Об утверждении Правил создания, лицензирования, регулирования, прекращения деятельности организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесін бекіту туралы Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Лицензиялау департаменті (Жұмабаева З.С.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, Агенттіктің мүдделi бөлiмшелерiне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жiберсiн.
Тармақ 5
5. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М. Досмұқаметовке жүктелсін.
Басқа 9. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесі
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 34 қаулысының 1-қосымшасы Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесі Осы Ереже "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" (бұдан әрі - Банктер туралы Заң), " Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы ", " Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына, сондай-ақ басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) қызметін лицензиялау мен реттеу құзыретіне жататын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату тәртібін айқындайды. 1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - банктік емес ұйым) жекелеген түрлерін құру, қызметін лицензиялау, реттеу және тоқтату тәртібі реттелетін болса, көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің тиісті нормалары қолданылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Банктер туралы заңының 30-бабы 2-тармағының 1), 2), 4) тармақшаларында көзделген банк операцияларын ешбір банктік емес ұйым жүзеге асыра алмайды.
Тармақ 3
3. Банктік емес ұйымға лицензия, екінші деңгейдегі банктер ғана жүзеге асыра алатын банк операцияларын қоспағанда, Банктер туралы заңда көзделген бір немесе бірнеше операцияларды жүргізуге беріледі. Банктік емес ұйым жүзеге асыратын банктік заем операциясы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 30 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3870 тіркелген) көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа банктік операциялармен қоса атқаруға болмайды.
Тармақ 4. 2-тарау. Банктік емес ұйымдарды құру, лицензиялау
4. Банктік емес ұйым филиалдарды немесе өкілдіктерді ашқан (филиалдар немесе өкілдіктердің қызметін тоқтатқан) кезде әділет органдарында есепті тіркеуден өткеннен (филиалдың (өкілдіктің) есебінен шығарғаннан) кейін екі апталық мерзімде банктік емес ұйым уәкілетті ұйымға филиалды немесе өкілдікті ашу (қызметін тоқтату) туралы хабарламаны және филиалды немесе өкілдікті есепке алуды тіркеу туралы (филиалды немесе өкілдікті есепке алуды тіркеу туралы куәлігін жою, есебінен шығару туралы бұйрық) нотариат куәландырған куәлігін ұсынады. 2-тарау. Банктік емес ұйымдарды құру, лицензиялау
Тармақ 5
5. Банктік емес ұйым өз қызметін өндірістік кооперативтен басқа, кез келген ұйымдық-құқықтық нысандарда құрыла және жүзеге асыра алады.
Тармақ 6
6. Банктік емес ұйым құрылтай құжаттары (құжаты) негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылады әрі іс-әрекет етеді.
Тармақ 7
7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, банктік емес ұйым енгізілген өзгерістерді тіркеу туралы әділет органының белгісі бар құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін ұсына отырып, бұл жөнінде уәкілетті органға хабардар етеді.
Тармақ 8
8. Банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензия (бұдан әрі - лицензия) осы Ереженің 1 және 2-қосымшаларына сай нысан бойынша "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген талаптар мен шектеулерді ескере отырып беріледі.
Тармақ 9
9. Лицензияны алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға:
Тармақша 1
1) нысаны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, белгіленген үлгімен жазылған өтініш ;
Тармақша 2
2) заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өту туралы жарғы мен куәлігінің нотариат куәландырған көшірмелерін;
Тармақша 3
3) өтініш берушінің салық органында есепке қою туралы куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесін;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика уәкілетті орган берген, жүйеленген бірегейлендірілген кодты алуын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін;
Тармақша 5
5) банк қызметінің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымды бюджетке төлегенін растайтын құжатты;
Тармақша 6
6) жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерін толық төлегенін (төлем тапсырмасымен, кіріс кассалық ордерлермен) растайтын құжаттар, сондай-ақ бағалы қағаздар шығарылымын (ұйымдық-құқықтық нысанында акционерлік қоғамның заңды тұлғалар үшін) мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін;
Тармақша 7
7) лицензияны алу мақсаты мен қажеттілігін сипаттайтын барлық жоспарланған банктік операциялар бойынша экономикалық негіздемені;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес банктік емес ұйымның операцияларды жүргізудің жалпы талаптары жөніндегі ережені ұсынады;
Тармақша 9
9) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес банктік емес ұйымның бірінші басшысы және бас бухгалтері туралы электронды және қағаз тасымалдаушысында берілетін мәліметтер;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің оң қорытындысы.
