Үйде тәрбиеленетін және оқылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыру тағайындау мен төлеудің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәурдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 23-бабын, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» № 343-ІІ Заңының 11-бабы 1-тармағын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148- ІІ Заңының 31-бабы 1-тармағының 14)-тармақшасына сәйкес және мүгедек балалары бар ата-аналарға оларды тәрбиелеуде және оқытуда көмек көрсетуге Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Үйде тәрбиеленетін және оқылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыру тағайындау мен төлеудің ережесін бекіту туралы от 09.03.2006 г. № 94 (Үйде тәрбиеленетін және оқылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыру тағайындау мен төлеудің ережесін бекіту туралы)
1. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау және төлеудің қоса беріліп отырған ережелері бекітілсін (бұдан әрі-Ереже).
2. 2006 жылғы 1 қаңтардан материалдық қамсыздандырудың мөлшері (ай сайын) 7581 теңге сомасында белгіленсін.
3. Аудан қаласы мен ауылдық әкімдері, «Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (М.М.Ибраимов) бекітілген Ережелерге сәйкес үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмектің тағайындалуын және төлеуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.М. Брынзовқа жүктелсін.
Келісілді:
Жарма аудандық пошта
Байланыс торабының бастығы
Д.С. Какиманов
Жарма ауданының әкімдігінің
2006 жылғы «09 » 03 № 94
қаулысымен бекітілген
Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің
ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. Жалпы ережелер
Осы Ережелер Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәурдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 23-бабын, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» № 343-ІІ Заңының 11-бабы 1-тармағын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148-II Заңының 31-бабы 1-тармағының 14)-тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Тағайындау тәртібі
Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек бабаларға материалдық қамсыздандырудың тағайындалуы мүгедек баланың тұрғылықты жерінде ата- анасының біреуінің немесе оны алмастырушы тұлғаның өтініші бойынша уәкілетті органмен (аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен) жүргізіледі.
Өтінішке облыстық білім департаменті жанындағы Ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия беретін, мүгедек баланы үйде тәрбиелеу және оқытудың қажеттілігі туралы анықтама қоса беріледі.
Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмек осы көмекті тағайындау жөніндегі өтініш берілген айдан бастап және Ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның анықтамасымен белгіленген мерзімге тағайындалады.
Материалдық көмектің тағайындау мен төлемнің тоқтатылуына немесе қайта жаңартылуына әкеліп соғатын жагдайлар туындаған кезде (бала өлімі, интернат- үйіне жіберу, тұрғылықты жерді ауыстыру және т.б), көмектің тағайындалуы және төлемі тиісті жағдайлар туындаған кезден кейінгі айдан бастап тоқтатылады немесе қайта жаңартылады.
Материалдық көмек алушылар, көмек алу құқығына әсерін тигізетін барлық өзгерістер жөнінде тиісті уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
Болған өзгерістер туралы мәліметтер бермеген жағдайда, алынған сомалар заңнамада белгіленген тәртіппен қайтарылады.
Тиісті уәкілетті орган, түскен күннен бастап материалдық көмек тағайындау жөніндегі барлық қажетті құжаттармен бірге өтінішті, 10 күн мерзімінде қарайды.
Тиісті уәкілетті орган, материалдық көмек тағайындалмайтын жағдайда, қабылданбаған себептері мен шағымдану тәртібі көрсетілген шешім шығарылғаннан кейін, өтініш берушіге барлық құжаттарын қайтарып береді.
Уәкілетті органның шешімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес шағымданылуы мүмкін.
Материалдық көмек тағайындау жөніндегі өтініш, сондай-ақ мүгедек балаларға материалдық көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті органның шешімі барлық қажетті құжаттармен бірге алушының жеке ісінде сақталады.
Материалдық көмектің мөлшері балалар интернат-үйіндегі мүгедек балаларды ұстау бағасы мөлшерінде тиісті жылға белгіленеді.
3. Қаржыландыру және төлеу тәртібі
Қаржыландыру Республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Қаржыландыру Аудандық қаржы бөлімінің бюджеттік есебіне қаражат түскеннен кейін, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тізіміне сәйкес, «Қазпошта» акционерлік қоғамы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы Жарма аудандық пошта байланыс торабы Агенттік келісімі негізінде ақшалай қаражаттарды аударуын жүзеге асырады.
«Қазпошта» ақционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы пошта байланысының аудандық тораптары, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынған, бірінші басшы қол қойған, ведомость- тізімдердің негізінде төлем жүргізеді.
Материалдіқ көмектің төлемі өткен айға жүргізіледі.
«Жарма ауданының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің бастығы:
М. Ибраимов