктi атқарушы органы Ауылшарминiне тұқым шаруашылығының дамуына субсидиялар төлеу үшiн жиынтық ведомостердiң көшiрмелерiн, көрсетiлген бюджеттiк кiшi бағдарламаны iске асыру туралы есептi бередi. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына облыстың жергiлiктi атқарушы органы мынадай құжаттарды: осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқым шаруашылығының дамуына субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомостi; ақы төлеуге арналған шоттарды бередi;
Тармақша 6
6) ұсынылып отырған элиталық тұқымдарды сатып алу-сату шартының, элиталық тұқымдарды мақсатты пайдалану актiсiнiң, элиттұқымшар нақты сатқан элиталық тұқымның көлемi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмнiң, облыс бойынша сатылған элиталық тұқымдардың көлемi жөнiндегi жиынтық актiнiң нысандарын Ауылшарминi бекiтедi.
Тарау 4. 4. 2000 жылғы 1 қаңтардан кейiн аттестатталған элиталық тұқым шаруашылықтарының 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптасқан және 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өтелмеген салықтық қарыздарын республикалық және жергiлiктi бюджеттерге өтеуге арналған субсидияларды пайдалану тәртiбi
4. 2000 жылғы 1 қаңтардан кейiн аттестатталған элиталық тұқым шаруашылықтарының 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптасқан және 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өтелмеген салықтық қарыздарын республикалық және жергiлiктi бюджеттерге өтеуге арналған субсидияларды пайдалану тәртiбi
Тармақ 14
14. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерге элиттұқымшарлардың кейiнге шегерiлген салықтық қарыздарын өтеу мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) облыстың жергiлiктi атқарушы органы осы Ереже жарияланғаннан кейiн бiр ай iшiнде 2000 жылғы 1 қаңтардан кейiн аттестатталған және 2005 жылғы 1 қаңтарға дейiн өз мәртебесiн жоғалтпаған элиттұқымшарлардың тiзбесiн бекiтедi. Бекiтiлген элиттұқымшарлардың тiзбесi облыстардың салық комитеттерiне ұсынылады;
Тармақша 2
2) элиттұқымшарлар және көрсетiлген субъектiлердiң тiркелiмдiк есеп орны бойынша тиiстi салық органдары он бес күн iшiнде бюджеттер, салық түрлерi және басқа да бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер, өсiмпұлдар мен айыппұлдар бөлiнiсiнде кейiнге шегерiлген салықтық қарыздарды салыстырып тексеру актiлерiн жасайды. Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық органдары осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергiлiктi салық органдарының элиттұқымшарлармен жүргiзген салыстырып тексеру актiлерiнiң тiзiлiмiн бекiтедi;
Тармақша 3
3) облыстардың салық комитеттерi облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарымен бiрлесе отырып, бюджеттер, салық түрлерi және басқа да бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер, өсiмпұлдар мен айыппұлдар бөлiнiсiнде кейiнге шегерiлген салықтық қарыздардың сомасын көрсету арқылы осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада жиынтық салыстырып тексеру актiсiн жасайды және оған қол қояды;
Тармақша 4
4) облыстардың салық комитеттерi облыстың жергiлiктi атқарушы органына ақы төлеуге арналған шотты толтыру үшiн элиттұқымшарлардың және көрсетiлген субъектiлердiң тiркелiмдiк есеп орны бойынша тиiстi салық органдарының қажеттi деректемелерiн бередi;
Тармақша 5
5) облыстың жергiлiктi атқарушы органы жетi күн iшiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдарына салыстырып тексеру актiсiнiң және элиттұқымшарлардың кейiнге шегерiлген салықтық қарыздарын өтеуге арналған төлем шоттарының бiр данасын бередi. Облыстың жергiлiктi атқарушы органы ай сайын 25-күнiне қарай, бiрақ тиiстi жылғы 25 желтоқсаннан кешiктiрмей Ауылшарминiне көрсетiлген бюджеттiк кiшi бағдарламаны iске асыру туралы есептi ұсынады.