Тармақша 11
11) алынып тасталды . Банктік емес ұйымның әрбір түрі бойынша жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерін уәкілетті орган белгілейді және осы сома шегінде тек ақшамен төленуі тиіс (Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен жалғыз құрылтайшысы мемлекет болып табылатын банктік емес ұйымның жарғылық капиталының өзге мөлшері мен қалыптасу тәртібі көзделуі мүмкін жеке жағдайларды қоспағанда). Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде жарғылық капиталының қалыптасуы көзделмеген коммерциялық емес ұйымға жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерін төлеу бойынша талаптар қойылмайды.
Тармақ 10
10. Лицензияны беру туралы өтінішті уәкілетті орган барлық қажетті құжаттарды ұсынған күннен бастап бір ай ішінде қарауы тиіс.
Тармақ 11
11. Банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізуге лицензияны алу үшін жұмыс істеп тұрған банктік емес ұйым мынадай талаптарды орындауы қажет:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган банктік емес ұйым үшін пруденциалдық нормативтерді және сақтауға міндетті өзге нормалар мен лимиттерді белгілеген жағдайда, лицензияны алуға қолданыстағы лицензияға банк операцияларының қосымша түрлерін енгізу туралы өтінішті бергенге және осы өтінішті қарау сәтке дейінгі үш ай ішінде орындау;
Тармақша 2
2) лицензияны беруге өтінішті бергенге дейінгі үш ай ішінде қабылданған шектеулі ықпал ету шараларының және санкцияларының болмауы.
Тармақ 12
12. Банк операциялардың қосымша түрлерін жүргізуге лицензия алу үшін банктік емес ұйым уәкілетті органға осы Ереженің 9-тармағының 1), 5), 7), 8), 10) тармақшаларына сәйкес құжаттарды береді.
Тармақ 13
13. Банктік емес ұйым банктің қосымша операцияларын жүргізуге лицензия берген кезде оған банктік емес ұйым рұқсат берген банк операцияларының барлық тізбесі енгізіледі. Банктік емес ұйымға бұрын берілген лицензия уәкілетті органға қайтарылуға жатады.
Тармақ 14
14. Уәкілетті орган банктің қосымша операцияларын жүргізуге лицензия беру туралы өтінішті осы Ереженің 10-тармағында айқындалған мерзімде қарайды.
Тармақ 15
15. Лицензияны беруден бас тарту Банктер туралы Заңның 26-бабы 2-тармағында және осы Ереженің 11-тармағында белгіленген талаптардың біреуі сәйкес келмеген жағдайда, лицензияны беруге көзделген мерзімдерде жүргізіледі. Өтініш беруші уәкілетті органға осы Ереженің 9, 12-тармақтарында көзделген құжаттардың толық пакетін берген не егер Қазақстан Республикасының заңнама және жарғы талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган өтініш берушіге лицензияны алуға берілген құжаттарды қайтарады.
Тармақ 16
16. Лицензияны беруден бас тартқан немесе құжаттарды қайтарған кезде өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелденген жауап беріледі .
Тармақ 17. 3-тарау. Банктік емес ұйымдардың қызметін реттеу тәртібі
17. Уәкілетті орган берілген, қайта ресімделген, уақытша тоқтатылған және қайтарылған лицензиялардың тізілімін жүргізеді. 3-тарау. Банктік емес ұйымдардың қызметін реттеу тәртібі
Тармақ 18
18. Банктік емес ұйымдар өз қызметін Банктер туралы Заңның 31-бабына сәйкес әзірленген Операцияларды жүргізудің жалпы талаптары туралы ережесі және Ішкі ережесі болған кезде, ал банктік заем операцияларын жүзеге асырған жағдайда, Банктер туралы Заңның 34-бабына сәйкес әзірленген Ішкі кредиттік саясаты туралы ереже болған кезде жүзеге асырады. Банк операцияларды жүргізудің жалпы талаптары туралы ережеде банктік емес ұйым жүзеге асыратын барлық банктік және өзге операциялар жөніндегі мәліметтер мен рәсімдер болуы тиіс.
