О проведении двухмесячника по благоустройству, озеленению и улучшению санитарного состояния населенных пунктов области Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстың елді мекендерін көркейту, көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту жөнінде екі айлық өткізу туралы Облыстың елді мекендерін көркейту деңгейін одан әрі арттыру және лайықты санитарлық жағдайын сақтау, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық игілігін қамтамасыз ету мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 2), 19) тармақшаларына, 31-бабы 1-тармағының 2), 7), 16) тармақшаларына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылғы 01 сәуірден 01 маусымға дейін облыстың елді мекендерінде аумақтарды көгалдандыру, көркейту, санитарлық тазалау жөнінде екі айлық өткізілсін.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандардың әкімдері жұмысты ұйымдастырып және мыналарға бақылау жасасын:
Тармақша 1
1) белгіленген бағдарламаларға сәйкес көктемгі ағаш, бұталар отырғызуға, көгалдар, гүлзарлар жасауға;
Тармақша 2
2) аумақтарды тазалау жөнінде үнемі санитарлық күндер өткізуге;
Тармақша 3
3) көркейту элементтерін, көшелер мен жолдардың, жаяусоқпақтардың жамылғыларын, қоғамдық көлік аялдамаларын, кіші сәулеттік нысандарды, ғимараттар мен құрылыстардың касбетін лайықты жағдайға келтіруге;
Тармақша 4
4) су құбыры жүйелерін және құрылғыларын залалсыздандыру, профилактикалық жуу іс-шараларының жүргізілуіне;
Тармақша 5
5) су қорғау аймақтарын және сумен жабдықтау көздерінің алқаптарын, ашық суқоймаларын, тұрмыстық-қатты қалдықтар полигондарын, қоқыс төгетін орындарды, тұрмыстық-қатты қалдықтардың ұйымдастырылған үйінді орындарын тиісті санитарлық жағдайға келтіруге;
Тармақша 6
6) ұйымдастырылмаған қоқыс төгетін орындарды жою жұмыстарын жүргізуге.
Тармақ 3
3. Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментіне (Б.З. Байжасаров келісім бойынша) учаскелік полиция инспекторларын қатыстыра отырып жеке сектор мен қоғамдық орындар аумақтарында санитарлық ережелердің сақталуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті (В.С. Якупов) сумен қамту, тамақ өнеркәсібі, сауда, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің, базарлар мен балалар мекемелерінің көктемгі-жазғы кезеңдегі жұмысқа дайындығына бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментіне (Б.З. Байжасаров келісім бойынша), Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне (В.С. Якупов) көше саудасының жағдайына бақылау жасауды күшейтсін және жергілікті атқарушы органдар белгілеген орыннан басқа жердегі көше саудасын жою жөнінде жедел шара қолдану ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Ішкі саясат департаменті (Б.Г. Нургазиева) екі айлықтың барысы және оның қорытындылары туралы ақпараттық материалдар дайындауды және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Қалалар мен аудандардың әкімдері, департаменттер мен басқармалардың басшылары елді мекендерді көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі екі айлықты өткізудің барысы туралы мәліметтерді, 2006 жылғы 5 сәуірден бастап қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының Құрылыс департаментіне апта сайын әр сәрсенбіде тапсырсын.
Тармақ 8
8. Облыстың елді мекендерін көркейту, көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту жөніндегі екі айлықтың нәтижелері тиісті шешімдер қабылдана отырып, жергілікті атқарушы билік органдарында тыңдалсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н.Т. Уранхаевқа жүктелсін.
Тармақ 10
10. "Облыстың елді мекендерін көркейту, көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту жөнінде екі айлық өткізу туралы" облыс әкімдігінің 2005 жылғы 01 сәуірдегі № 135, тіркеу нөмірі 2266 қаулысының күші жойылды деп саналсын. Келісілді: Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті бастығының міндетін атқарушы
Басқа 17. Елді мекендерді көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі екі айлықты өткізу барысы туралы мәліметтер
2006 жылғы 31 наурыздағы № 572 Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымша Елді мекендерді көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі екі айлықты өткізу барысы туралы мәліметтер Іс-шаралар Өлшем Саны бірліктері Барлығы Орындалғаны Тазарту: - көшелер мен жолдар шақырым / мың теңге - бақтар, тынымбақтар, алаңдар га / мың теңге - ПИК тұрғын үйлерінің аулалық аумақтары дана / мың теңге - оқу орындарының, мектептердің, балалар бақшаларының, мәдениет мекемелерінің аумақтары дана / мың теңге - сутартқылардың санитарлық аймағының қоршаулары дана / мың теңге - тұрмыстық - қатты қалдықтарды кәдеге жарату үшін арнайы бөлінген жерлер қанағаттанарлық жағдайға келтірілді дана / мың теңге - шығарылған қоқыс текше м / мың теңге - мыналар жойылды: рұқсат етілмеген қоқыс төгетін орындар ұйымдастырылмаған сауда орындары дана / текше м дана - мыналарды тексеру, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді: су құбырлары жүйелерін құрылғыларды шақырым дана Көгалдандыру: - отырғызылған ағаштар дана / мың теңге - бұталар қума м / мың теңге - гүлзарлар шаршы метр / мың теңге Көріктендіру және жөндеу: - ескерткіштер мен олардың маңайындағы аумақтар дана / мың теңге - қалалық, кенттік жолдар: күрделі жөнделгендері шұңқырлардың жөнделгендері шақырым / мың теңге шаршы метр / мың теңге Санитарлық тазалау барысына бақылау: - уәкілетті органдар жасаған хаттамалар, соның ішінде: дана - жазаланған тәртіп бұзушылар адам - сомасы мың теңге Екі айлыққа қатысқан адамдардың жалпы саны, соның ішінде адам - ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғандар адам Бұқаралық ақпарат құралдарында баяндалды, соның ішінде: дана - радиодан - теледидардан айтылды - жарияланған мақалалар дана дана дана