О мерах по ликвидации чрезвычайной ситуации Күшін жойған
Басқа 0
Төтенше жағдайларды жою жөніндегі шаралар туралы
2006 жылғы 12 наурызда 44 м/с дейінгі күшпен созылмалы апатты және дауылды желден Абай, Аягөз, Жарма, Зайсан, Күршім, Тарбағатай, ёлан және Үржар аудандарында төтенше жағдай болды.
Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, тұрғын үй объектілеріне елеулі зақым келтірілді.
"Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13 және 20-баптарына сәйкес төтенше жағдайларды жою мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Абай, Аягөз, Жарма, Зайсан, Күршім, Тарбағатай, ёлан және Үржар аудандарының әкімдері:
Тармақша 1
1) төтенше жағдайлар зардаптарын жоюдың кестесін әзірлесін және тіршілікті қамтамасыз ететін объектілерді қалпына келтіру жөніндегі барлық шараларды қолдансын, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін және зақымданған білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және тұрғын үй объектілерінің тұрақты қызмет жасауын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) тіршілік әрекеті және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін энергиямен жабдықтаудың автономды көздерін қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) 2006 жылғы 25 наурызға дейінгі мерзімде төтенше жағдайлардан келтірілген қираулар және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын қаржыландыруды растау үшін қажетті дәйектемелік және сметалық құжаттар тізбесін ШҚО жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі департаментіне ұсынсын.
Тармақ 2
2. ШҚО жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі департаментінің директоры (А.К. Кажибаев) дауылдан зардап шеккен аудандардағы зақымданған объектілерде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының жүрісіне бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. "Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы" АҚ (Е.Н.Каплуновская) (келісім бойынша) және "Қазақтелеком" АҚ Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясына (Э.Д. Еспенбетов) (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) энергиямен жабдықтау мен байланыстың зақымданған желілерін авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі шараларды қолдану және зардап шеккен елді мекендерде тұрақты энергиямен жабдықтау және телефон байланыстарын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) жедел байланысты қамтамасыз ету мақсатында, қиын жағдайларда жұмыс жүргізетін авариялық-қалпына келтіру бригадаларын спутниктік радио байланыс құралдарымен (рациямен) жабдықтауды қарастыру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Денсаулық сақтау департаменті (К.Б. Андагулов), Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті (А.С. Шерубаев), Білім департаментінің (Т.У.Карымсаков) директорлары:
Тармақша 1
1) білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік тағайындау объектілерін энергиямен жабдықтаудың автономды көздерімен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдансын;
Тармақша 2
2) зақымданған әлеуметтік объектілерде қалпына келтіру іс-шараларының кешенін жүргізуді ұйымдастырсын және олардың тұрақты қызмет жасауын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. ШҚО жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі департаментіне (А.К. Кажибаев) төтенше жағдайлар аймағында зерттеу жүргізу үшін материалдық-техникалық ресурстардың облыстық қорынан 2000 литр мөлшерінде жанар-жағар май материалдары (бензин) бөлінсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н.Т.Уранхаевқа жүктелсін.