Тармақ 19. 4-тарау. Қорытынды ережелер
19. Банктік емес ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда, уәкілетті орган оған ықпал етудің шектеулі шараларын және Банктер туралы Заңның 47-бабының а), б) тармақшаларында көзделген санкцияларды қолданады. 4-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 20
20. Банктік емес ұйымдарды қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 21. Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген ұлттық және шетел валютасында банк операцияларын жүргізуге Лицензиясы лицензия N
21. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуі тиіс. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесінің 1-қосымшасы (Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңба бейнесімен бланкіде басылады) Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген ұлттық валютамен банк операциялар жүргізуге Лицензиясы лицензия N ____________________________________________________________ берілді (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ___________________________________________________________________ ұйымының толық атауы) Ұйымның орналасқан жері ____________________________________________ Банк операцияларының рұқсат берілген түрлерінің тізбесі: ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Лицензия Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады. Лицензияның қолданылу мерзімі - мерзімсіз Лицензияны берген орган ____________________________________________ (уәкілетті органның толық атауы) Лицензияның берілген күні - 200__ж. "___" __________ Уәкілетті органның басшысы (басшы орынбасары) __________________________ Мөр орны Алматы қаласы Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесінің 2-қосымшасы (Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңба бейнесімен бланкіде басылады) Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген ұлттық және шетел валютасында банк операцияларын жүргізуге Лицензиясы лицензия N ____________________________________________________________ берілді (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ____________________________________________________________________ ұйымының толық атауы) Ұйымның орналасқан жері ____________________________________________ Банк операцияларының рұқсат берілген түрлерінің тізбесі: ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Лицензия Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады. Лицензияның қолданылу мерзімі - мерзімсіз Лицензияны берген орган ________________________________________ (уәкілетті органның толық атауы) Лицензияның берілген күні - 200__ж. "___" __________ Уәкілетті органның басшысы (басшы орынбасары) _____________________________________ Мөр орны Алматы қаласы Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесінің 3-қосымшасы ____________ | Үміткердің | |   суреті   | |            | |            | |____________| Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымының бірінші басшысы (бас бухгалтері) туралы мәліметтер ____________________________________________________________________ (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымының басшы қызметкерінің қызметі көрсетіледі) ____________________________________________________________________ (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымының атауы) 1. Жалпы мәліметтер: ____________________________________________________________________ Аты-жөні         |__________________________________________________ |__________________________________________________ |(аты-жөні өзгерген жағдайда жеке басын |куәландыратын куәлігіне (төлқұжатына) толық |сәйкестікте олар қашан және қандай себептермен |өзгертілгенін көрсету) _________________|__________________________________________________ Туған күні және  | туған жері       | _________________|__________________________________________________ Тұратын жері     |__________________________________________________ телефон          |__________________________________________________ нөмірлері        |(мекен-жайын, елді-мекен жерінің кодын қоса отырып |жұмыс, үй, байланыс телефон нөмірлерін нақты |көрсету) _________________|__________________________________________________ Азаматтылығы     | _________________|__________________________________________________ Жеке басын       | куәландыратын    | құжаттың         | толық            | деректемелері    | _________________|__________________________________________________ Жақын туысқандарының (ата-анасы, жұбайы, ағасы, апасы, балалары), сондай-ақ өзінің (ағасы, апасы, ата-анасы, ерінің (зайыбының) балалары) туралы мәліметтер: ____________________________________________________________________ N |     Аты-жөні  |   Туған   |   Туыстық    |   Жұмыс орны |               |    жылы   |   қатынасы   |  және лауазымы |               |           |              | __|_______________|___________|______________|_____________________ 1  |               |           |              | ___|_______________|___________|______________|_____________________ 2  |               |           |              | ___|_______________|___________|______________|_____________________ 3  |               |           |              | ___|_______________|___________|______________|_____________________ Заңды тұлғалардың жарғылық капиталдағы тікелей немесе жанама қатысу: ____________________________________________________________________ N |   Атауы және    |    Заңды тұлға қызметінің  | Сіздің қатысу |   мекен-жайы    |      жарғылық түрлері      |  сомасы және |                 |                            |     үлесі __|_________________|____________________________|__________________ 1 |                 |                            | __|_________________|____________________________|__________________ 2 |                 |                            | __|_________________|____________________________|__________________ 3 |                 |                            | __|_________________|____________________________|__________________ 2. Кәсіби деректер: ____________________________________________________________________ Білім беру,             |___________________________________________ оның ішінде             |___________________________________________ жұмысына сәйкес         |___________________________________________ келетін                 |(оқу орнының атауын және мекен жайын, кәсіби білім беру       |факультетін немесе