Об утверждении Положения об экспорте и импорте промышленных взрывчатых материалов Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өнеркәсiптiк қопарғыш материалдардың экспорты мен импорты туралы Ереженi бекiту жайында 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.07.2002 № 763 қаулысымен. Өнеркәсiптiк қопарғыш материалдардың экспорты мен импортына мемлекеттiк бақылау жасауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Осыған қосылған Өнеркәсiптiк қопарғыш материалдардың экспорты мен импорты туралы Ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. "Қазақстан жолдары" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының "Қазаққопаруөнеркәсiбi" мемлекеттiк мамандандырылған бiрлестiгiне өнеркәсiптiк қопарғыш материалдардың экспорты мен импортына бақылау жасау құқығы берiлсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Қазаққопаруөнеркәсiбi"мемлекеттiк мамандандырылған бiрлестiгiмен бiрлесе отырып, бiр ай мерзiм iшiнде республика аумағында қопару жұмысын жүргiзетiн субъектiлердiң шаруашылық қызметiнiң өнеркәсiптiк қопарғыш материалдардың түсуi, жұмсалуы және олардың қалдығы жөнiндегi есеп беру нысанын әзiрлейтiн болсын.
Тармақ 4
4. "Қазақстан жолдары" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен және басқа мүдделi министрлiктерiмен және ведомстволарымен бiрлесiп бiр айлық мерзiмде осы қаулыдан туындайтын өзгерiстер мен толықтыруларды қолданылып жүрген нормативтi актiлерге енгiзу туралы ұсыныстарды әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне табыс етсiн.
Басқа 5. Өнеркәсiптiк қопарғыш материалдардың экспорты мен импорты туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 11 тамыздағы N 691 қаулысымен бекiтiлген Өнеркәсiптiк қопарғыш материалдардың экспорты мен импорты туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Осы Ереже кәсiпорындардың өнеркәсiп мұқтаждарына пайдаланылатын қопарғыш материалдардың экспорты мен импортының тәртiбiн анықтайды. Ереже осы Ережеге қосымшада көрсетiлген қопарғыш материалдардың тiзбесiне қолданылады.
Тармақ 2
2. Өнеркәсiптiк қопарғыш материалдардың экспорты, қайыра экспорты мен импорты Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi беретiн лицензияларға орай, "Қазақстан жолдары" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының "Қазаққопаруөнеркәсiбi"* мемлекеттiк мамандандырылған бiрлестiгiнiң келiсуi бойынша және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылады. Бұдан былай - "Қазаққопаруөнеркәсiбi" бiрлестiгi.
Тармақ 3
3. "Қазаққопаруөнеркәсiбi" бiрлестiгiне қопарғыш материалдардың номенклатурасы мен мөлшерi ескерiле отырып бас лицензия бөлiнедi.
Тармақ 4
4. "Қазаққопаруөнеркәсiбi" бiрлестiгi қопарғыш материалдардың сәйкестiк сертификаты және субъектiнiң Қопару жұмыстары кезiндегi бiрыңғай қауiпсiздiк ережелерiнiң талаптарын сақтау қамтамасыз етiлуiн ескере отырып, тиiстi қызметтер берген өнеркәсiптiк қопарғыш материалдарды пайдаланып шаруашылық қызметiн атқару құқығын растайтын құжаттар болған жағдайда аталған өнiмнiң экспортына, қайыра экспорты мен импортына арналған лицензиялар берудi келiсiп алады.
Тармақ 5
5. Өнеркәсiптiк қопарғыш материалдардың экспортына, қайыра экспорты мен импортына арналған лицензияларды алған жеке адамдар мен заңды ұйымдар жөнелтiлген қопарғыш материалдардың мерзiмi, олардың мөлшерi және номенклатурасы туралы "Қазаққопаруөнеркәсiбi" бiрлестiгiне мәлiмет табыс етуге тиiс.
Тармақ 6
6. Бұл талаптар бұзылған жағдайда лицензия жойылады, ал кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
Тармақ 7
7. Өнеркәсiптiк қопарғыш материалдардың экспортын, қайыра экспорты мен импортын реттеудiң осы Ереженi қолдануға жатпайтын мәселелерiн мүдделi мемлекеттiк органдардың "Қазаққопаруөнеркәсiбi" бiрлестiгiмен келiскен ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi шешедi.
Басқа 13. Республика кәсiпорындарының өнеркәсiптiк мұқтаждарына пайдаланылатын қопарғыш заттардың, қопару құралдарының және пиротехникалық бұйымдардың ТIЗБЕСI
Қосымша Республика кәсiпорындарының өнеркәсiптiк мұқтаждарына пайдаланылатын қопарғыш заттардың, қопару құралдарының және пиротехникалық бұйымдардың ТIЗБЕСI