Қолданыстағы ред. 21.02.2006

Қаратөбе ауданы аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін бекіту туралы от 21.02.2006 г. № 24-5 (Қаратөбе ауданы аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін бекіту туралы)

0

Қаратөбе ауданы аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабын, 10 шілде 2002 жылғы Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңын және 30 қаңтар 2001 жылғы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 бабының 2 тармағын басшылыққа алып аудандық мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Аудандық Мәслихаттың «Қаратөбе ауданы аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін беркіту туралы» 2004 жылғы 14 қаңтардағы № 4-8 (2004 жылдың 30 қаңтардағы №2461 ретпен тіркелген, «Еңбек туы» газетінің 2004 жылғы 5 наурызындағы №9 (6563) санында жарияланған) шешімі өз күшін жойды деп танылсын.

2

2. «Қаратөбе ауданы аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесі» қосымшаға сай бекітілсін.
(Ұсынба, қосымша жалғанды)

3. Қаратөбе ауданы аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережелері

2006 жылғы 21 ақпандағы
Қаратөбе аудандық
мәслихатының № 24-5
шешімімен бекітілген қосымша
Қаратөбе ауданы аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережелері
Ереже Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, 10 шілде 2002 жылғы «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және 30 қаңтар, 2001 жылғы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» - Кодексінің 3 бабы 2 тармағына сәйкес әзірленді.

1

1. Үй жануарларын 2 аптаның ішінде міндетті түрде тіркелуге тиіс, сондай-ақ жыл сайын қайта тіркеліп, осы қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы егуден өткізіліп, жергілікті мал дәрігерлік емханаларда паразиттік ауруларға қарсы алдын алу шаралары мен диагностикалық зерттеуден өтуге тиіс.

2

2. Үй жануарлары жұқпалы ауруға ұшырса немесе оны ұстау жағдайы айналадағы адамдарға қауіпті болса мемлекеттік ветеринариялық қызметінің шешімімен иесінен алып бөлек ұсталады.

3

3. Барлық елді мекендерде иесіз иттерді, мысықтарды аулау үшін арнаулы топтар жасақталып, олардың көлікпен қамтамасыз етілуі ұйымдастырлады;

4

4. Осы Ереже Қаратөбе ауданының барлық үй жануарлары иелеріне, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдарға қатысты.

5

5. Үй жануарларын (ит, мысық ) жайлы орындарда санитарлық жағдайда ұстауға, қараусыз қалдырмауға, ауырып қалса ветеринариялық дәрігерге апаруға.

6

6. Мемлекеттік ветеринариялық мекеме қызметкерлерінің талабы бойынша үй жануарларын (ит, мысық) байқау, диагностикалық зерттеу және емдеу- профилактикалық шаралар жүргізу үшін тиісті орынға апару.

7

7. Үй жануарларын (ит, мысық) айналадағы адамдардың кауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, тиісті шаралар қолдануға, аулада иттерді байлап ұстауға, ескертпе белгілері болуды қамтамасыз етуге.

8

8. Адамды, малды ит қауып алған жағдайда таяудағы медициналық, ветеринариялық мекемелерге хабарлап, иттерді ветеринариялық дәрігерге қаратуға.

9

9. Үй жануарларының мүрдесін кез келген жерге тастауға немесе көмуге болмайды, тек қана мал моласына апарылуы керек. Көлік жалдау шығындары мал иесінің есебінен өтеледі.

10

10. Азаматтардың денсаулығына, мүлкіне үй жануарларының (ит, мысық) келтірілген шығыны мен зияны заңдарда белгіленген тәртіп бойынша үй жануарларының (ит, мысық) иелерінің есебінен өтеледі.

11

11. Жануарлардың шектеу іс-шаралары немесе карантин белгіленетін жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда ауданның мемлекеттік ветеринариялық бас инспекторының ұсынуы бойынша жергілікті атқарушы органның шешімімен шектеу іс-шаралары немесе карантин белгіленеді.

12

12. Ветеринариялық іс-шаралар кешені өткізілген жағдайда шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімді ауданның мемлекеттік ветеринариялық бас инспекторының ұсынуы бойынша жергілікті атқарушы орган қабылдайды.