Об утверждении Правил содержания собак и кошек на территории Енбекшильдерского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Еңбекшілдер ауданы аумағында ит-мысықтарды ұстау Ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына, Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 311 бабына және Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ұсынылған Еңбекшілдер ауданы аумағында ит-мысықтарды ұстау Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалу барысын қадағалау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет және қаржы, заңдылық пен құқық тәртібі жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді.
Басқа 4. 1. Жалпы ережелер
Аудандық мәслихат сессиясының 2006 жылғы 20 ақпандағы «Еңбекшілдер ауданы аумағында ит-мысықтарды ұстау Ережесі туралы» № С-26/3 шешімімен бекітілді Еңбекшілдер ауданы аумағында ит-мысықтарды ұстау Ережесі 1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереже ит пен мысықтарды ұстаудың жалпы жағдайлары мен тәртібін белгілейді және олардың ауруға шалдығуының алдын алу, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әзірленіп, ведомстволық бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдарды қоса алғанда Еңбекшілдер ауданының аумағындағы, мәтінде бұдан былай «Иелері» деп аталатын ит пен мысықтардың барлық иелеріне қатысы бар.
Тармақ 2
2. Ит, мысығы бар адамдар оларды ұстау ережесін қатаң сақтауға міндетті.
Тармақ 3
3. Иелеріне рұқсат етіледі:
Тармақша 1
1) иттерді жекеменшік үйлерде, мекемелер мен ұйымдарда тек байлауда ғана ұстауға, иттің бар екендігі жөнінде кіреберісте «Абайланыз аулада ит бар» ескертпе жазу болуы тиіс;
Тармақша 2
2) тиым салынған жазу жоқ жерлерге мекемелерге, азық - түлік емес дүкендеріне, поштаға итті тұмылдырык кигізіп, немесе кысқа қарғы баумен жетектеп келуге;
Тармақша 3
3) иттерді тұрғын үйлерден, оқшауланған жерлерден және үй аумақтарынан жалпы аулалар мен көшеге тұмылдырық кигізіп немесе қарғыбаумен шығаруға. Иттерді карғыбаусыз және тұмылдырықсыз қой отарларында, мал табындарында, арнайы үйрету алаңдарында, аң аулауға шыққанда, арнайы ұйымдардың жедел пайдалануы кезінде жіберуге болады.
Тармақ 4
4. Ит пен мысыкты қала ішіндегі көлікте, олар жолаушыларды мазаламайтындай жағдайда алып жүруге болады. Мұндай жағдайда олар тұмылдырықты немесе арнайы торда, сумкада болуы тиіс.
Тармақ 5
5. Иелері байлап қалдырып кеткен иттер болмаса қоғамдық орындардағы (көшелердегі, аула аумақтарындағы, саябақтардағы және басқа да жерлердегі) иесінің қарауынсыз жүрген иттер қаңғыбастар деп саналып, иесіз ит пен мысыктарды аулайтын және олардың өлекселерін жинайтын арнайы бригаданың аулауына рұқсат беріледі.
Тарау 2. 2. Ит пен мысықтар иелерінің міндеттері
2. Ит пен мысықтар иелерінің міндеттері
Тармақ 6
6. Ит пен мысықтар иелері мыналарға міндетті:
Тармақша 1
1) иттердің иелері әсіресе тұқымы қабаған (американдық питбультерьер, американдық стаффордшир терьер, бультерьер, американдық бульдог) ұстаған сәттен бастап оларды екі апта мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің аумақтық басқармасындағы ветеринарлық инспекция бөлімінде тексертуге;
Тармақша 2
2) ит пен мысықтарды ветеринарлық мекемелерде жүйелі түрде дәрі еккізіп тұруға;
Тармақша 3
3) ит, мысық біреулерді тырнағанда, қапқанда бұл жөнінде дереу медицина мекемелеріне, ветеринарлық қызметтерге хабарлауға;
Тармақша 4
4) адамды немесе малды қапқан немесе жарақат салған ит пен мысықтарды байқаудан өткізіп, карантиндік шаралар қолдану үшін бірден малдәрігерлік қызметке және қаңғыбас ит пен мысықтарды және олардың өлекселерін жинайтын арнайы бригадаға хабарлауға;
Тармақша 5
5) көшеден өткенде итті тек қысқа қарғыбаумен жетектеп жүруге;
Тармақша 6
6) қарамағында пайдаланатын жер учаскесі бар тұрғындар иттерін тек жақсы қоршалған аумақта ғана бос жіберуіне болады немесе байлаулы ұстауы қажет. Учаскенің кіреберісінде иттің бар екендігін ескертетін жазу болуға тиіс;
Тармақша 7
7) ит пен мысықтарды олардың биологиялық мұқтаждарына сәйкес ұстауға, оларға адамгершілікпен қарауға, қараусыз, тамақсыз, сусыз қалдырмауға, ұрып соқпауға, ауырған жағдайда мезгілінде ветеринарлық көмекке жүгінуге;
Тармақша 8
8) одан әрі ұстау мүмкін болмаған жағдайда басқа бір адамға беруге немесе ветеринарлық мекемеге тапсыруға;
Тармақша 9
9) ит немесе мысық өлген жағдайда бұл жөнінде ветеринарлық мекемеге немесе қаңғыбас иттерді аулайтын және олар өлген жағдайда өлекселерін жинайтын арнайы бригадаға хабарлауға.
