Об утверждении Положения об участковых комиссиях Күшін жойған
Басқа 0
Учаскелік комиссиялар туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27-бабы , Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңы , Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңы , Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1685 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы», 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» қаулыларының негізінде және қолданыстағы заңнамадағы өзгерістерге байланысты Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облыстық мәслихатының келісімі бойынша қосымшаға сәйкес Учаскелік комиссиялар туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Учаскелік комиссиялар туралы ереже
Әкімдіктің 2006 жылғы
16 наурыздағы № 85 қаулысымен
бекітілген
Учаскелік комиссиялар туралы ереже
Осы Ереже мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) он сегіз жасқа дейінгі балаларға берілетін ай сайынғы жәрдемақы көрсету жөніндегі учаскелік комиссиялардың (бұдан әрі - учаскелік комиссиялар) мәртебесін және өкілеттілігін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Учаскелік комиссиялар мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) он сегіз жасқа дейінгі балаларға берілетін ай сайынғы жәрдемақы көрсету (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) сұраған адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытынды дайындау үшін тиісті әкімшілік - аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылады.
Тармақ 2
2. Учаскелік комиссиялардың құрамына жергілікті өкілдік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативтерінің, халықтың, ұйымдардың және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, құқық қорғау органдарының өкілдерін енгізуге болады. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ болуы керек.
Тармақ 3
3. Комиссияның жұмысын, комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін жауап беретін, төраға басқарады. Төраға болмаған жағдайда оның міндетін төрағаның орынбасары атқарады.
Тармақ 4
4. Учаскелік комиссиялар өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады, өз қызметін осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Учаскелік комиссиялар өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Негізгі міндеттер мен құқықтар
2. Негізгі міндеттер мен құқықтар
Тармақ 5
5. Учаскелік комиссиялар төмендегі міндеттерді жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) уәкілетті органдардың және кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің халыққа әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қызметіне жәрдемдеседі;
Тармақша 2
2) уәкілетті органның немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жазбаша тапсырмасы бойынша әлеуметтік көмек алудан үміткерлердің келісім бергендерінің тұрып жатқан орындарына барып, өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеруді жүзеге асырады және отбасының материалдық жағдайы жөнінде акт толтырады.
Тармақша 3
3) уәкілетті органның, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің тапсырмасы бойынша табыс етілген құжаттарды ішінара тексереді;
Тармақша 4
4) әлеуметтік көмек берудің қажеттігі (отбасының мұқтаждығы) немесе әлеуметтік көмек беруге ұсыным жасаудан бас тарту жөнінде осы Ереженің қосымшасының үлгісі бойынша (өтініш беруші табыс еткен құжаттардың, әлеуметтік карталардың немесе өтініш беруші отбасын материалдық тексерудің негізінде) қорытынды әзірлейді және оны уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне ұсынады.
Тармақ 6
6. Өтініш беруші отбасын материалдық тексерудің нәтижелері бойынша учаскелік комиссия мынадай шешім қабылдайды:
әлеуметтік көмек беруге ұсыныс жасалсын;
әлеуметтік көмек беруге ұсыныс жасаудан бас тарту.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек беру қажеттілігі туралы қорытынды дайындағанда учаскелік комиссия төмендегі жағдайларда көмек тағайындалмасын деген ұсыныс беруге құқылы:
Тармақша 1
1) отбасының жұмыссыз мүшесi ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан (оның iшiнде уақытша), кәсіби дайындау, біліктілігін арттыру және қайта даярлаудан себепсiз бас тартса;
Тармақша 2
2) қоғамдық жұмысқа қатысуды өз бетiнше тоқтатса;
Тармақша 3
3) отбасының жұмыссыз мүшесiнің Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 15-бабының 7-тармағында көзделген уәкілетті органға келіп тұру мерзімдерін дәлелсіз себептермен бұзса;
Тармақша 4
4) әлеуметтiк көмек алу мақсатында табысты әдейi жасыру немесе табысты азайту фактiсi анықталса;
Тармақша 5
5) өтiнiш берушi отбасының материалдық жағдайын тексеруге учаскелiк комиссия мүшелерiн жiбермесе, сонымен қатар өтiнiш берушiнiң (отбасының) материалдық жағдайын толық және объективтi тексеруге кедергi жасалса;
Тармақша 6
6) өтініш берушiнiң материалдық жағдайын тексеру мақсатымен келгенде оның тұрғылықты жерде (екi реттен көп) болмауы;
Тармақша 7
7) өтініш берушiнiң учаскелiк комиссияның отырысына себепсiз қайталай келмесе;
Тармақша 8
8) өтініш беруші және (немесе) оның отбасы мүшелерi iшкiлiкке, нашақорлыққа, улы заттармен әуестенуге салынса;
Тармақша 9
9) өтініш беруші және (немесе) оның отбасы мүшелерінің өздерiнiң еңбек табыстарын көбейтуге және отбасының жағдайын жақсартуға талаптанбауы.
Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тарту құжаттармен дәлелденетін фактілерге негізделуі тиіс.
Тармақ 8
8. Егер әлеуметтік көмек беру қажеттігі туралы қорытынды жасағанда, мүшелердің бекітілген құрам санының екіден үші қатысса, учаскелік комиссиялар шешім қабылдауға өкілетті.
Тармақ 9
9. Комиссияның қорытындысы ашық дауыспен қабылданады және қатысып отырған учаскелік комиссия мүшелерінің көбі қорытындыға дауыс берсе, ол қабылданған болып есептеледі. Дауыс бірдей болған жағдайда учаскелік комиссия төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Учаскелік комиссиялардың тексеру жүргізу үшін тиісті органдардан қажетті мәліметтерді сұратуға құқығы бар.
Тарау 3. 3. Материалдық жағдайға тексеру жүргізу
3. Материалдық жағдайға тексеру жүргізу
Тармақ 11
11. Өтініш беруші отбасының материалдық жағдайын тексеруді учаскелік комиссиялар уәкілетті органның немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жазбаша тапсырмасы бойынша жүргізеді.
Тармақ 12
12. Учаскелік комиссиялар отбасының материалдық жағдайын тексеру барысында өтініш берушінің әлеуметтік көмек сұрауына байланысты жағдайларды анықтайды. Онда төмендегі жағдайларға көңіл бөлу ұсынылады:
Тармақша 1
1) отбасының нақтылы құрамына;
Тармақша 2
2) отбасы мүшелерінің жұмыс істейтіндерінің санына;
Тармақша 3
3) еңбекке қабілетті жастағы отбасы мүшелерінің жұмыс істемейтіндерінің (жұмыссыздарының, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда тіркелгендерінің (тіркелмегендерінің) санына;
Тармақша 4
4) отбасында жеті жасқа дейінгі баланы, бірінші, екінші топтағы мүгедек баланы, сексен жастан асқан қарттарды, ауруларды күтіп отырған еңбекке қабілетті адамның болуына;
Тармақша 5
5) отбасында кәмелетке толмаған балалардың және күтуге мұқтаж адамдардың (мүгедектердің, қарттардың, аурулардың) болуы;
Тармақша 6
6) жұмыспен қамтылмағаны туралы мәлімдегендердің нақтылы табыс деңгейі (отбасы мүшелерінен, көршілерден сұрау арқылы анықталады);
Тармақша 7
7) шартты жер үлесінің, малдың (ірі қара мал, жылқы, түйе, қой, шошқа), құстың (тауық, үйрек, қаз), саны, жер учаскесінің, оның ішінде үй жанындағы учаске, бақша, саяжайлардың, болуы және, шамасы, оларды пайдаланудан түсіп отырған нақтылы табыстың мөлшері;
Тармақша 8
8) үй-жайдың (пәтердің, үйдің) болуы және санына;
Тармақша 9
9) пайдалануға жарамды автокөліктің (мүгедектіктіктен басқа) болуына немесе болмауына;
Тармақша 10
10) мүліктік үлестің болуы және шамасына;
Тармақша 11
11) отбасының материалдық жағдайына сеп тигізетін басқа жағдайларға.
Өтініш берушінің отбасының материалдық жағдайын тексеру арыз берушінің немесе кәмелетке толған отбасы мүшесінің қатысуымен жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Қажет болған жағдайда учаскелік комиссиялар уәкілетті органның немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі тапсырма берген күннен бастап бес күндік мерзімде әлеуметтік көмек сұрап, өтініш жасаған адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізеді.
Тармақ 14
14. Жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша учаскелік комиссиялар адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайы туралы қорытынды әзірлейді, оған барлық комиссия мүшелері қол қояды және оны уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне табыс етеді.
Тармақ 15
15. Өтініш беруші учаскелік комиссиялар мүшелеріне тексеру үшін немесе толық және объективті тексеруге кедергі жасаса, учаскелік комиссия қорытындыда бұл туралы тиісті белгі жасайды.
Тармақ 16
16. Өтініш берушінің және оның отбасының материалдық жағдайын учаскелік комиссиялар азаматтардың жеке өміріне деген сыйластықты сақтай отырып, олардың қадыр-қасиетін қорлайтындай іс-қимылға бармайтын жағдайда өткізуге тиіс.
Тармақ 17
17. Комиссия мүшелері азаматтардың жеке өмірі туралы деректерді жария етпеуге міндетті.