О вопросах учреждений-администраторов программ, финансируемых из местных бюджетов Қолданыста
Басқа 0
Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын бағдарламалардың басқаратын әкімшілік – мекемелердің мәселелері туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әділет департаментініңі 2004 жылғы 20 қыркүйектегі жергілікті мемлкетітк басқару органдарының нормативті құқықтық актілерін мемлкеттік тіркеуден бас тарту туралы қорытындысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы желтоқсаның 25-дегі «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімшіл – мекемелерінің мәселелері № 1335 қаулысын, облыстық мәслихаттың I шақырылған XXIII сессиясының 1999 жылғы қаңтардың 15- дегі «Облыстық бюджет туралы» шешімін орындау үшін ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Мыналар:
жергілікті атқарушы органдары басшылық жасайтын жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын бағдарламалар мен кіші бағдарламалар;
жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын республикалық бағдарламаларды жүзеге асыратын, сондай-ақ заң қағидаттарына сәйкес мемлекеттік мекемелер болып қайта тіркелуге жататын мекемелер;
жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті бағдарламаларды жүзеге асыратын, сонда-ақ қағидаттарына сәйкес мемлекеттік мекемелер болып қайта тіркелуге жататын мекемелер.
Тармақ 2
2. Облыс әділет басқармасы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламаларды осы шешімнің 1-тармағының 2, 3- тармақшаларында көрсетілген әкімшілік – мекемелерін екі апта мерзім ішінде қолданылып жүрген заң қағидаттарына сәйкес қайта тіркейтін болсын.
Тармақ 3
3. Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімшілік – мекемелері екі апта мерзім ішінде заң қағидаттарына белгіленген тәртіпте қарамақтарындағы мекемелерді мемлекеттік кәсіпорындар етіп қайта тіркеуден өткізсін.
Тармақ 4
4. Бағдарламалардың мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік меншік құқықтары бар субъектінің міндетін және уәкілді органның функциясын атқаратын әкімшілік – мекемелері әрбір мемлекеттік кәсіпорынның қаржы балансын бекітіп, қайта бекіткен күннен бастап екі апта мерзім ішінде жиынтық қаржы балансын облыс бойынша қаржы басқармасында келістіруге тапсырсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары М.Н. Оспановқа жүктелсін.