Об утверждении инструкции об организации и финансировании социальных рабочих мест Қолданыста
Басқа 0
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұсқаулығын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-ІІ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7, 18-1-баптарына сәйкес және халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды белгілеу мақсатында, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұскаулығы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 16 мамырдағы № 155 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұскауды және Қарабалық ауданы бойынша 2005 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздарды еңбекке орналастыру үшін және әлеуметтік ұйымдардың тізбесін бекіту туралы», тіркеу нөмірі 3480, («Айна» 2005 жылғы 16 маусымдағы 25 (237) қаулысының күші жойылған деп есептелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.X. Салықбаевқа жүктелсін.
Басқа 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұсқаулық
Әкімдіктің
2006 жылғы 23 наурыздағы
№ 65 қаулысымен
бекітілді
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұсқаулық
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқауылық (бұдан әрі - Нұсқау) халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін аңықтайды әлеуметтік жұмыс орындарын беретін (меншік нысанына қарамастан) негізгі талаптарды мен есеп айырысу жүйесін реттейді.
Тармақ 2
2. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) әлеуметтік жұмыс орны - жұмыс берушілердің жұмысқа қабылданған қызметкерлерге еңбекақы төлеген шығынын ішінара өтеп, халықтың нысаналы топтарының ішіндегі жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жергілікті мемлекеттік басқару органмен шарт негізінде, кұрылған жұмыс орны;
Тармақша 2
2) нысаналы топтар - жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде Қазақстан Республикасынаң «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңымен белгіленген, тұлғалар тобы, сондай-ақ Қарабалық әкімдігінің 2006 жылғы 19 қаңтардағы № 5 «Нысаналы топтарға жататын халықты жұмыспен қамтуын көмектесу шаралары туралы» қаулысымен, тіркеу нөмірі 9-12-05, бекітілген тұлғалардың тізбесі;
Тармақша 3
3) «жастар тәжірибесі» - жұмыс тәжірибесі жоқ, бастауыш, орта және кәсіптік жоғарғы оқұ орындарының бітірушілерін, алған мамандықтары бойынша еңбек өтілі мен тәжірибесі жоқ, жұмыстарын, тәжірибелік білім шеберлік, дағдыларын алу мақсатында жұмысқа орналастыру.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заңнамалары таратылады.
Тармақ 4
4. «Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарына әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға жәрдемдеседі.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру және ұйымдастыру тәртібі
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру және ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 5
5. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға еңбекақы шығынын аудандық бюджет қаражат есебінен ішінара өтеумен өз қаражатынан қаржыландырылып, жұмыс берушілермен анықталады немесе құрылады.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру қызмет көрсету жөніндегі жұмыс берушілермен шарт жасайды.
Тармақ 7
7. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру және оларға еңбекақыға толеуге арналған бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында жұмыс берушілерді іріктеу жөніндегі комиссия жазбаша арыздарының негізінде халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктейді.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру уәкілетті органның жолдамасы бойынша жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға қызмет көрсету жөніндегі шарт жағдайымен санына және кәсібіне сәйкес екі жақтын міндеттерін жұмыс көлемін, түрін, еңбекақының мөлшерін және жағдайын мерзімін және әлеуметтік орындардың қаржы құратын шарт бойынша жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуда нысаналы топтарға кіретін күнкірістері төмен жұмыссыздар басымдық құқыққа ие.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері мен талаптары
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері мен талаптары
Тармақ 10
10. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес ай сайын жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың еңбекақысына төленген жұмыс берушілердің шығыны аудандық бюджеттен ең төменгі жалақының 50 пайыз көлемінде, («Жастар тәжірибесі» ең төменгі жалақының 100 пайыз көлемінде) алты айға дейінгі мерзімде өтеледі.
Бюджет қаражатын аудару жөніндегі есеп айырысу жұмыс берушінің есеп шотына жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға аудандық бюджет қаражатынан төленетін еңбекақыға, заңнама белгіленген тәртіппен салық салынады.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік жұмысқа катысушы жалақы нақтылы істелген жұмыс үшін төленеді.
Тармақ 14
14. Жұмыс берушілер аудандық бюджеттен түскен ақшаны әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздарға едбекақыға шыққан шығындарын өтеуге пайдаланады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау
Тармақ 15
15. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландру нұсқаулығын сақтауға бақылау жасауды заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.