бөлімін, оқу кезеңін, |берілген біліктілігін, білім беру туралы |дипломның деректемелерін көрсету) ________________________|___________________________________________ Қосымша                 |___________________________________________ білім беру,             |___________________________________________ оның ішінде             |(оқу орнының атауын және мекен жайын, ғылыми дәрежесі бар     |оқу кезеңін, білім беру туралы дипломның тұлғалар жұмыс          |деректемелерін, сертификатын, куәлігін істейтін саласында      |көрсету) біліктілігін            | арттыру курстары        | ________________________|___________________________________________ Қаржылық қызмет         |___________________________________________ көрсету саласында       |___________________________________________ жұмыс тәжірибесі        |(қаржы ұйымдарында аудитор, қызметінің |түрлері бойынша бухгалтер қызметінің |айналысында қанша жыл жұмыс істегенін |көрсету) ________________________|___________________________________________ Басшы қызметінде        |___________________________________________ жұмыс тәжірибесі        |___________________________________________ |(бар жұмыс тәжірибесін сипаттау: қызметтік |міндеттерін, кәсіби дағдылары) ________________________|___________________________________________ Бар жетістіктері        | ________________________|___________________________________________ |___________________________________________ |(осы мәселе бойынша ақпарат көрсету, мысалы |ғылыми жарияланымдарының аты, ғылыми |әзірлемелерде, заң жобаларда қатысу және |ж.с.с) ________________________|___________________________________________ Кәсіби ұйымдарында      |___________________________________________ мүшелігі                |___________________________________________ |(осы мәселе бойынша ақпарат көрсету, |мысалы, Аудиторлар, актуарийлер Палатасы) ________________________|___________________________________________ Уәкілетті орган         |___________________________________________ өтініш берушіге         |___________________________________________ (лицензиатқа) берген    |(біліктілік куәлігінің нөмірін және күнін санатына сәйкес         | көрсету) біліктілік куәлігі      | ________________________|___________________________________________ Осы мәселеге            |___________________________________________ қатысы бар              |___________________________________________ басқа ақпарат           |(үміткердің кәсіби құзыретін сипаттайтын | ақпарат көрсетіледі) ________________________|___________________________________________ Еңбек қызметі туралы мәліметтер: ____________________________________________________________________ N  | Жұмыс кезеңі    | Ұйымның атауы, атқаратын қызметі және р/с |                 | қызметтік міндеттері, ұйымның мекен-жайы ____________________________________________________________________ 1   |                 | ____|_________________|_____________________________________________ 2   |                 | ____|_________________|_____________________________________________ 3   |                 | ____|_________________|_____________________________________________ 3. Басқа мәліметтер: ____________________________________________________________________ Экономикалық қызметі саласында жасалған            |   Иә/жоқ қылмыстары, сыбайлас жемқорлық және өзге           | егер Иә болса, мемлекеттік қызметінің және мемлекеттік            | онда жауап- басқармасының мүдделеріне қарсы                    | кершілікке қылмыстары үшін заңда белгіленген тәртіппен        | тарту туралы өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығының болуы  | шешімнің күні | және нөмірі, | Кодекстің бабы ___________________________________________________|________________ Қазақстан Республикасының заңнамасын               |Иә/жоқ, егер бұзғанына қызметтік міндеттерін орындамағаны үшін  |"Иә", онда қадағалау органдарының шеттету туралы деректердің  | ықпал ету болуы                                              |шараларын кім |қолдаған, күні ___________________________________________________|________________ Банкрот деп танылған не оған қатысты лицензияны    | Ұйымның атауы, қайтарып алу туралы, мәжбүрлеп тарату,             | лауазымы, консервациясы, акцияларды мәжбүрлеп сатып алу      | жұмыс кезеңі туралы шешім қабылданған қаржы ұйымының            | бұрын басшы қызметкері болып табылды               | ___________________________________________________|________________ Жауапкер ретінде, қаржы ұйымының басшысы           |________________ ретінде қаржылық қызмет көрсету мәселелері         |________________ бойынша соттың істі қарау барысында                |(соттың істі тартылды ма                                        |қарау барысында |жауапкер |ұйымының атауын, |күнін, |қарастырылатын |шешімін және |сот шешімін |көрсету) ___________________________________________________|________________ Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат              |________________ |________________ |(еркін |көрсетіледі) ___________________________________________________|________________ Мен (қаржы ұйымының бірінші басшысының (бас бухгалтерінің) аты-жөні), ________________________, осы ақпаратты мұқият тексергендігімді және оның дұрыс әрі толық екенін растаймын. (қолы, күні)
Басқа 44. Күші жойылған деп танылған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 34 қаулысының 2-қосымшасы Күші жойылған деп танылған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 445 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2644 тіркелген, 2004 жылғы 20 қаңтарда "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2644 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 445 қаулысымен бекітілген Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін құру, лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесінің 6-тармағының қолданылуын тоқтата тұру туралы" 2004 жылғы 12 шілдедегі N 207 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 20920 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге мемлекеттік органдарының Нормативтік құқықтық актілері N 41-44 бюллетенінде, 2004 ж., 1046 бетте жарияланған).
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 445 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 354 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 25727 тіркелген, "Заң газеті" N 230-231 газетінде, 2005 жылғы 9 желтоқсанда жарияланған).