О перечне лиц, относящихся к целевым группам населения Қолданыста
Басқа 0
Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесі туралы
"Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасы негізінде және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2-тармағына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Халыктың нысаналы топтарына жататын, тұлғалардың тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (М.Қ. Есенбаева) халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қарастырсын.
Тармақ 3
3. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 100 "Халыктың нысаналы топтарына жататын, тұлғалардың тізбесі туралы" қаулысының күшін жойылды деп танылсын, (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-5-6, 2005 жылғы 15 маусымдағы № 15-16 «Таза-Бұлак-Чистый родник»)
Тармақ 4
4. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 22 ақпандағы № 66 "Халыктың нысаналы топтарына жататын, тұлғалардың тізбесі туралы» қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 5
5. Осы каулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Б. Жаманшаловқа жүктелсін.
Басқа 6. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесі
Әкімдіктің
2006 жылғы 7 наурыздағы
№ 84 қаулысына
қосымша
Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесі
Табысы аз адамдар;
жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
зейнеткерлікке шығу алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
мүгедектер;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған адамдар;
бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
оралмандар;
ұзақ уақыт жұмыс істемейтін азаматтар (бір жыл және одан да көп);
кәсіби, орта-арнаулы және жоғары білім беру ұйымдарының түлектері.