О проведении зачета по бюджетным долгам. Күшін жойған
Басқа 0
Бюджеттік борыштар бойынша есептесуді өткізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды –
Маңғыстау облысы әкімінің 25.06.2008 № 08-12-985 хатымен.
Бұрынғы бюджеттік ұйымдардың тауарлар (атқарылған жұмыстар, көрсетілген қызметтер) жеткізіп қоюшылар алдындағы 2978,9 млн. теңге сомасындағы немесе 1999 жылға болжамдалған кіpiстер көлемінің 78,2 процент кредиторлық берешегінің көптігіне жеткіліксіз қаржыландырылуына байланысты және "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазахстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазахстан Республикасы Заңының 5-1 бабының, № Қаржы министрлігінің 9.04. 1999 ж. № 12-4-1-10/2727 хатының негізінде және кредиторлық берешекі өтеу мақсатында шешім етемін:
Тармақ 1
1. Есеп айырысуды өткізу сәтіне өтелмеген, 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойыныа шаруашылық жүргізуші субъектілердің жергілікті бюджетке төлемдері бойынша берешектерін өтеу есебінен, жергілікті бюджеттен қаржыландырылған келген бұрынғы бюджеттік ұйымдардық тауарлар (атқарылған жұмыстар, көрсетілген қызметтер) жеткізіп қоюшыларының алдында жинақталып қалған берешектерін өте- удің тәртібі бекітілсін (N 1 Қосымша).
Тармақ 2
2. 0блыстық каржы басқармасы (С.Б.Шаметова):
-тауарлар (көрсетілетін қызметтерді , атқарылатын жұмыстарды) беруге арналған келісім- шарттар, келісімдер мен мүдделі жақтардын салыстыру актілері негізінде, жергілікті бюджетке төлемдері бойынша берешектері бар, облыстық бюджет пен тауарлар (атқарылған жұмыстар, көрсетілген қызметтер) жеткізіп қоюшылар арасында есептесуді жүргізсін;
-есептесу сомасын, 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша тауарлар (атқарылған жұмыстар, көрсетілген қызметтер) жеткізіп қоюшылар алдында берешектері бар, бурынғы бюджеттік ұйымдарды қаржыландыру есебіме жатқызсын.
Тармақ 3
3. Бюджеттік борыштар бойынша өткізілген есептесу сомасы, бюджеттік жіктелімлердің мынадай кодтары бойынша бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерінде былайша көрсетілсін: кірістерде - 107101 "Берешектін түсірілімі " , шығыстарда - 28 бюджеттік жіктелімдерге сәйкес бағдарламалардың, мемлекеттік әкімші — мекемелері бойынша "Бұрынғы бюджеттік ұйымдардық мерзімі өткізілген қаржылық міндеттемелерін және жергілікті деңгейдегі бюджеттен тысқары қорларын орындау бағдарламасы.
Тармақ 4
4. Қалалар мен аудандардың әкімдері, тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылып келген бюджеттік ұйымдар бойынша осы тектес есептесуді жүргізсін.
Тармақ 5
5. 0сы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары К. Б.Шалғымбаевқа жүктелсін.
Басқа 6
1 Қосымша
Облыс акімінің
1999 жылғы 16” 04
№ 74 шешімімен бекітілген
Есеп айырысу сәтіне өтелмеген, 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жергілікті бюджеттің төлемдері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің берешектерін өтеу есебінен жергілікті бюджеттен қаржыландырылып келген бұрынғы бюджеттік ұйымдардың жинақталып қалған берешектерді өтеудің
Т Ә Р Т I Б I
Тарау 7. І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Осы Ереже жергілікті бюджеттен қаржыландырылып келген бұрынғы бюджеттік ұйымдардын және тауарлар жеткізіп қоюшы, атқарылатын жұмыстарды орындаушы және көрсетілетін қызметті көрсетуші ұйымдардың. (бұдан әрі-жеткізіп қоюшы ұйымдар) есептеуді өткізу жолымен өзара берешектерін өтеу кезінде жергілікті бюджеттің. өзара қарым- қатынасын реттейді.
Тармақ 2
2. Тауарлар жеткізіп қойғаны, көрсеткен қызметі және атқаратын жұмыстарды орындағаны үшін жеткізіпі қоюшы ұйымдардың алдындағы бюджеттік ұйымдардың берешектерін, соңғысының жергілікті бюджетке төлемдері бойынша берешегін өтеу есебіне есептесу, жергілікті бюджетте, бюджеттік ұйымдардың шығыстар сметасының тиісті ерекшеліктері бойынша көзделген шекті шығыстар шегінде және өзара есеп айырысу өткізілген сәтке өтелмеген, жәткәзіп-қоюшы ұйымдардың жергілікті бюджет алдындағы берешек сомасында жүргізіледі.
Тарау 10. ІІ. ӨЗАРА БЕРЕШЕКТЕРДІ ЕСЕПТЕСУДІ ЖҮРГІЗУДІҢ ТӘРТІБІ
ІІ. ӨЗАРА БЕРЕШЕКТЕРДІ ЕСЕПТЕСУДІ ЖҮРГІЗУДІҢ ТӘРТІБІ
Тармақ 3
3. Берешектерді есептесу, республикалық және жергілікті бюджеттер арасында, атап айткандағы акциздік салық және заңды тұлғалардан алынатын табыс салығыы болып бөлінуге жататын жалпымемлекеттік салықтардан басқасы, тек қана жергілікті бюджетке төлемдер бойынша жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Жергхлікті бюджетке төлемдер бойынша есептесу, облыс әкімінін шешімі бойынша жүргізіледі, оған жергілікті бюджеттен қаржыландырылып келген барлық бұрынғы бюджеттік ұйымдар қатынасады.