Тармақ 7
7. Ит пен мысықтар иелеріне мыналар тиым салынады:
Тармақша 1
1) ит пен мысықтарды балалардың аулалық алаңдарында, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің, мектептер мен оқу орындарының, денсаулық сақтау объектілерінің, саяжайлардың, су алатын жерлер мен қала маңындағы суға түсу орындарының аумақтарында, спорт алаңдарында, сонымен қатар тиісті тиым салу белгілері орнатылған жерлерде серуендетуге;
Тармақша 2
2) 14 жасқа толмаған балалардың және иесінің арақ ішкен күйінде ит пен мысығын серуендетуге, олармен қоғамдық жерге баруға және көлікте жүруге;
Тармақша 3
3) қоғамдық тамақтандыру орындарына, азық-түлік дүкендерінің сауда және өндірістік залдарына ит пен мысықтарды ертіп келіп, ұстауға;
Тармақша 4
4) өлген ит пен мысықтың өлексесін шығарып тастауға немесе өзі көмуге.
Тарау 3. 3. Ит пен мысықтар иесінің құқықтары
3. Ит пен мысықтар иесінің құқықтары
Тармақ 8
8. Кез келген ит пен мысық иесінің меншігі болып табылады.
Тармақ 9
9. Ит пен мысық құтырмамен ауырғаннан басқа жағдайда иесінен оның келісімімен ғана алып қойылуы мүмкін.
Тармақ 10
10. Иесі итін қысқа қарғыбаумен дүкеннің немесе басқа бір мекеменің жанында шектеулі уақытқа байлап қалдыруға құқылы.
Тарау 4. 4. Ит пен мысық иесінің осы ережені сақтамағандығы үшін жауапкершілігі
4. Ит пен мысық иесінің осы ережені сақтамағандығы үшін жауапкершілігі
Тармақ 11
11. Ветеринарлық-санитарлық іс-шараларды сақтамағаны үшін ит ит пен мысық иесі Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 310 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Тармақ 12
12. Осы ережені бұрмалағаны үшін ит пен мысық иесі Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 311 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Тармақ 13
13. Ит пен мысығының өліміне немесе кемтар болып қалуына әкеліп соққан озбырлығы үшін иесі Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 276 бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Тарау 5. 5. Ветеринарлық қадағалау органдарының міндеттері
5. Ветеринарлық қадағалау органдарының міндеттері
Тармақ 14
14. Ветеринарлық қадағалау органдары мыналарға міндетті:
Тармақша 1
1) ит пен мысық иелерінің ветеринарлық-санитарлық іс-шараларды орындауына, оларды мезгілінде атқаруына бақылау жасап отыруға;
Тармақша 2
2) ит пен мысықтардың ауруының алдын алу, халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау, ауданда ветеринарлық-санитарлық салауаттылықтықамтамасыз ету мақсатында жұртшылық арасында түсінік жұмыстарын жүргізуге;
Тармақша 3
3) ит пен мысық иелеріне олардың ауруларының алдын алу мен емдеу ісінде білікті көмек көрсетуге.