Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Күшін жойған
Басқа 0
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7- бабының 5-4-тармақшасына және 18-1 бабына сәйкес аудан әкімдігіі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға ұсыныс білдіретін жұмыс берушілерді ipiктey тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру жөнінде жұмыс берушілермен жасалатын уәкілетті органды «Қаратал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі анықтасын.
Тармақ 3
3. «Қаратал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:
Тармақша 1
1)әлеуметтік жұмыс орындарын құрамын және іріктеуден өткен мекемелермен белгіленген тәртіптегі тараптардың міндетін жұмыстың түpi мен көлемін, еңбекақының шарты мен мөлшерін, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көзі мен мерзімін қамтыған келісім-шартты бекітсін.
Тармақша 2
2)жеке еңбек келісім-шарт бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жіберген әлеуметтік жұмыс орындарында істейтін адамдарға жұмыс берушілер төлейтін еңбекақы шығыны ішінара аудан бюджетінен төленсін, ол ең төмеңгі еңбекақы мөлшерінен кем болмасын және жұмысшылардың есеп шотына аударылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Естыбаеваға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.