Тарау 5. 5. "Азық-түлiк корпорациясы" АҚ-ның негiзiнде мақтаның сапасына сараптама жасау жөнiндегi отандық сертификаттау орталығын құру үшiн субсидия алу тәртiбi
5. "Азық-түлiк корпорациясы" АҚ-ның негiзiнде мақтаның сапасына сараптама жасау жөнiндегi отандық сертификаттау орталығын құру үшiн субсидия алу тәртiбi
Тармақ 15
15. Мақтаның сапасына сараптама жасау жөнiндегi отандық сертификаттау орталығын құруға субсидия алу үшiн:
Тармақша 1
1) субсидия сомасының елу пайызы мөлшерiнде аванс алу үшiн "Азық-түлiк корпорациясы" АҚ ғимараттарды, жабдықтарды, техниканы және қызметтердi (мақтаны тестiлеуге арналған стандартталған құралды (SITC), температуралық, ылғалдылық және жарық түсiру режимiн құруға арналған жүйенi монтаждау мен жөндеу және басқа да қызметтер) сатып алуға арналған шарттардың және шот-фактуралардың көшiрмелерiн бiр данадан облыстың жергiлiктi атқарушы органына ұсынады;
Тармақша 2
2) ғимараттарды, жабдықтарды, техниканы және қызметтердi (мақтаны тестiлеуге арналған стандартталған құралды (SIТС), температуралық, ылғалдылық және жарық түсiру режимiн құруға арналған жүйенi монтаждау мен жөндеу және басқа да қызметтер) сатып алуға арналған субсидияның қалған сомасын алу үшiн "Азық-түлiк корпорациясы" АҚ төлем құжаттарының және тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi жеткiзу актілерiнiң көшiрмелерiн жергiлiктi атқарушы органға ұсынады;
Тармақша 3
3) облыстың жергiлiкті атқарушы органы бес күнтiзбелiк күн iшiнде ұсынылған құжаттарды (шарттар мен шот-фактуралардың, төлем құжаттары мен тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi жеткiзу актiлерiнiң көшiрмелерiн) тексередi және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес "Азық-түлiк корпорациясы" АҚ-ның ағымдағы банктiк шотына субсидияны аудару үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына ақы төлеу шотын ұсынады.
Тармақ 16
16. Ай сайын 25-күнге қарай, бiрақ тиiстi жылдың 25 желтоқсанынан кешiктiрмей облыстың жергiлiктi атқарушы органы Ауылшарминiне бюджеттік кiшi бағдарламаны iске асыру туралы есеп береді.
Тарау 6. 6. Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға бөлiнген қаражатты пайдалануды мемлекеттiк бақылау
6. Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға бөлiнген қаражатты пайдалануды мемлекеттiк бақылау
Тармақ 25
25. Ауылшарминiнiң тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 26
26. Субсидияларды пайдаланудың негiздiлiгiн растайтын құжаттардың шынайылығы үшiн облыстың жергiлiктi атқарушы органы жауаптылықта болады.
Тармақ 27
27. Ауылшарминi және облыстың жергiлiктi атқарушы органы бюджет қаражатының мақсатта және тиiмдi пайдаланылғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