Есептесу сомасы, жергілікті бюджеттің тиісті бюджеттік ұйымдардың алдында, жеткізіп қоюшы ұйымдардың салықтар мен төлемдер бойынша жергілікті бюджетке нақтылы берешегі шегін және тауарлар,орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер алғаны үшін жеткізіп қоюшы ұйымдарға бюджеттік ұйымдардың берешегіне карай анықталады.
Тармақ 5
5. Есептесуді өткізу үшін жергілікті бюджетке төлемдер бойынша берешегі бар жеткізіп қоюшы ұйым қаржы органдарына мындай құжаттарды табыс етеді:
01.01.1999 ж. және 1.04.1999 ж. жағдайы бойынша, мерзімі еткізілген төленбеген салықтары, есептелінген айыппұлдар мен есімдері бөліп көрсетілген, жергілікті бюджетке салық бойынша берешегінің бары туралы салық төлеушінің тіркелген жері бойынша салық органының анықтамасы;
-01.01.1999 ж. және 1.04.1999 ж. жағдайы бойынша жеткізіп қоюшы ұйымдар мен бюджеттік ұйымдар арасындағы берешекті салыстыру актілерін. Жеткізіліп қоюшы ұйымдардың берешекті талап ету құқығын басқа заңды тұлғаға берген жағдайда, жергілікті бюджетке төлемдер бойынша берешегі бар, соңғысы сонымен бірге, жеткізіп қоюшы ұйымдар мен осы занды тұлғаның арасындағы берешектерді салыстыру актісінің, талап ету құқығын беру туралы келісімдерінің нотариалдық расталған көшірмелерін табыс етеді;
-бюджеттік мекемелердің жеткізіп қоюшы ұйымдармен тауарлар сатып алуға, атқарылатын жұмыстарға, және көрсетілетін қызметке жасасқан келісім-шарттарын.
Тармақ 6
6. Бюджеттік ұйымның турған жеріндегі қаржы органы, табыс етілген құжаттардың негізінде бюджеттік ұйымдар, жеткізіп қоюшы ұйымдар және оған кредитордық құқығы көшкен (егер мұндай бар болса), жергілікті бюджетке төлемдер бойынша берешегі бар заңды тұлғалар арасында есептесуді өткізу туралы келісім-шарт жасайды (№ 1 Қосымша). Келісім-шарт бес дана етіп рәсімделеді.
Тармақ 7
7. Жергілікті бюджетте көзделген сома шегінде, жеткізіп қоюшы ұйымдар алдында берешегі бар бюджеттік ұйымдар өзінің қарауында болтан аудандар мен қалалардың әкімдері есептесуді өткізу туралы келісім-шарттардың негізінде өзара берешектррді өтеу туралы келісімді (бұдан әрі -келісім) шарт дана етіп (№ 2 Косымша) оған мыналарды тіркеп: келісім-шарттардық тізілімін (№3 Қосымша) үш дана етіп және есептесуді өткізу туралы келісім-шартты (N 1 қосымша) рәсімдейді және қол қоюға және тіркеуге облыстық қаржы басқармасына жібереді.
Тармақ 8
8. Облыстық қаржы басқармасы есептесуді өткізу туралы алған келісімді Тіркейді, қолда бар жұмсалатын қаражатты тексереді және құжаттарды есептесуді өткізуге облыстық қазынашылық басқармасына, облыстық салық комитетне жібереді,
Тармақ 9
9. Облыстық қазынашылық басқармасы бюджеттік ұйымның тұрған жері бойынша есептесуді өткізуге арналған келісім - шартты тіркейді , осынау ұйымдар бойынша жұмсалатын қаражатты тексереді.
Тармақ 10
10. Облыстық қаржы барқармасы рәсімделген келісім-шарттар негізінде көрсетілген сомаларды жергілікті бюджеттен "есептесу" бағынасында көрсету жөнінде бухгалтерлік жазба жүргізеді.
Тармақ 11
11. Келісім-шартты есептесуге қатысқан ұйымдардағы, сондай - ақ салық төлеушінің және дара шотындағы берешектерді , келісім - шартта көрсетілген сомада есептен шығару жөнінде бухгалтерлік есепті жүргізу үшін негіз болып табылады.
Тармақ 12
12. Салық органы салық төлеушінің тіркелу жері бойынша есептесуді өткізу туралы келісім-шартты алған кезінде осы ұйым бойынша салық төлеушінің жеке дара шотының тиісті карточкасына "есептесу тәртібінде" бірегей ашық тұсына белгі соға отырып берешегін жояды.
Тарау 21. III.БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРУ.
III.БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРУ.
Тармақ 13
13. Берешектерді есептесуді көрсетудің тәртібі бухгалтерлік есеп және есеп беруде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлік нормативтік актілерімен реттеледі.
Басқа 23
№ 1 Қосымша
Бюджеттік борыштар бойынша есептесуді өткізу туралы № _______ келіісім - шарт датасы______
Басқа 24
2 ҚОСЫМША
Өзара берешектерді өтеу туралы № _____келісім _______ __________
Басқа 25
3 қосымша
Келісім - шарттар тізілімі
аудан қаланың атауы