О работе акимов сельских округов, поселков по содействию налоговому комитету в выполнении задач по осуществлению контроля за исполнением налогового законодательства Қолданыста
Басқа 0
Салық заңдылықтарының орындалуына бақылауды жүзеге асыру бойынша тапсырмаларды орындау үшін салық комитетіне ауылдық, кенттік округтердің әкімдерінің жәрдем көрсету жұмыстары туралы
Барлық мемлекеттік органдардың, оның ішінде ауылдық, кенттік округтердің әкімдерінің көрсеткен жәрдемдерінің нәтижесінде, 2006 жылдың 1-каңтарына тіркелген кәсіпкерлер саны өсті, жергілікті салықтардың түсімінің сомасы (жер салығы, мүлік салығы, көлік салығы), бір жолгы талондарды сатудан түске түсімдер сомасы айтарлықтай өсті.
2005 жылы ауылдық, кенттік округтердің әкімдерінен салық органдарында тіркелмей кәсіпкерлік қызметпен шүғылданып жүрген тұлгалар туралы 14 хабарлама келіп түскен. Салық комитеті алынған хабарламаларға сәйкес шарала қолданды. Берілген хабарлама нәтижесінде қосымша тіркелусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысып жүрген 27 тұлға тіркелінді, 17 тұлға бір жолғы талон бойынша жұмыс істей бастады, 9 тұлға 5-10-ға дейін айлық есеп көрсеткіш (ары қарай АЕК) мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жыл бойы бір жолғы талондарды сатудан 1216,4 мың теңге сомасында ауданның бюджетіне қаражат түсті, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 402,9 мың теңгеге өскен, немесе, 33,1 пайыз.
Жеке тұлғалардың мүлік салығынан түскен түсімге тоқтасақ, 2005 жылы 1685,6 мың теңге сомасында болды, бұл 2004 жылмен салыстырганда 364, 6 мың теңгеге артық.
Жеке тұлғалардың жер салығы бойынша 2005 жылы ауданның бюджетіне 2998, 9 мың теңге түсті, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 420,8 мың теңгеге өскен.
Көлік салықтары бойынша 2005 жылы бюджетке 9225,4 мың теңге түскен 2004 жылға қарағанда 2254,4 мың теңгеге артық.
2005 жылы арнайы салық тәртібі бойынша жұмыс істейтін, салық комитетінде тіркелген кәсіпкерлердің саны 71 адамға өскен, соның ішінде патент негізінде 43, жеңілдетілген декларация негізінде 28, және осыған орай салықтар сомасы да көбейді.
Сонымен қатар, ауылдық округтермен кент әкімдері салык базасыньң жоғарылауы және аудан бюджетіне түсетін салық түсімдерін орындау бойынша, толық көмек көрсетілмейді
Салық комитетіне кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалар туралы хабарламалар уақытында жіберілмейді. Бұған дәлел, 10 ауылдық округтермен кенттерде (Азовое, Асубұлақ, Өскемен, Гагарин, Төлеген -Тоқтаров, Каменка, Молодежный, Огневка, Таврия, Белогор) жыл бойында бірде бір хабарлама жіберілмеген, тіркеусіз кәспкерлік қызметпен айналысулары рейдтік тексеру кезінде анықталды.
Бір де бір ауылдық, кенттік округтермен бір жолғы талондар бойынша тапсырма орындалмаған. Тапсырманы орындауда ең төменгі пайызды Өскемен ауылдық округінде 9,1 пайыз, Белогор кентінде 12,5 пайыз, Гагарин округінде 13,0 пайызды көрсетеді.
«Белогор» кентінің әкімі М.К.Мукашев тапсырманы орындамағанымен қоса, 2004 жылмен салыстырганда төлем түсімдерін 1,6 мың теңгеге төмендеткен.
Аудан бойынша ауылдық, кенттік округтерді салық салуға есептелінген 10659 аулаларының 4659-ның, немесе, 43,7 пайыз жылжымайтын мүлігі бағаланған.
Жылжымайтын мүлікті бағалаудың жалпы саны бойынша ең төменгі көрсеткіш Тарғын ауылдық округінде 8,7 пайыз, Багратион ауылдық округінде 12,2 пайыз, Таврия ауылдық округінде 34,3 пайыз, Асубұлақ кентінде 32,9 пайызды көрсетеді.
Белогор, Каменка, Азовое, Гагарин, Алмасай ауылдық округтерімен кенттерде жылжымайтын мүліктің жалпы санынының 10-нан 30 пайызга дейін бағаланған
Ауылдық округтерде жекелей құрылыстар мен барлық қосымша құрылыстарына салық салу бағасы 7 000 - нан 20 000 теңгеге дейін, яғни, әрбір үй иесіне бір жылға мүлік салығы бойынша 7- ден 20 теңгеге дейін салынды.
Жұмыспен қамту, жұмыс орындарын көбейту үшін, кәсіпкерлік кызметпен шұғылдануға тұлғаларды тарту бойынша жұмыстар толық жүргізілмейді.
Жоғарыда көрсетілген салық базасын жоғарылату бойынша жұмыстардың кемшіліктері, көбінесе ауылдық, кенттік округтердің өзінде табыстың төмен қамтамасыз етілуіне әкеледі.
Ұлан ауданы бойынша салық комитетінің төрагасының (Нұгманов С.Б.) ақпараттарын қарап және талдай отырып, Қазақстан Республикасының 2001 жылгы 12 маусымдагы № 209 “Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы” Салық кодексінің 21-бабын басшылыққа алып, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауылдық округтермен кент әкімдеріне:
Тармақша 1
1) тіркеусіз кәсіпкерлік қызметімен айналысатын тұлғалар туралы ақпараттарды салық комитетіне жеткізіп отыру туралы және салық базасының өсуі мен салық заңдылығының орындалу бақылауын жүзеге асырып, міндеттерін орындау арқылы салық комитетіне көмек көрсетсін.
Тармақша 2
2) кәсіпкерлік қызметке тарту арқылы, жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыру, жұмыспен қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілсін.
Тармақша 3
3) бір жолгы талондарды өткізу жұмыстарын жақсарту арқылы, жергілікті бюджетке кіріс сомасы түсімі бойынша, берілген тапсырма жоспардың іске асырылуы қамтамасыз етілсін.
Тармақша 4
4) халықтың техникалық паспорттарды алу және «Жылжымайтын мүлік орталығы» Регионалды Мемлекеттік Кәсіпорын арқылы жылжымайтын мүлкін ресімдеу бойынша жаппай-түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Жер салығын толық есепке алу үшін, ауылдық округтермен кенттер әкімдері “Ұлан ауданының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесімен бірлесе отырып елді мекендерде жер телімдерін түгендеу жұмыстарын жүргізсін.
3.Салық комитетіне тұрақты түрде ауылдық, кенттік әкімдерге әдістемелік, практикалық көмек көрсетілу ұсынылып (С.Б.Нугманов) (келісім бойынша) бір жолғы талондардың өтімділігінен түскен соманың өсуі және жеке тұлғалардан жер салығы, көлік салығы, мүлік салығын жинау ұйымдастырылсын .
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Хайруллинге жүктелсін.
Келісілген:
Ұлан ауданы бойынша
Салық комитетінің төрағасы
С. Нугманов