Басқа 56. Көбейту жылдары бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының түрлеріне және жеміс дақылдарының аласа діңді телітушілер аналығын салуға 2006 жылға арналған субсидиялар нормативтері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 наурыздағы N 214 қаулысымен бекітілген Көбейту жылдары бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының түрлеріне және жеміс дақылдарының аласа діңді телітушілер аналығын салуға 2006 жылға арналған субсидиялар нормативтері №N Өнім­нің тү­рі, іс-ша­ра­лар Бі­ре­гей тұқым­ның 1 тон­на­сын (да­на­сын) өн­ді­ру­ге, ала­са дің­ді те­лі­ту­ші­лер ана­лы­ғын са­лу­ға жі­бе­рі­л­ген шы­ғын­дар­ды өтеу пай­ы­зы, (дей­ін) Бір тон­на­ға (да­на­ға, гек­тар­ға) ар­нал­ған суб­си­ди­я­лар нор­ма­ти­ві, тең­ге 1 2 3 4 Кө­бей­ту пи­том­ник­те­рі мен ана­лық ны­сан­дар 1 Жү­ге­рі мен кү­ріш­тен бас­қа, дән­ді және дән­ді бұр­шақ­ты да­қыл­дар 40 37696 2 Жү­ге­рі 40 227328 3 Кү­ріш 40 52096 4 Қы­тай­бұр­шақ 40 110592 5 Күн­ба­ғыс 40 281600 6 Бас­қа май­лы да­қыл­дар 40 110592 7 Кар­топ 40 84864 8 Көп жыл­дық шө­птер: бұр­шақ­ты дән­ді 40 40 390528 149888 9 Бір жыл­дық шө­птер 40 38912 10 Қант қы­зы­л­ша­сы 40 1442959 11 Мақ­та 40 144896 12 Кө­шет­тер 40 80 13 Же­міс-жи­дек да­қыл­да­ры мен жү­зім­нің көп жыл­дық ек­пе­ле­рін са­лу 100 904182,4 14 Же­міс да­қыл­да­ры­ның ала­са дің­ді те­лі­ту­ші­лер ана­лы­ғын са­лу­дың аяқ­тал­ма­ған өн­ді­рі­сіне қыз­мет көр­се­ту 100 769158,2 Су­пер­э­ли­та 1 Жү­ге­рі мен кү­ріш­тен бас­қа, дән­ді және дән­ді бұр­шақ­ты да­қыл­дар 40 8246 2 Жү­ге­рі 40 49728 3 Кү­ріш 40 11024 4 Күн­ба­ғыс 40 61600 5 Қы­тай­бұр­шақ 40 24192 6 Бас­қа май­лы да­қыл­дар 40 24192 7 Кар­топ 40 18564 8 Кө­п­жыл­дық шө­птер: бұр­шақ­ты дән­ді 40 40 85428 32788 9 Бір­жыл­дық шө­птер 40 8512 10 Қант қы­зы­л­ша­сы 40 314664 11 Кө­кө­ніс 40 600000
Басқа 57. Сатылған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымының 1 тоннасына 2006 жылға арналған субсидиялар нормативтері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 наурыздағы N 214 қаулысымен бекітілген Сатылған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымының 1 тоннасына 2006 жылға арналған субсидиялар нормативтері №N Өнім­нің тү­рі Эли­та­лық тұқым­ның 1 тон­на­сы­ның құ­нын ар­зан­да­ту пай­ы­зы, (дей­ін) Са­ты­л­ған эли­та­лық тұқым­ның 1 тон­на­сы­на суб­си­ди­я­лар нор­ма­ти­ві, тең­ге (дей­ін) 1 2 3 4 1 Жұм­сақ би­дай 40 13200 2 Қат­ты би­дай 40 14200 3 Қа­ра би­дай 40 13200 4 Ар­па 40 12500 5 Сы­ра дай­ын­да­у­ға ар­нал­ған ар­па 40 13500 6 Сұ­лы 40 12500 7 Та­ры 40 13000 8 Қа­ра­құ­мық 40 15800 9 Жү­ге­рі: кеш пі­се­тін, ор­та­ша-кеш және ор­та­ша пі­се­тін бі­рін­ші ұр­па­ғы­ның бу­дан­да­ры; ер­те пі­се­тін бі­рін­ші ұр­па­ғы­ның бу­дан­да­ры 40 40 74000 30000 10 Кү­ріш 40 18560 11 Ас­бұр­шақ 40 15000 12 Но­қат 40 16000 13 Қы­тай­бұр­шақ 40 18000 14 Бас­қа дән­ді бұр­шақ­ты да­қыл­дар 40 12000 15 Күн­ба­ғыс: эли­та­лық тұқым­дар; бі­рін­ші ұр­па­ғы­ның бу­дан­да­ры 40 40 120000 100000 16 Рапс 40 74480 17 Бас­қа май­лы да­қыл­дар 40 39360 18 Кар­топ 40 30200 19 Кө­кө­ніс 40 400000 20 Кө­п­жыл­дық шө­птер: бұр­шақ­ты дән­ді 40 40 139000 53320 21 Бір­жыл­дық шө­птер 40 13880 22 Қант қы­зы­л­ша­сы 40 767880 23 Мақ­та, бі­рін­ші өсім­паз­дық­ты қо­са ал­ған­да 40 32185
