О лицензировании туристической деятельности в Республике Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасында туристiк қызметтi лицензиялау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды ҚР Үкіметінің 2005.09.02 № 124 қаулысымен.
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заң күшi бар N 2200 Жарлығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң ведомостары, 1995 ж, N3-4, 14-құжат) Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Туристiк қызметтi лицензиялауға қоса берiлiп отырған бiлiктiлiктi айқындау талаптары бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысының 1-қосымшасына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж, N 41, 515-бап) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
лицензиялауға жататын қызметтiң барлық түрлерiне лицензиялар, оның iшiнде патент түрiнде беруге өкiлеттiк мемлекеттiк органдардың
(лицензиялардың) тiзбесi реттiк 28 нөмiрiмен толықтырылсын:
Тармақ 28
28. Қазақстан Республикасының жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi - туристiк қызмет.
Басқа 4. Туристiк қызметтi лицензиялауға бiлiктiлiктi айқындау талаптары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 19 шілдедегi
N 918 қаулысымен
бекiтiлген
Туристiк қызметтi лицензиялауға бiлiктiлiктi айқындау талаптары
Туристiк қызметтi жүзеге асыру құқына лицензия алушы заңды және жеке тұлғалардың бiлiктiлiгi мынадай талаптармен айқындалады:
Тарау i. I. Қазақстан Республикасының азаматтарын және шетелдiк туристердi қабылдау мен қызмет көрсету, шетелге туристiк сапарлар ұйымдастыру, транзит туристерге қызмет көрсету, iшкi туризмнiң барлық түрлерiн ұйымдастыру жөнiнде
I. Қазақстан Республикасының азаматтарын және шетелдiк туристердi қабылдау мен қызмет көрсету, шетелге туристiк сапарлар ұйымдастыру, транзит туристерге қызмет көрсету, iшкi туризмнiң барлық түрлерiн ұйымдастыру жөнiнде
Тармақ 1
1. Арнайы бiлiмi мен туристiк ұйымдарда еңбек стажы 2 жылдан кем емес және шет тiлiн бiлетiн қызметкерлерi болса.
Тармақ 2
2. Туристiк қызмет көрсетуде әзiрленген туристiк маршруттары мен бағдарламалары болса.
Тармақ 3
3. Туристiк жолдамада ұсынылатын қызметтер тiзбесi болса.
Тармақ 4
4. Туристердi қабылдау үшiн қажеттi жеке меншiк немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы:
туристiк объектiлерi (қонақ үйлер, кемпингтер, аңшы, балықшы үйлерi);
туристiк керек-жарақтары;
туристерге қызмет көрсетуге қажеттi көлiк;
туристiк ұйымның кеңсесi үшiн үй-жайы болса.
Тармақ 5
5. Шетелдiк туристiк ұйымдармен және Қазақстандағы туристiк объектiлермен шарттары болса.
Тармақ 6
6. Туристердi медициналық сақтандыру және олардың мүлкiн сақтандыру туралы сақтандыру фирмаларымен (компанияларымен) шарттары болса.
Тармақ 7
7. Туристiк сапарлар мен жорықтарды ұйымдастыру кезiнде денсаулықты сақтау және қауiпсiздiк техникасы қамтамасыз етiлсе.
Тарау ii. II. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдiк туристiк сапарларын ұйымдастыру, транзиттi туристерге қызмет көрсету, iшкi туризмнiң барлық түрлерiн ұйымдастыру жөнiнде
II. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдiк туристiк сапарларын ұйымдастыру, транзиттi туристерге қызмет көрсету, iшкi туризмнiң барлық түрлерiн ұйымдастыру жөнiнде
Тармақ 1
1. Арнайы бiлiмi мен туристiк ұйымдарда еңбек стажы 2 жылдан кем емес қызметкерлерi болса.
Тармақ 2
2. Туристiк қызмет көрсетуде әзiрленген туристiк маршруттары мен бағдарламалары болса.
Тармақ 3
3. Туристiк жолдамада ұсынылатын қызметтер тiзбесi болса.
Тармақ 4
4. Туристердi қабылдау үшiн қажеттi жеке меншiк немесе жалға алынған материалды-техникалық базасы:
туристерге қызмет көрсетуге және шетелге жiберуге қажеттi көлiгi;
туристiк объектiлерi (қонақ үйлер, кемпингтер, аңшы, балықшы үйлерi);
туристiк керек-жарақтары;
туристiк ұйымның кеңсесi үшiн үй-жайы болса.
Тармақ 5
5. Шетелдiк туристiк ұйымдармен және Қазақстандағы туристiк объектiлермен шарттары болса.
Тармақ 6
6. Туристердi медициналық сақтандыру және олардың мүлкiн сақтандыру туралы сақтандыру фирмаларымен (компанияларымен) шарттар болса.
Тармақ 7
7. Туристiк сапарлар мен жорықтарды ұйымдастыру кезiнде денсаулықты сақтау және қауiпсiздiк техникасы қамтамасыз етiлсе.
Тарау iii. III. Iшкi туризмнiң барлық түрлерiн ұйымдастыру жөнiнде
III. Iшкi туризмнiң барлық түрлерiн ұйымдастыру жөнiнде
Тармақ 1
1. Арнайы бiлiмi мен туристiк ұйымдарда еңбек стажы 2 жылдан кем емес қызметкерлерi болса.
Тармақ 2
2. Туристiк қызмет көрсетуде әзiрленген туристiк маршруттары мен бағдарламалары болса.
Тармақ 3
3. Туристiк жолдамада ұсынылатын қызметтер тiзбесi болса;
Тармақ 4
4. Туристердi қабылдау үшiн қажеттi жеке меншiк немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы:
туристерге қызмет көрсетуге қажеттi көлiгi;
туристiк ұйымның кеңсесi үшiн үй-жайы;
туристiк объектiлерi (қонақ үйлер, кемпингтер, аңшы, балықшы үйлерi);
туристiк керек-жарақтары болса.
Тармақ 5
5. Туристiк сапарлар мен жорықтарды ұйымдастыру кезiнде денсаулықты сақтау және қауiпсiздiк техникасы қамтамасыз етiлсе.
Тарау iv. IV. Гид-аудармашының, нұсқаушының, әдiскердiң және туристiк топтарды алып жүрушiнiң қызметiн жүзеге асыру жөнiнде
IV. Гид-аудармашының, нұсқаушының, әдiскердiң және туристiк топтарды алып жүрушiнiң қызметiн жүзеге асыру жөнiнде
Тиiстi оқу орнын немесе арнайы курстарды бiтiргенi жөнiнде куәлiгi болса.