Басқа 1. 200__жылғы» "__"______________- "__"______________ кезеңінде өндірілген бірегей тұқымдар үшін субсидиялар төлеуге арналған ВЕДОМОСТЬ
Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға арналған қаражатты пайдалану ережесіне 1-қосымша Бекітемін _________________________ облысы ауыл шаруашылығы департаментінің (басқармасының) бастығы ______________________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі) 200__жылғы "__"______________ 200__жылғы» "__"______________- "__"______________ кезеңінде өндірілген бірегей тұқымдар үшін субсидиялар төлеуге арналған ВЕДОМОСТЬ Аудан ата­уы Бі­ре­гей тұқым өн­ді­ру- ші­нің ата­уы Да­қыл Өсім- паз­дық Бі­ре­гей тұқым өн­ді­ру­дің жыл­дық кво­та­сы Өн­ді­рі­л­ген бі­ре­гей тұқым­дар­ды суб­си­ди­я­ла­у­ға нақ­ты бе­рі­л­ген құ­жат­тар тон­на со­ма- сы, (тең- ге) жыл ба­сы­нан 200_ж. "__"____ "__"____ ке­зе­ңін­де 1 2 3 4 5 6 7 8 Жиы­ны: кестенің жалғасы Өн­ді­рі­л­ген бі­ре­гей тұқым- дар­дың 1 тон­на­сы­на ар­нал­ған суб­си- ди­я­лар нор­ма­ти­ві, тең­ге Жыл ба­сы­нан ти­е­сі­лі суб­си­дия со­ма­сы, тең­ге Жыл ба­сы­нан тө­лен- ге­ні, тең­ге Ти­е­сі­лі суб­си­дия со­ма- сы­ның қал­ды­ғы, тең­ге 200__ж. "___"______ кво­та ше­гін­де тө­ле­у­ге жа­та­ты­ны, тең­ге 9 10 11 12 13 _____________________________________ облысының ауыл шаруашылығы департаменті (басқармасы) құрылымдық бөлімшесінің басшысы (Т.А.Ә., қолы)
Басқа 2. 200__жылғы»"__"_________- "__"__________ кезеңінде тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялар төлеудің жиынтық ведомосі
Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға арналған қаражатты пайдалану ережесіне 2-қосымша Бекітемін __________________________облысы ауыл шаруашылығы департаментінің (басқармасының) бастығы ______________________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі) 200__жылғы "__"______________ 200__жылғы»"__"_________- "__"__________ кезеңінде тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялар төлеудің жиынтық ведомосі Аудан ата­уы Элит­тұ- қым­шар ата­уы Да- қыл Са- тыл- ған кү­ні Эли­та­лық тұқым­ды са­ту­дың жыл­дық кво­та­сы Кво­та ше­гін­де эли­та­лық тұқым­дар­ды суб­си­ди­я­ла­у­ға нақ­ты бе­рі­л­ген құ­жат­тар, тон­на тон­на со­ма­сы, (тең­ге) жыл ба­сы­нан 200__ ж. "_"_______ "_"_______ ке­зе­ңін­де 1 2 3 4 5 6 7 8 Жиы­ны: кестенің жалғасы Са­ты­л­ған эли­та­лық тұқым­дар- дың 1 тон­на­сы­на ар­нал­ған суб­си- ди­я­лар нор­ма- ти­ві, тең­ге Жыл ба­сы­нан ти­е­сі­лі суб­си­дия со­ма­сы, тең­ге Жыл ба­сы­нан тө­лен- ге­ні, тең­ге Ти­е­сі­лі суб­си­дия со­ма­сы­ның қал­ды­ғы, тең­ге 200__ж.______ кво­та ше­гін­де тө­ле­у­ге жа­та­ты­ны, тең­ге 9 10 11 12 13 _____________________________________ облысының ауыл шаруашылығы департаменті (басқармасы) құрылымдық бөлімшесінің басшысы (Т.А.Ә., қолы)
Басқа 3. Республикалық және жергілікті бюджеттерге кейінге шегерілген салықтық қарыздарды өтеу бойынша есептесулерге қатысушы салық органдары мен элиталық тұқым шаруашылықтарының салыстырып тексеру актілерінің тізілімі
Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға арналған қаражатты пайдалану ережесіне 3-қосымша Бекітемін Аумақтық салық органының басшысы _______________________________ _______________________________ (Т.А.Ә., қолы, мөр) 200__жылғы "__"______________ Республикалық және жергілікті бюджеттерге кейінге шегерілген салықтық қарыздарды өтеу бойынша есептесулерге қатысушы салық органдары мен элиталық тұқым шаруашылықтарының салыстырып тексеру актілерінің тізілімі теңге Бюд­жет кі­рі­сте- рі­нің сы­нып- та­ма ко­ды Са­лық (тө­лем) ата­уы Са­лық тө­леу- ші­нің (эли­та- лық тұқым ша­руа- шы­лы­ғы- ның) ата­уы, СТН, ор­на- лас­қан же­рі, са­лық ор­га- ны­ның ата­уы, СТН Са­лыс- ты­рып тек­се­ру ак­ті- сіне қол қой- ыл­ған күн Өте­у­ге жа­та­тын бо­лжал­ды со­ма рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен тү­се­тін са­лық­тар бой­ын­ша бар- лы­ғы нег. тө­лем өсім- пұл ай­ып- пұл 1 2 3 4 5 6 7 8 кестенің жалғасы Өте­у­ге жа­та­тын бо­лжал­ды со­ма жер­гі­лік­ті бюд­жет­тен тү­се­тін са­лық­тар бой­ын­ша Бар­лы­ғы бар- лы­ғы нег. тө­лем өсім- пұл ай­ып- пұл бар- лы­ғы (5+9 бағ.) нег. тө- лем (6+10 бағ.) өсім- пұл (7+11 бағ.) ай­ып- пұл (8+12 бағ.) 9 10 11 12 13 14 15 16 Сомасы жазумен__________теңге, оның ішінде: республикалық бюджетке______теңге,_______бюджетке_____теңге, _____________________теңге Аумақтық салық органының тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы ____________ __________________ (қолы) (Т.А.Ә.) М.О.
Басқа 4. Салыстырып тексерудің жиынтық актісі
Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға арналған қаражатты пайдалану ережесіне 4-қосымша Салыстырып тексерудің жиынтық актісі 200__ж.«"__"__________ жағдай бойынша республикалық және жергілікті бюджеттерге кейінге шегерілген салықтық қарыздарды өтеу бойынша Салық комитеті мен_______________________________________________ (республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы) теңге Бюд­жет кі­ріс- те­рі­нің сы­нып­та­ма ко­ды Са­лық (тө­лем) ата­уы Са­лық тө­ле­у­ші­нің (эли­та­лық тұқым ша­ру­а­шы­лы­ғы­ның) ата­уы, СТН, ор­на­лас­қан же­рі, Са­лық ор­га­ны­ның ата­уы, СТН Өте­у­ге жа­та­тын бо­лжал­ды со­ма рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен тү­се­тін са­лық­тар бой­ын­ша бар- лы­ғы нег. тө- лем өсім- пұл ай­ып- пұл 1 2 3 4 5 6 7 кестенің жалғасы Өте­у­ге жа­та­тын бо­лжал­ды со­ма жер­гі­лік­ті бюд­жет­тен тү­се­тін са­лық­тар бой­ын­ша Бар­лы­ғы бар- лы­ғы нег. тө­лем өсім- пұл ай­ып- пұл бар- лы­ғы (4+8 бағ.) нег. тө­лем (5+9 бағ.) өсім- пұл 6+10 бағ.) ай­ып- пұл (7+11 бағ.) 8 9 10 11 12 13 14 15 Жиыны: Республикалық бюджеттен қарыздарды өтеуге жататын болжалды сома___________________________теңге Салыстырып тексеру актісін жасаған күн: 200__ж."__"_________ Облыс салық комитетінің басшысы Ауыл шаруашылығы департаментінің басшысы ______________________________ ________________________________ (Т.А.Ә. және қолы) (Т.А.Ә. және қолы) М.О. М.О.